Қазақстан • 16 Тамыз, 2022
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Бір уақытта республикалық 5 бірдей басылымның шығуына қол қойған кәсіби редакторды білесіз бе? Ол – әскери журналист-публицист, гвардия майоры Омарғали Құдышев. Бүгінде республикалық бірқатар газет-журналдың құрылуына еңбек сіңірген азамат туралы өкінішке қарай, көп айтыла бермейді. Омарғали Құдышев Қытайдағы Шыңжаң қазақтарының өмірі туралы «Жаңа өмір» журналын шығарған, «Үгітші блокноты», «Қазақстан мұғалімі» басылымдарының бастауында тұрған, «Социалистік Қазақстан» газетінде еңбек еткен. Бүгінде еліміздегі бірқатар баспасөз қайраткері – осы тұлғаның шарапатын сезініп, тәлімін көргендер. Біз бүгінгі мақаламызда О.Құдышевтың Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы ретінде қызмет еткен 1956-1962 жылдардағы еңбегі туралы зерделеп көрмекпіз. Өзінің айтуынша, оның өмірінің жарқын сәттері Кереку өңірінде өткен.
Руханият • 16 Тамыз, 2022
Ақын Зейнолла Шүкіров сегіз жасында асay тайлақтан құлап, жұлынына зақым келіп, сал ауруына ұшырап, екі аяғын баса алмайтын болып қалады.
Қоғам • 16 Тамыз, 2022
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Бүгінде патшалық Ресейдің отарлық езгісін, қылышынан қан тамған кеңестік заманның тоталитарлық белгісін еске түсіретін, тәуелсіздігіміздің ешқандай өлшемдерімен қабыспайтын елді мекендер, жер-су, көше аттары өңірде жарты мыңға жуық. Демек идеологиялық тұрғыдан ескі атауларды алмастыру, бұрынғы тарихи атауларды қайтару ұлттық мүдде талабы деген сөз.
Президент • 16 Тамыз, 2022
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Тамыз, 2022
Төрткүл дүние мойындаған интеллектуалды ойындардың ең жауһары – шахмат. Әпсаналар бұл ойынды адамзат арасында соғыс болмасын, бар кикілжің осы шаршы тақта үстінде шешілсін деген арзу арманмен даналар шығарды деседі. Қазіргі дүниежүзілік саяси хал-ахуал ушығып тұрған заманда адамдар мәселені қарумен емес, шахмат тақтасы үстінде шеше алса дейсің, шіркін!
Өнер • 15 Тамыз, 2022
Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені қорында қос жазушының кітаптары, қолжазбалары, қойын дәптерлері, хаттары, фотосуреттері, тұтынған заттары, сыйлық заттар, қолөнер туындылары көп сақталған. Сондай жәдігердің бірі – Ғ.Мүсіреповтің күріштен жасалып, бояумен әрленген портреті.
Қоғам • 15 Тамыз, 2022
Елордада ғалым Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығына орай әдеби жиын өтті
Елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Халықаралық жоғары мектептер ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлының туғанына 95 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2022
Интернет арқылы аса ірі көлемде есірткі сатқан 25 жастағы павлодарлық сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Тарих • 14 Тамыз, 2022
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Бүкіл Қазақстанды қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің зұлматты жалыны Оңтүстікті, оның ішінде Мырзашөл-Шардара өңірін де айналып өтпегені архив деректерінен белгілі. Бұл жылдары Мырзашөл-Шардара аймағы «Бетпақ дала» (Голодная степь) деп аталып, Түркістан өлкесіне қарасты Жызақ уезінің құрамына енген екен.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2022
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қай заманға тап келдік. Аң мен құстан айырылған Сарыарқа тіршілік иесінің дыбысы естілмейтін өлі өлкеге айналып бара жатыр. Осыдан үш жыл бұрын Қарқаралы, онан әрі Егіндібұлақ, Боқты жаққа жол түскен еді, қанша зер салсақ та қолбаңдап ұшқан бір құсты көре алмай дал болдық. Бұл қалай деп сұрағанымызда сол жақтың бір азаматы иығын көтеріп, «мен қайдан білейін» дегенді білдірген. Енді, міне, Сарыарқаның сауырлы өлкесінің бірі Шет ауданы көрші Ақтоғай, Жаңаарқа аудандарының біраз жерін аралап, «бұл қалайға» тап болдық. Қазақтың Ұлытауында да осыған жақын жағдай.