Экономика • 14 Шілде, 2022
Жеңіл өнеркәсіптің жолы жеңіл болмай тұр
Шымкент облыс орталығы болып тұрған кезде мақта кластерін дамыту мақсатында ірі жобалар қолға алынып, мақта өңдеуші зауыттар салынған еді. Алайда шикізат өз өңірімізде болғанымен жеңіл өнеркәсіп алға жылжып кете алмады. Бүгінде кәсіпорындар тек арнайы киімдерді тапсырыспен тігуден әрі аса алмауда.
Әлем • 14 Шілде, 2022
Әскери одақ Таяу Шығысты алаңдатып отыр
Таяу Шығыста НАТО-ға ұқсас әскери одақ құру идеясы тағы да күн тәртібіне шықты. Бұл одақты құрудағы негізгі мақсат – ДАИШ, Әл-Қаида және Ираннан туындайтын қауіппен күрес. Аталған әскери одаққа Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің әріптестік кеңесіне мүше 6 мемлекет –Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Оман, Қатар, Бахрейн және Египет пен Иорданияны қамту жоспарланған.
Қазақстан • 14 Шілде, 2022
Ономастика – түрлі ғылымдардың басын тоғыстыратын сала. Бір атаумен аталғаны болмаса, оның ішінде тіл, мәдениет, тарих, этнография, антропология, әлеуметтану, география, астрономия, зоология т.б. ғылымдардың мәселелері үнемі қатар жүреді. Бейнелі сөзбен айтсақ, тоғыз жолды тоғыстырып тұрған торап. Бұл салаға маманданған зерттеушілер көбіне солардың бірінің есігін ашып, әрі қарай ішкі мазмұнына тереңдеп кете береді.
Қоғам • 14 Шілде, 2022
Сақтасаң салтын, сыйлайды халқың
«Egemen Qazaqstan» газетінде биылғы 21 сәуірде жарияланған Ақұштап Бақтыгерееваның «Жүрегім ауырады» деген мақаласын оқығаннан кейін қарт ана ретінде қолыма қалам алғанды жөн көрдім. Маған ақынның жүрек толғанысын жеріне жеткізе жазғаны ұнады. Мені де қазіргі кезде жастардың, әсіресе қыз балалардың жүріс-тұрысы, киім киісі, сөз саптау мәнерлері қатты ойландырады.
Қазақстан • 13 Шілде, 2022
Өңірлік рәміздер – мемлекет біртұтастығының негізі
Мемлекеттік рәміздерден кейін аталатын өңірлік рәміздер Жаңа Қазақстан бірегейлігін нығайтудың негізгі факторы саналады. Аумақтық, этностық, тілдік, конфессиялық қауымдастықтарды біріктіріп, азаматтардың патриоттық санасын қалыптастыратын әлеуетке ие өңірлік рәміздер – Қазақстанның аумақтық-әкімшілік бірліктерін тарихи-географиялық, этнографиялық жағынан сәйкестендіруді оңтайландыратын идеологиялық құрал. Ауыл, кент, ауылдық округ, қала ішіндегі аудан, қала, облыс және республикалық мәртебеге ие қалалардың гербтері, тулары, гимндері өңірлік рәміздерге жатады. Алайда олардың стилистикасы, көркемдік және семантикалық мазмұны мемлекеттік саясат пен ұлттық құндылықтардың басымдықтарын көрсететін жалпы элементтерден тұрмайды.
Қоғам • 13 Шілде, 2022
Болашақ маман бесаспап болуы керек
Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Киберқылмыспен киберзаңгер күресуге тиіс» атты мақалада қазіргі күннің өте өзекті мәселесі – құқық саласы мамандарының киберкеңістіктегі сауаттылығы қозғалған екен. Осыған орай өз ойымды қоспақпын.
Әдебиет • 13 Шілде, 2022
«Түркістан солай туған» қалай жазылды?
Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің тың игеру тақырыбына қалам тербеген ерекше бір дүниесі – «Түркістан солай туған» очеркі. Ел экономикасы мен өміріне өзгеріс әкелген сол айтулы кезеңді қаламгер осы шығармасы арқылы қиындыққа толы алғашқы жылдар туралы ерекше көркем әрі нақты деректермен бейнелеп берді.
Қоғам • 13 Шілде, 2022
Танымдық хабарлар көп болса екен
Баршаға белгілі, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісінде бұқаралық ақпарат құралдары елеулі рөл атқарады. Осы таяуда ғана Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында «Qazaq radiocy» радиостансасы мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы басшыларының Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарымен марапатталуы жоғарыдағы сөзімізге дәлел бола алады.
Қоғам • 13 Шілде, 2022
1997 жылы Семей облысы Шығыс Қазақстан облысына қосылғанда, семейліктердің жандары жүдеп, жабырқап, тоқырағандай күй кешіп еді. Әрі сол жылдар халықтың да жағдайының әлсіреген тұсы, айдалада қаңырап қалғандай абыржып, қосылған облысқа жатырқай қарай жүріп, бірте-бірте үйреніскен-тін.
Саясат • 13 Шілде, 2022
Сенаторлар аймақ тұрғындарымен кездесті
Парламент депутаттары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құрудағы бастамаларын халық арасында түсіндіру мақсатында еліміздің елді мекендерінде жүргені белгілі. Төменде бір топ сенатордың кездесулері туралы ақпараттарды ұсынып отырмыз.