Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Саясат • 28 Шілде, 2021

Халық қолдаған демократиялық өзгеріс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар пакетін ұсынып, соның ішінде ауыл әкімдерін тікелей сайлау керектігін айтып, нақты тапсырма бергендігі қоғамымызда қызу талқыланып, кеңінен қолдау тапты. Ал өткен жексенбіде бұл демократиялық өзгеріс нақты іске асырылып, елімізде ауылдық округтердің әкімдерін сайлау ойдағыдай өтті.

Саясат • 28 Шілде, 2021

Әділ де бәсекеге толы күрес

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында тұңғыш рет өткізілген ауыл әкімдерін сайлау қоғамда зор қызығушылық туғызды.

Саясат • 28 Шілде, 2021

Саяси реформалардың ең маңыздысы

Ауылдық округ әкімдерін халықтың тікелей сайлауы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев уәде еткен саяси өзгерістер мен бастамалардың ең маңыздысы деп білемін. Бұл еліміздегі демократиялық процестердің сырттан импортталмай, іштен жүруіне, төменнен бастап сатылап дамуына, сөйтіп жүйелі өзгерістерді тудыруға зор ықпалын тигізетін болады.

Абай • 28 Шілде, 2021

Мүсірепов Абай мұрасы туралы

Әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат иесі ұлы Абай даналығы мәңгілікке бағдар берер дара парасатымен баурап алады. Баурап алып қана қоймай, көзге шұқып көрсетеді, көңілге тоқытып діттетеді. Тіршілік әлемінің сан тарау сырларына бойлатып, құпия қырларын аңғаруға жол сілтейді. Ақындық қасиеті айқындалып, өлең-жырлары ел арасына кең тарай бастаған кезден-ақ бір өлеңі, бір сөзі кәдеге жарамай қалған жері жоқ екені көпке аян. Әр сөзі, әр ойы, әр ісі халық көңіліне берік ұялаған қалыпта даналықпен сабақтасып, жылдар жыл­жыған сайын тереңдеп, уақыт өткен сайын биіктеп бара жатқаны кәміл. Әлихан Бөкейханның 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақ­тың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеу [С. Қирабаев. Абайтану ғылы­мының тарихынан. Кітапта: Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002, 21 б.] мақаласынан басталып, толассыз даму үстіндегі Абайтану әлемі   қазақ әдебиеттану ғылымының ең іргелі саласына айналған ұлы ақын шығарашылығының әлі де ашылмай жатқан сансыз қыры бар екені күмәнсіз.

Қазақстан • 27 Шілде, 2021

Үлкен өзгерістерге бастайтын қадам

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын ел өмірін демократияландыру жолында алға басқан бір қадам деп есептеуге болады. Төменгі деңгейдегі позитивті қадам деп айтсақ та болады. Ал бір қадам дегеніміз жаман емес. Осының өзі үлкен өзгерістерге алып келмек.

Технология • 27 Шілде, 2021

Жеке деректер желіге тарап кетті

Қазақстандық қолданушылардың Telegram-аккаунтындағы 30 мыңнан астам жеке дерегі желіге тарап кеткен.

Экономика • 27 Шілде, 2021

Экономиканы цифрландыру – өзекті мәселе

Елімізде «Цифрлы Қазақстан» және «Еуразиялық одақтың негізгі ба­ғыттарын 2025 жылға дейін цифрландыру» мемлекеттік бағдарламалары қабыл­данған болатын. Оның «Цифрлық Жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру» сияқты бағыттары бар. Мұндағы басты мақсат – мемлекеттің экономикалық дамуын жеделдету және цифрлы технологиялар есебінен халықтың өмірін жақсарту, цифрлы экономиканы құруға жағдай жасау.

Саясат • 27 Шілде, 2021

Жаңғыртуларға негіз қалайды

Өткен жексенбіде болған ауыл әкімдерінің сайлауында 730 орынға 2000-нан астам кандидат болды. Бұл орташа есеппен бір сайлау округіне үш кандидаттан болғанын білдіреді. Бірқатар себеп бойынша ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу – қазақстандықтардың қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру мақсатындағы үлкен қадам.

Саясат • 27 Шілде, 2021

Белсенділік жоғары болды

Қазақстанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. 14 облыста 1847 сайлау учаскесінде азаматтарымыз өз таңдауын жасады. 730 орынға екі мыңнан астам үміткер өз кандидатураларын ұсынды. Бұл бір орынға 3 үміткерден артық бәсекелестік болғанын білдіреді. Пассивті сайлау құқығын пайдаланудағы бұл белсенділік – халықтың саяси процеске жоғары қатысуының көрсеткіші.

Саясат • 27 Шілде, 2021

Бәсекелестік бәсі басым

Бұл сайлау бірауыздан бәсекелестікке толы болды деп айта аламын. Расы­мен, осы сайлауда өзін өзі ұсынған азаматтар да баршылық. Пар­тия­дан да үміткерлер саны жеткілікті. Тіпті басқа сайлауларға қатыспаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан да кандидаттар болды.