Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Әлем • 04 Тамыз, 2021

Тәжікстан әскерін тік тұрғызды

Өткен аптада Тәжікстан 30 жылдық тарихында болмаған әскери дабылмен 100 мың тұрақты және 130 мың запастағы сарбаздарын аяқтарынан тік тұрғызды. Үш мыңға жуық техника тартылған бұл іс-шара шартты түрде «Шекара – 2021» деп аталып, бір күнде аяқталды. 

Руханият • 04 Тамыз, 2021

Таулардың достығы

(Манасшы Саяқбай Қаралаев пен жазушы Мұхтар Әуезовтің достығы жайында бірер сөз)

Таным • 04 Тамыз, 2021

Байырғы викингтер: Руникалық әліппелер ұқсастығы нені білдіреді?

Ресейдің әйгілі түрколог ғалымы Д.Д.Ва­сильевтің «Графический фонд па­мят­ников тюркской рунической пись­мен­ности азиятского ареала» (Из­да­­тельство «Наука». Москва, 1983) ең­­бегі түр­кітілдес халықтардың тіл­де­рі мен та­рихын және олардың жазу мә­де­­­ниетін зерттеуде таптырмайтын де­рек көзі болып саналады. Бұл құн­ды ең­бегін жазбас бұрын ғалым ұзақ жыл­дар бойы экспедицияларға шы­ғып, байырғы түркі руникалық жазу үлгі­лерінің нұсқаларымен көзбе-көз таны­сып, олардың көшірмелерін жасау­дың нәтижесінде Енисей өзе­нінің бо­йындағы руникалық жазу ескерт­кіш­терінің корпусын толық қалыптас­тыр­ғанын айта кеткен абзал.

Руханият • 04 Тамыз, 2021

Қайраткер Хайретдин

Бүгінгі біраз замандасыма, әсіресе жастарға «азаттық» ұғымы көп сөздің бірі болып көрінетініне қайран қаламын. Тәуелсіздік жылдары Атбасар, Ақмола, Қарағанды, Шахтинск қала-кенттерінде түрлі жауапты қызметтер атқарып жүріп, мынандай ащы шындыққа куә болдым.

Қоғам • 04 Тамыз, 2021

Ұлттық мүддеге жұмыс істейтін уақыт келді

Мемлекеттік этносаясат, оның ішінде этносаралық қарым-қатынас – өте нәзік те күрделі сала. Демек бұл бағыттағы жұмыс та мұқияттылықты талап етеді. Кейде ауыздан абайсыз шыққан бірауыз сөздің өзі үлкен келеңсіздікке әкеліп соғып жатады. Осыны ескерсек, бұл салада қызмет атқаратын барлық маманның іс-қимылы, көзқарасы мен ұстанымы скальпельмен күрделі ота жасайтын кәсіби хирургтің тыңғылықты әрекеті іспеттес болуы қажет. 

Білім • 04 Тамыз, 2021

Мажарстанда тегін білім алады

Алдағы уақытта 200-ден астам қазақстандық Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Осы­нау мүмкіндік Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ре­сурс­тар министрлігінің келі­сімдерінің нәтижесінде жүзеге аспақ. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 04 Тамыз, 2021

Қоныс аударушылармен кездесті

Сенатор Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында бірқатар ауданды аралап, тұрғындармен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

03 Тамыз, 2021

Көпжақтылықтың күні өткен жоқ

БРЮССЕЛЬ. Кейінгі жылдары көпжақтылық жүйесі қорғанысқа көшті. Әлемдегі жағдайды көпжақты қатынастар емес, көпполярлық байланыс белгілейді. Сондықтан мемлекеттер арасындағы бәсекелестік ынтымақтастықтан гөрі басымдық таныта бастады. Бірақ жақында ғана қол қойылған халықаралық корпоративтік салық реформасы туралы жаһандық келісім – көпжақтылықтың күні өтпегенінің жарқын дәлелі.

Әлем • 03 Тамыз, 2021

Білім және Ауғанстандағы қауіпсіздік

НЬЮ-ЙОРК. АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан америкалық сарбаздар кететін уақыт келгенін мәлімдеді. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғадан кейін осы елге АҚШ алғашқы болып әскер жіберген еді. Президент сарбаздарды шығарудың межелі мерзімін белгіледі. Яғни бұл іс лаңкестік әрекеттің 20 жылдығына дейін аяқталуға тиіс. Бірақ Американың қалған әскері елден тезірек кетті. Шілде айының басында тек 600 жауынгері, сондай-ақ НАТО күштері мен мыңдаған келісімшартпен жүргендер қалды.

Білім • 03 Тамыз, 2021

Ұлттық білім академиясы мен «Тіл-Қазына» орталығы меморандумға қол қойды

Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін екінші тіл және шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерін жүйелеу, қазақ тілі оқу құралдары мен қосымшаларының мазмұнын тіл меңгеру талаптарына сәйкестендіру мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ынтамақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.