Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21633 материал табылды

Президент • 03 Желтоқсан, 2020

Президент 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда • 03 Желтоқсан, 2020

Сүйікті астана суреттері

Елордадағы MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында Тұңғыш Президент күніне орай, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен Ruh.kz ақпараттық порталының ұйымдастыруымен «Сүйікті астана» атты фотокөрме өтуде.

Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020

Салиқалы саясат сабақтастығы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы мәртебесіне ие болды. Елбасының еліміздің жаңа тарихындағы үлкен рөлі, көшбасшылығы, айрықша қасиеттері, сарабдал саясаты туралы, Отанына және халқына сіңірген өлшеусіз еңбегі туралы көп айтуға болады. Алайда, осы тарихи шежіредегі бірнеше айтулы күндер – 1989 жылдың 22 маусымы, 1991 жылдың 1 желтоқсаны және 2019 жылдың 19 наурызы әрқашан ерекше аталады.

Ең қысқа әңгіме • 01 Желтоқсан, 2020

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Елбасымен кездесу талай адамның (үлкеннің де, кішінің де) өмірінде айрықша елеулі із қалдырғаны анық. Сондай бір жай тоқсаныншы жылдардың басында меркілік Луиза Ерсінқызы Мірәлиеваның да басынан өткен еді.

Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020

Нұрпаис Жарқынбай: Нұрсұлтан Назарбаевтың есте сақтау қабілетіне таңғалғанбыз

Жақында қырғыздын алғашқы ұлттық газеті «Қырғыз Туы» өзінің шыға бастағанының 96 жылдығына арналған жиын өткізді. Жиынға газеттің ардагер журналистері де келген болатын. Жиын аяқталған соң, ұзақ жыл редакцияда әдебиет бөлімін басқарған, публицист, қырғыз еліне танымал ақыны6 Нұрпаис Жарқынбай ағамен әңгіме-дүкен құрдық. Әңгіме барысында бұдан ширек ғасыр бұрынғы оқиғалар да қозғалды.

Таным • 01 Желтоқсан, 2020

Есіл бойына ел қондырған

Ата даңқын, елдік салтын жалғастыра білген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылы Қазақстанды болашаққа бастайтын 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын бекітіп, ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді.

Оқиға • 01 Желтоқсан, 2020

Елбасы және Түркістан

1999 жылы бір топ бас редактор – Мұқтар Мағауин, Ержұман Смайыл, Жүсіпбек Қорғасбек және мен Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алдық.

Оқиға • 01 Желтоқсан, 2020

Мерекені мазмұнды өткізеді

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақ­ты күйлері орындалады.

Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020

Арқадағы алтын бесік

Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы Қазақстан Магниткасының от-жалын атқан домнасынан басталғаны туралы талай кітап жазылып, мақалалар жария болды. Әлі де жазыла бермек. Өйткені қарапайым горновойдан егемен елі­міздің алғашқы басшысына дейін жүрген жолы, алып империяның шаңы­рағы шайқалғанда қолына дербестік туын берік ұстап, халқын салиқалы саясатының арқасында нарықтық экономика жолына бағыттай білген ерен еңбегі бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болуы тиіс. Елбасы феномені әлі талай оқу­лыққа еніп, аты аңызға айналары даусыз. Сондықтан биыл Теміртауда өткі­­­зілген біраз шарада, атап айтқанда Қазақстан Магниткасының 60 жыл­­дығы мен Теміртау қаласының 75 жылдығында осы қаладан түлеп ұшқан әлем­­дік масштабтағы қайраткердің көшбасшылық қасиеті жан-жақты әңгіме болды.

Руханият • 01 Желтоқсан, 2020

Кемеңгер келбеті

Халқымызда «Жақсыға қарап бой түзе» деген қанатты сөз бар. Менің ойыма осы тәмсіл жиі оралады. Біздің азамат­тық тұлғамыз, саяси көзқарасымыз халық ар­дақ тұтқан Елбасы Нұрсұлтан Назар­­баевтың дара тұлғасынан, кемел ісінен үлгі алуымызбен қа­лыптасты. Қазақ­станның Тұң­ғыш Президенті жанында жүріп қызмет істеуім менің де өмір­ге деген көзқарасым мен аза­мат­тық тұлғама, саяси тұрғыдан шың­далуыма әсерін көп тигізді.