Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
1820 материал табылды

Сайлау • 11 Маусым, 2019

Халықаралық талапқа сай

Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Чжан Сиюнь 9 маусым күні елімізде өткен Президент сайлауына қатысты өз пікірін білдірді.

Сайлау • 11 Маусым, 2019

И.Умаханов: Сайлауда Қазақстан халқы жеңімпаз атанды

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов бастаған ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушылар делегациясын қабылдады.

Тарих • 11 Маусым, 2019

Түркістан тарихы ежелгі заманнан басталады

Бүгінгі күні көне замандардан бері Орталық Азия өркениетінің алтын бесігі болған қасиетті Түркістан қаласы құрылыс алаңына ұқсайды. Қала за­манауи қайта жаңғырып жатқанда оның ежелгі тарихына тағы бір барлау жасап қойсақ артық болмас. Себебі Түркістан тарихына қатысты қолымызға түскен кез келген анықтамалықты ашып қарасақ «Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған қала» деген ақпаратты оқимыз. Расында да солай ма?

Қоғам • 11 Маусым, 2019

Ене мен келін етене жақын болса

Бүгінгі таңдағы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы әрқилы жағымсыз пікірлер айтылып жүр. Бұл жай ғана отбасы, ошақ қа­сының мәселесі болып кө­рінгенімен, өз кезегінде ұлттық болмысымыздың бояуын солғындата түсетін мәселе екені бесенеден белгілі.

Аймақтар • 10 Маусым, 2019

Текей батыр мазарын табуға септескен карта

Мына суреттегі картаны тарих қойнауының XVIІI-XIХ ғасыр­ларын зерттеуге маманданған тарих ғылы­­мдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин Мәскеу мен Петербор архив­терін ақтарып жүріп тауып алыпты. Картада сол кезеңдегі жер-су атаулары ыжда­ғатпен белгіленіп, анықтап жазылыпты. «Ұлы даланың ұлан-ғайыр жерін құжаттап, қағазға түсірген отаршылдық пиғылдың да қазақ ұлтының бүгініне қызмет ететіндігін ұғындым», деген Ж.Ис­мурзиннің қолына түскен бұл жә­дігер бізге Тәуке ханның қолбас­шыларының бірі болған Қарпықұлы Текей батыр туралы баға жетпес мә­лімет бергенімен құнды болып отыр.

Сайлау • 10 Маусым, 2019

Жарқын болашақ үшін дауыс берілген тарихи күн

Еліміздің алдағы даму бағдарын айқындауда үлкен маңызға ие Президент сайлауы демократиялық үрдіске сай таза әрі әділ өтті. Осынау саяси науқанға сайлаушылар аса жауапкершілікпен қарап, бір кісідей өз таңдауларын жасады.

Тарих • 10 Маусым, 2019

Ахаңның тырнақалды мақаласы

Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шең­берінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік уни­верситеті «А.Байтұрсынұлы ізімен: Орынбор кезеңі» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырып, ұлы тұлға бас-аяғы 20 жылдай тұрған Орынбор шаһарына сапар шегу мүмкіндігі туды. Бағдарлама басталғаннан ойға алынған ша­р­уа биыл сәуір айында университет ректоры Алма Досжанова ханымның қолдауымен жүзеге асты.

Руханият • 10 Маусым, 2019

Рух күші

«Малым мен жанымды алсаң да, рухымды алма, Алла» деп өтіпті бір атамыз. Ол батыр да, жайсаң да болмаған, ауылдағы қара шал ғана болыпты. «Осының айта беретіні қайдағы рух? Қалбаңдаған қалжасы қояндай бола тұра, рух деп үзіледі де тұрады, рух мұның қай жеріне сыйып тұр осы?» деп құрдастары қаузайтын көрінеді. Сонда құртақандай күйбеңдеген қара шал: «Е, рухың өлді дегенше – ұрығым өлді де. Үрім-бұтағым солды де. Рухсыз тірлік болып па? Елдің ел болып отыруы да рухтың арқасы емес пе!» дейді екен.