Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Пікір • 08 Сәуір, 2022

Жаңа кезеңге қарай батыл қадам

Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Халық осыны күтіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, барлық саладағы тоқырау тығырыққа тіреді. Жалпы, мемлекеттің саяси-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды.

Пікір • 08 Сәуір, 2022

Ел дамуындағы маңызды реформалар бастауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 16 наурызда сөйлеген сөзі Қазақстанның саяси жүйесіндегі елеулі өзгерістерді айқын көрсетіп, оның ел дамуы үшін маңызды реформаларға бағытталғанын растады.

Пікір • 08 Сәуір, 2022

Ономастикалық атаулар қайта жаңғырады

Шындығын айтсақ, көптен бергі көкейімізде кілкіп жүрген сұрақтарға Президенттің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауынан жауап таптық.

Пікір • 08 Сәуір, 2022

Еуразиядағы көпір бола алады

Қазақстан соңғы екі жылда жүргізілген реформаларды жеделдете отырып және қаңтардағы қайғылы оқиғаны ескеріп, жаңа бағытты ұстануға ниетті екенін анық көрсетті. Реформалар процесі барлық деңгейде, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси салада жүргізілуге тиіс, өйткені қаңтардағы тәртіпсіздіктер жүйе дағдарысы терең екенін көрсетті.

Әдебиет • 07 Сәуір, 2022

Мұхаңның «Оқулығы» мен «Жеткіншегі»

Ұлы Мұхтар Әуезовтің балалар әдебиетіне қатысты көркем туындылары бар ма, бар болса олар қайсысы деген мәселеге келген кезде, әдебиеттанушы қауымның ойлары көбінесе бір жерден тоғысады. Оның нақты дәлелі – мектеп оқулықтарына, хрестоматиялар мен балаларға арналған жинақтарға енгізіліп келген жекелеген шығармалары. Атап айтқанда, бірінші кезекте «Көксерек» повесі болса, одан кейінгі кезекте «Бүркітші», «Жетім» және бірер санаулы әңгімелері аталады. Әдебиет зерттеушілерімен бірге педагог ғалымдар да бұл айтылған шығармаларды Мұхтар Әуезовтің балаларға лайықты дүниелері деп тұжырымдауға бейім.

Тарих • 07 Сәуір, 2022

Кейкінің қазасы

Биыл 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісі қаһармандарының бірі Кейкі Көкембайұлының қайтыс болғанына жүз жыл толып отыр. Халқының азаттығы үшін күресіп, сол жолда құрбан болған батырдың ақтық демі де қапылыста үзілді.

Тарих • 07 Сәуір, 2022

Адал еңбек ер атандырады

Президент Қ.Тоқаевтың «Жал­пы, бәріміз еңбекқор­лық­тың, біліктіліктің идеоло­гиясын көтеруіміз керек. Ұлты­мыз дүние жүзінде, ең алдымен, еңбекқор, жұмысқа адал ұлт ретінде мо­йын­далатын болса, бұл эконо­микамызға оң әсер етеді. Масыл­дықтан, жалқаулықтан алшақ болуымыз қажет» деген келелі пікірінде үлкен мән-мағына бар.

Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Адамды қайта тәрбиелеуге бола ма?

Иә, адамды қайта тәрбиелеуге бола ма? Заманынан озып туған, Ұлы, ақылман ақын Абай қайта тәрбиелеуге болады дейді.

Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Пайыз сөзінен бас тартпағанымыз жөн

Қазақ тілі – көз жетпес көне, ықылым заманнан дамып, жетіліп келе жатқан, әлемдегі бай да әсем тілдердің бірі. Қазақ тілі сөздік қорының жылдан-жылға молайғанына, халықтың байырғы сөздері кең қолданыла бастағанына еліміздің әр ұлтжанды азаматы қуанатыны хақ.

Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Газет – адамға ауадай қажет құндылық

Жүзжылдық тарихы бар жалпыұлттық республикалық газет – «Егемен Қазақстанның» байырғы оқырмандарының бірімін. Әр санын асыға күтіп, татымды дүниелерді тұщынып оқитынымыз бар. Әр жылдардағы газет тігінділері де мен үшін баға жетпес қымбат қазына. Әлі күнге дейін үйімнің төрінде тұр.