Пікір • 05 Қыркүйек, 2023
Стратегиялық бағыттың жаңа ережелері
Биылғы Жолдаудың мәні мен мазмұны Президент реформаларының логикасына толықтай сәйкес. Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, саясат және идеология салаларын бір-бірінен бөлмей реформалауға негізделген стратегиялық бағытты жүйелі түрде іске асырып келеді.
Таным • 05 Қыркүйек, 2023
Ахмет Байтұрсынұлы және Қостанай педагогика сыныбы
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 1895-1909 жылдар аралығында ауылдық мектептерде атқарған ұстаздық қызметінде ерекше орын алатын уақыттың бірі – Қостанай кезеңі. Бұл – бас-аяғы екі жылдай мерзім. Шамамен, 1900-1902 жылдар аралығы. Аталған жылдары А.Байтұрсынұлы Меңдіқара болысындағы Орынбаев ауылдық мектебінде мұғалім және Қостанай қаласындағы педагогика сыныбында ұстаздық жасады. Қостанай қаласында Торғай облысы халық мектептерінің инспекторы А.Е.Алекторовпен тамыр-таныстық орнатады. Бұл тамырлық оның өмір жолын Омбы қаласында жалғастыруға сеп болады.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2023
Тілді қазіргі және тарихи кезеңде зерттеу сияқты тіл білімінің классикалық міндеттерінен бөлек Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қазақ қоғамының тілтанымдық санасын көтеруге, тіл және сөз мәдениетін арттыруға арналған іргелі зерттеулер жүргізіп келеді.
Пікір • 05 Қыркүйек, 2023
Қазақстан әлемге не бере алады? Меніңше, шамамен өзіміз қатарлас елдерге қолда бар IT-өнімдер ұсынуға мүмкіндік бар. Қазір көлік жолдарын бақылау, қаржы және мемлекеттік қызметті цифрлау бағыттарындағы тәжірибеміз дайын өнім ретінде қалыптасты. Олардың кейбірі жапсарлас елдерге енгізіліп те жатыр.
ЖОЛДАУ • 05 Қыркүйек, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ең көп маңыз берілген су мәселесі болды. Мемлекет басшысы еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатқанын, су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұрғанын және аталған олқылықтың орнын толтыру үшін шұғыл шаралар қажет екенін айтты. Осыған орай, су мәселесін безбендеп көрген едік.
Инфографика • 05 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық деңгейі
Кейінгі уақыттағы геосаяси, климаттық, қаржы-экономикалық катаклизмдер ішкі күн тәртібін біршама шетке ысырып тастағаны белгілі. Соның салдарынан қоғамда ертеңгі күнге деген алаңдаушылық күшейіп, азаматтардың әлеуметтік оптимизмі бәсеңдей бастады. Түрлі қаңқу сөзге, инсинуацияға толы ақпараттар тасқыны да халықты шаршатты десе болады.
Білім • 04 Қыркүйек, 2023
Жаңа оқу жылында көптеген өңір үшін қала мен ауыл арасындағы білім беру мүмкіндіктерін теңестіру мәселесі ерекше маңызды болып отыр. Бұл тұрғыда Ақтөбе облысының өзіндік моделі қалыптасқан.
Пікір • 04 Қыркүйек, 2023
Қорғаныс өнеркәсібін нығайту мүмкіндігі
Геосаяси ахуал құбылып тұрғанда Мемлекет басшысының қорғаныс өнеркәсібіне назар аударғаны жақсы болды. Жолдауда бұл мәселенің айтылуы бірден назарымды аударды. Қысқаша айтсақ, Президент қорғаныс өнеркәсібі кешенін жан-жақты нығайтуды тапсырды. Импортқа тәуелділікті азайтуға септігі тиетіндей етіп өнеркәсіпті локолизациялау да айтылды.
Пікір • 04 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді. Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде бүгінде халықты әбігерге салған мектеп, су, газ, энергия көздерінің қолға алу мәселелері бар.
Пікір • 04 Қыркүйек, 2023
Динара Сәдуақасова: Президент әрбір Жолдауында өскелең ұрпақты тыс қалдырмайды
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы ретінде мен әрқашан балалар мен жастарға қатысты жайттарға назар аударамын. Жалпы, Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында біздің өскелең ұрпақты міндетті түрде атап өтеді, биылғы Жолдауда да тыс қалдырмады.