Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21589 материал табылды

Білім • 20 Маусым, 2022

ҚазҰУ-ға QS WUR сертификаты табысталды

Биылғы 8 маусымда жарияланған QS WUR жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 150-орынға ие болды. Осыған орай, білім ордасындағы Әл-Фараби кітапханасында университетке QS рейтингінің сертификатын салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Пікір • 20 Маусым, 2022

Қоғам кеселден арылуы керек

Тәуелсіз Қазақстан 30 жылдың ішінде еңселі мемлекетке айналды. Әлемдік қоғамдастықта абырой мен беделге ие. Халқымыз «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деп бекер айтпаған. Бүгінгі таңда қоғам жаңа серпіліс үстінде. Жетістігіміз ешқайда кетпейді. Ал кемшіліктерімізді түзететін уақыт жетті. Елдің дамуын тежейтін қандай залалдардан арылуымыз керек? Осы сұрақтар әрбір азаматты алаңдататыны анық.

Пікір • 20 Маусым, 2022

Жауапкершілік жүгі жеңіл емес

Ұлытау төрінде өткен Ұлттық құрылтай жиынында сөз болған өзекті тақырыптар көп. Сол себепті де халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрген елдің айтулы азаматтары ақылдасар келелі кеңес құрар ашық алаңға айналатын Ұлттық құрылтайдың көтерер жүгі жеңіл болмақ емес.

Қазақстан • 20 Маусым, 2022

Басты ұстаным – елге адал қызмет ету

Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік қызметшінің болмысы қандай болуға тиіс? Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйытқы болуымен өткен пікір алмасу алаңында сарапшылар осы сұраққа жауап іздеді.

Ахмет Байтұрсынұлы • 19 Маусым, 2022

Естеліктер айшықтаған алып тұлға

Отаршылдыққа қарсы ояну дәуі­рінің рухани бағытын, саяси ұстынын айқындаған тумы­сы бөлек реформаторлар шоғы­рындағы ұлық тұлға Ахмет Бай­тұрсынұлының ғылыми-шығармашылық және күрескерлік ғұмырының бел-белестерін тануда түрлі мазмұндағы естеліктердің маңызы асқарлы. Тоталитаризм қиянатына ұшыраған туған-туысқандары мен мұрагерлері, толассыз қудалаулардан аман қалған бірлі-жарым мұраттастары, ұстаздық тәлім-тәрбиесін алған ізбасар шәкірттері, өмір ағымының түрлі ағыстары тоғыстырған көзкөргендердің жазбалары саф қасиетке ие.

Қазақстан • 19 Маусым, 2022

Кәсіби көшбасшы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – еліміздің руханият ордасы, ғылым, білім мен ақпарат кеңістігінің орталығы ретінде көпке танымал. Алматылықтар ғана емес, алыс-жақыннан келген ғалымдар, мыңдаған оқырман қауым бас қосатын кітапхана талай ғасырлардың куәгерлеріндей ұлттық құндылықтарды өз қорында сақтап, өскелең ұрпақтың қажетіне жаратуда. Өзінің саналы ғұмырын осындай оқу мен білім ордасында жұмыс істеуге арнап, қазір осы іргелі мекеменің директоры қызметін атқарып отырған еліміздегі бас кітапханашылардың бірі – Бақытжамал Оспанова. Біз қадірлі әріптесімізді кітапхана ісінің ақпараттық, ғылыми-әдістемелік орталығы – Ұлттық кітапханасының басшысы ретінде ғана емес, еңбек жолын қатардағы кітапханашылықтан бастаған және 40 жылдан астам осы салада еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген қайраткер ұстаз ретінде де құрмет тұтамыз.

Қазақстан • 19 Маусым, 2022

Ұлытаудың тарихи сәулесі

Ұлытауда ел егемендігі мен тәуелсіздігінің тұғырын жаңаша биіктету мақсатымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы өтті. Ауқымды жиыннан жұрттың күткені де аз емес еді. «Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?» деген жалпыелдік сұраққа Мемлекет басшысы түпкілікті саяси мақсат пен міндеттердің стратегиялық бағыт-бағдарын тереңінен қозғап, жан-жақты жауап берді.

Әдебиет • 19 Маусым, 2022

Ұлттың жаны да, жады да – әдебиет

Жасыратын несі бар, «Қазақ қаламгері қашан Нобель алады?», «Ұлттық әдебиетіміздің қазіргі деңгейі қандай?», «Қазақша аударманың халі нешік?» деген сұрақтар көбіміздің көкейімізде жүргені рас. Қазақ зиялыларының ықпалы қашан артады, олар ұлт санасына, қоғам ойына қалай әсер етеді деп те жиі ойлайтынымыз анық. Әрине, бұл сауалдарды әр қырынан қарастырып, оған түрлі жауап іздей беруге болады. Кейбір сұраққа жауап табармыз, кей тұста үнсіз қалуымыз мүмкін. Бірақ бір айнымас дүние бар – біздің ұлтымыз жалғыз, зиялыларымыз санаулы-ақ. Сол үшін ұлтымызды ұлықтап, зиялыларымызды алақанға салып, құрмет тұтуға тиіспіз.

Қазақстан • 19 Маусым, 2022

Маңызды міндеттерді бірге атқара береміз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өз Жолдауында ел тағдырын айқындайтын кешенді реформаларды ұсынған еді.

Қоғам • 17 Маусым, 2022

ДДҰ маймыл шешегіне қатысты төтенше комитет отырысын өткізеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) маймыл шешегінің әлем халқының денсаулығына қаншалықты әсер ететінін бағалау үшін келесі аптада төтенше комитет отырысын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.