Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Саясат • 29 Шілде, 2021

Өзекті мәселелер – депутаттар назарында

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысына сапары аясында өңірді ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге маманданған Қызылқоға ауданында болды, деп хабарлады жоғарғы Палата­ның баспасөз қызметі.

Қоғам • 28 Шілде, 2021

Балаңыз кітап оқи ма?

Бүгінде қоғам алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – адамдардың кітап оқудан қалып бара жатқаны. Оған түрлі себеп-сылтаулар айтылады. Уақыттың тапшылығы, өмір сүрудің қиындап бара жатқаны, ең соңында қолдағы телефонға, яғни әлеуметтік желілерге деген тәуелділік кітап ұстауға мұрша бермейді-міс. Зиялы қауым өкілдері (оның ішінде мұғалімдер қауымы) газет-журнал көрсе бөжей кездестіргендей тітіркенеді екен. Шындығында солай ма? Адамзат кітаптан жеріп отыр ма?

Сұхбат • 28 Шілде, 2021

Нұрбақыт Теңізбаев: Барлық балуаннан жүлде күтеміз

2 тамызда Токио төрінде грек-рим шеберлерінің сайысы басталады. Демеу Жадыраев, Мейрамбек Айнағұлов бастаған балуандарымыз Олимпиадада барын салады деген сенімдеміз. Алайда жүлде алады-ау деген көшбасшыларымыз кейде болмашы қателіктерге бой алдырып, жүлдесіз қалатыны бар. Осы орайда Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевты әңгімеге тартқан едік.  

Тарих • 28 Шілде, 2021

«Көгілдір экранның» жұлдызды жұбы

Өткен ғасырдың 1960-1990 жылдары отандық көгілдір экранның сүйіктісі мен сымбатына, көріктісі мен сырласына, күн сайын әрбір отбасының төрге шығар қадірменді сыйласына айналған жандар – Ләскер Сейітов пен Мәриям Айымбетова болатын. Диктор. Елуінші жылдары бұл атау таңсық әрі биік мансап болатын. «Қайырлы кеш, құрметті теледидар көрермендері!» деп басталатын құлаққа жағымды, көңілге қонымды үн сені телеэкран алдына жіпсіз байлайтын. Сол шақтағы «көгілдір экранның» көркі мен сұлулықтың періштесіндей, бет-әлпетіне көзің түскенде жанарың тоқтай қалатын хордың қызы мен жігіттеріндей ағаларымыз бен апаларымыз Қазақ телевизиясындағы «сұлулықтың символындай» болып күні бүгінге дейін көз алдымызда тұр.

Өнер • 28 Шілде, 2021

Шаманың әні

Баянауыл топырағынан шыққан ақиық әншінің бірі – Жарылғапберді арқылы бізге жеткен бір шалқымалы ән – «Шама». Жұрт оны халық әні «Ағашаяқ» деген секілді халық әні «Шама» деп атап кеткен. Қазақтың ұшан-теңіз музыка фольклорын жүйелі түрде ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеудің мешеулігі күні бүгінге дейін жүздеген ән тағдырын тарих көлеңкесінде елеусіз, ескерусіз көмескі қалдырып келеді. Халық жүрегіне тек «Шама» боп орныққан әннің де өз сыры бар. Кезінде Жарылғапбердінің соңына еріп, әндерін үйренген үлкен әнші Қали Байжанов осы әннің авторы – Шама Нұрұлы есімді халық композиторы болғандығын, өзінің сыйлас, пікірлес, әріптес адамдарына дәйім айтып отырады екен. Өмірінің соңғы жылдарында Манарбек Ержанов радиоға келіп, музыка редакторларына: «Мен жаздырған «Шаманың әні» бар ма, жоқ өшіріліп кетті ме?» дегенін естіп едік.

Аймақтар • 28 Шілде, 2021

Қасиетті Нарын поэтикасы

Еліміздегі «Рухани жаңғыру» аясында іске асырылып жатқан іс-шараның бірі киелі жерлерді анықтау екені белгілі. Бұл, туған жерді қатты қадірлейтін қазақ халқына тән қасиеттің бірі. Сондықтан топо­но­микалық атаулар тек геотерминдік қана сипатқа ие жай сөздер емес, олар  – тұрғылықты этностың рухани мәдениетінде зор рөл атқаратын киелі символға ие лингвомәдени құбылыстар.

Аймақтар • 28 Шілде, 2021

«Егемен» назарындағы нысан - Күршімде көпір құрылысы қарқынды

 «Елу жылда – ел жаңа» дегендей дәл 50 жыл өткеннен кейін күршімдіктерге жағаның ар жағына көпір үстімен қатынау бақыты бұйырайын деп тұр. «Айта айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деп бастап, «Егемен Қазақстан» газетінің сол кездегі шығыстағы меншікті тілшісі Азамат Қасымның мақаласынан кейін жарты ғасыр қатып қалған «сең» қозғалған еді.

Білім • 28 Шілде, 2021

Экологиялық сауаттылықты қосымша білім арттырады

Қазіргі таңда қоғамдық көзқарас тұрғысынан неғұрлым өзекті болып отырған экология проблемаларына назар аудару, жоғары оқу орындары мен мектептерде экологиялық білім беру, өскелең ұрпақты туған өлкенің экология­сына құрметпен қарауға тәрбиелеу қажеттігі туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде бірнеше рет атап өтті. Алға қойылған міндеттің маңыздылығын түсіне отырып, республиканың білім беру ұйымдары белгілі бір деңгейде жұмыс жүргізуде. Әрине, табиғатқа жауапкершілікпен қарау, балаларда экологиялық сананы қалыптастыру – өте күрделі және ұзақ процесс.

Білім • 28 Шілде, 2021

Оқушылардың олжасы – 6 медаль

Қазақстандық оқушылар физика және лингвистика пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадаларда 6 медаль жеңіп алды. Жас физиктер құрама қоржынына 5 күміс, лингвистер 1 қола медаль салды. Қатысушыларды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында құттықтады.

Білім • 28 Шілде, 2021

Тәлімі мол тіл мектебі

Осыдан бес жыл бұрын Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Шерлі шежіре аманаты» тақырыбындағы халықаралық форумға АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген шетелдік ғалымдар ішінен бір қатысушыға жиналғандар ықыласы ерекше ауғаны есімде. Ол – америкалық ғалым, Индиана университеті Саясаттану факультеті Ор­талық Азия өмірін зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман болатын. Жұрт назарын өзіне аудартқаны – мұхит асып келген мейманның қазақша сөйлеуі. Бастапқыда оның қазақша сәлемдесуі елең еткізсе де, көпшілік одан артық ештеңені күте қоймаған.