Қазақстан • 08 Шілде, 2022
Қарағанды облысындағы «Астана» өңірлік қолбасшылығының полигонында республикалық және өңірлік БАҚ журналистеріне, сондай-ақ блогерлерге арналған «Әскери дискурс. Спасск-2022» оқу-практикалық семинары өтті.
Қоғам • 08 Шілде, 2022
20 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Ақтөбе облысында мемлекет меншігіне 20 мың гектардан астам жайылымдық жер қайтарылды. Бұл туралы Қобда ауданында өткен Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысында айтылды.
Пікір • 08 Шілде, 2022
Транзиттің жаңа бағыттары өзін ақтайды
Өзгеріс уақыты. Әлем өзгеріп жатыр. Экономикалық заңдылықтар да, шарттар да, бағыттар да өзгеруде. Не біз сол әлеммен бірге өзгереміз, не қиындықтармен бетпе-бет келеміз.
Пікір • 08 Шілде, 2022
Әр қадамды ойлап жасаған абзал
Мұнай – Қазақстан экономикасының «бел омыртқасы». Оны сындырып алсақ, мұнай-газ секторы ғана емес, тұтас елдің экономикасы зардап шегеді. Біздің экспортқа бағдарланған мұнайдың бәрі Каспий құбыр консорциумы арқылы өтеді. Сондықтан бұл мәселені жедел түрде оңтайлы шеше алмасақ, оның зардабын елдегі 19 миллион халықтың бәрі сезінетін болады.
Қазақстан • 07 Шілде, 2022
«Адамда сыр болмайды айтылмайтын»
1998 жыл еді. Сол кезде Камал Смайыловтың көзі тірі болатын. Киіктің асығындай ғана шап-шағын денесіне туабітті талант қуаты мен телегей теңіз білімдарлығы ылғи да кемерлеп, кейде арнасынан асып-төгіліп тұратын секілді көрінетін. Ұлттық кітапхананың үшінші қабатына көтерілсем, Камал Сейітжанұлы бұрын-соңды мен атын естіп көрмеген әлдебір кітаптарды ақтарып, қойын кітапшасына бірдеңелерді түртіп алып отыр екен. Шамасы, келесі бір жаңа мақаласына немесе зерттеу жұмыстарына керекті дүниелер. Біз әңгімемізді Кәмекеңнің қонақжай шаңырағының төргі бөлмесінде жалғастырдық. Жұбайы Надля апайымыз біз отырған бөлмеге кіріп-шығып, әңгімемізге де құлақ түріп, қасымызда жүгіріп жүрген немересі Әсияны әлсін-әлі тыныштыққа шақырып қояды. Мен диктофонды қосып, алдын-ала дайындап әкелген сұрақтарымды қоя бастадым.
Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Шілде, 2022
Тіл туралы ұғымның ауқымы өте кең. Адам бар жерде оның тілі болады, яғни қандай да бір ұлт бар жерде тіл пайда болады. Сол ұлтпен бірге өмір сүреді. Егер ана тіл жоғалса, онда біртіндеп ұлт та жоғалады. Сондықтан ұлт ретінде қоғамдағы орныңды анықтау үшін туған тіліңнің өміршеңдігін кез келген ортаға мойындата білуге міндеттісің. Ал ұлттық тіл мен оның әдебиеті туралы сөз қозғағанда, тіл төңірегіндегі түрлі таласты әңгімелердің туындауы заңдылық.
Экология • 07 Шілде, 2022
Қазақстанның байтақ алқабының басым бөлігі – ылғалы жетімсіз, шөліркеген құрғақ өлке. Тек терістікке қарай жауын-шашын біршама (350-420 мм) артып, соған сәйкес қара, күлгін топырақты, астықты қазынасына айналған. Әйтсе де табиғат елдің шығысы мен түстігінен әсем Алтай, Жоңғар, Тянь-Шань (Іле, Талас шыңдары) Алатау таулармен көмкеріп, әрі қарай Памир-Алтай тауларымен жалғасып Орталық Азияның таулар жүйесін құрайды.
Елорда • 07 Шілде, 2022
Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді
Кеше Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Шілде, 2022
Ақтөбеде жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Шілде, 2022
Шымкентте тағы бір аудан құрылады
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар «Шымкентте бесінші аудан құру туралы» ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.