Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Қоғам • 12 Сәуір, 2022

Көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінеді

Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржыландыруды жалғастыруда. Бұған дейін жоспарланған 70 миллиард теңгеге қосымша тағы 70 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 12 Сәуір, 2022

SportFEST Kazakhstan мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

Қазақстанда 7 мыңнан астам оқушы SportFEST Kazakhstan III республикалық спартакиадасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус • 12 Сәуір, 2022

Еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта тұр

2022 жылдың 12 сәуіріне арналған Қазақстан аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Коронавирус • 12 Сәуір, 2022

Бір тәулік ішінде 11 адам коронавирус жұқтырды

COVID-19 елдің үш аймағында анықталды. Өткен тәулікпен салыстырғанда инфекцияны жұқтырғандар саны бір адамға кем, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пікір • 12 Сәуір, 2022

Мүмкіндік

Заман – ауыр. Алда не боларын, тайға таңба басқандай кім айтпақ?! Әркімді заман сүйреп жүр. Қиыны сол, сол заманды кім билемек?! Заманды билей алатын тұлға бар ма?! Ауыр сауал. «Тұлға» деп кезінде тамсандырғандар, уақыт тезіне шыдамай, санадан шығып қалуда.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

TazaLike Шымкенттегі акциядан бастау алды

Шымкентте Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов медицина қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партияның қалалық активімен бірқатар кездесу өткізді. Сондай-ақ ол қаладағы дендрологиялық саябақта жастар қанатының белсенділерімен бірге TazaLike жобасының алғашқы іс-шарасын өткізді.

Қазақстан • 12 Сәуір, 2022

Сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров саяси партиялар, ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, блогерлер және өңірдегі сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті, деп хабарлады ОСК-нің баспасөз қызметі.

Қазақстан • 11 Сәуір, 2022

Абыройлы азамат

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Мәскеуден Қазақстанға келіп, атамекендегі алғашқы қызметтік жолымды бұрынғы Торғай облысында бас­тадым. Осы тарихи өңірде еңбек етіп жүргенде, елге тіреу болған мықты азаматтармен таныстым. Соның бірі, осы өлкенің перзенті – Аманкелді Садырбеков. Содан бері қырық жылға жуық уақыт өтсе де, Әбекең екеуміздің сол кезден басталған таныстығымыз сыйластыққа, сыйластығымыз достыққа айналды.

Қазақстан • 11 Сәуір, 2022

Асау ауыздықтаған ару

Ева Жигалинаның есімі әлеуметтік желіде кеңінен таралған. Орыс халқының этностық тобына жататын «казак» қызының аттың құлағында ойнауы кімді болсын таңғалдыратыны анық. Қаскелеңдік Еваның жылқыларға деген жақындығы балалық шағынан басталған. Бүгінде ол көкпарға қатысып, асау жылқыларды үйретумен айналысады. Осындай қабілетінің арқасында белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильміне түсіп, амазонкалардың рөлін сомдаған. Әр ұлттың өзінде жазылмаған заңы бар десек, соның бірі – қазақ халқының көкпар ойыны­на әйелдерді араластырмауы. Дегенмен бұл қағиданы қарасайлық көкпаршы қыз жоққа шығарып, талай жігітті өзінің шаңына ілестірмеген кездері болған. Бұл оның ұлттық спортқа, өнерге деген қызығушылығы, құрметі деп түсіндік.

Әдебиет • 11 Сәуір, 2022

Бұл жындыхана туралы шығарма емес

Америка жазушы­сы Кен Кизидің «Кө­кек­­тің ұясы» романы түп­нұсқадан қа­зақ тіліне аудары­лып, оқырманға жол тартты. Отыз­дан ас­там тілге ауда­рыл­ған, кинолар желі­сіне, сахналық қойы­лымдар формасында бейнеленген шы­ғар­ма – әлемдік клас­сикадағы ең жақсы психологиялық ро­ман­ның бірі.