Ең қысқа әңгіме • 30 Қаңтар, 2023
Шамамен 1999 жылдың күз бен көктемінің бірі. Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында ақын-жазушылармен кездесу өтетін болды. Ел қатарлы біз де бардық. Кездесуді жүргізіп отырған ақын Есенғали Раушанов залда отырған қаламгерлерге кезек-кезек сөз беріп қояды.
Спорт • 29 Қаңтар, 2023
Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада және бір дүркін әлем чемпионы дағыстандық балуан, авар ұлтының ұланы Мәулет Батыров «Кавказ балуандарының басты ерекшелегі қандай?» деген тілші сұрағына: «Біздің жігіттерде рух басым» деп бір ауыз сөзбен жауап берген екен. Соңғы кездері Мәулет балуанның жоғарыдағы бір ауыз сөзі көкейден кетпей қойғаны.
Тарих • 25 Қаңтар, 2023
«Қаңтардағы бурадай азу тісін қайраған»
Жыл сайын қаңтар туып, аяз қысқанда бура жарайды. Бұл табиғи заңдылық. Өйткені бұл кез – інгеннің күйті келіп, шағылысатын уақыт. Бураның жарауы көбінде қазақтың ескі жыл қайыру амалы бойынша қамбар тоғысымен қатар келетіндіктен, кейбір өңірлерде бұл мезгілді бура тоғыс деп те айтады.
Тарих • 24 Қаңтар, 2023
Патшалық Ресей заманында Том губерниясына қарасты Бийск уезі деген болды. Бұл әкімшілік бірліктің үлкендігі соншалық, солтүстік шеті Барнауыл қаласына барып тірелсе, оңтүстігі Азия құрлығымен қанаттасып жатты. Осы уезге қарасты 25 болыстың бірі Ануйде қазақтар өмір сүрген екен. Мына фотолар осы алтайлық қандастар өмірінен сыр шертетін шежіре десек те болады.
Тарих • 17 Қаңтар, 2023
Теріден жасалатын ішік қазақта ежелден бар. Бұл киім ненің терісінен тігілгеніне байланысты: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік деп аталады. Елтірі ішік дегеніміз – жаңа туған қозының терісі болса, сеңсең ол күзде жетіліп, тоқты болған қозының терісі. Мұндай терінің жүнін аталарымыз «тірі жүн» деп атаған. Ал қасқыр, түлкі терісі екі бастан белгілі.
Тарих • 16 Қаңтар, 2023
Алтын Орда ұлысының атақты хандарының бірі – Тоқтамыс. Қазақтың үлкен жазушысы Ілияс Есенберлин: «Үз-Темірдің екінші баласы Саржадан Қоншақ, Қоншақтан Тұғылық қожа, Тұғылық қожадан Тай қожа туады. Осы Тай қожаның бәйбішесі қоңырат Қотан Күншек сұлудан болашақ Алтын орда ханы Тоқтамыс туған» деп жазады («Алтын Орда» роман-трилогиясы. Алматы, 2021. – 397 б).
Оқиға • 13 Қаңтар, 2023
Мына бір фотосуреттен тасқа ойып басылған сиырдың ізін көресіз. Мүмкін бұл аша тұяқты жануарлар – бұғы, бұлан, маралдың ізі шығар. Атам қазақ бағзылық мұраны «тасқа басқан таңбадай» дейді емес пе. Мына із дәл солай тасқа басылған таңба дерсіз. Қай ғасыр, қай дәуірге тән дүние? Оны ешкім тап басып тани алған жоқ.
Руханият • 13 Қаңтар, 2023
Жуықта Моңғолияның Мәдениет министрлігі тарихи тұлға Шыңғыс ханның туғанына 860 жыл толу датасына орай мемлекетке және қоғамға еңбек сіңірген тұлғаларды іріктеп, оларды насихаттау жайлы шешім шығарды. Осы тізімге бай-өлкеліктер атынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Моңғолия спортының еңбек сіңірген қайраткері (2006), еркін күрестен Әлем кубогінің (1981) және әлем біріншілігінің қола медаль иегері (1986), атақты балуан Бақыт Однайұлының есімі ілініп, ардагер спортшыны ұлықтау рәсімі өтті.
Руханият • 12 Қаңтар, 2023
Ел ағасы Әкімжан Назарұлы туралы
Шүкір! Менің елорда төріне табан тірегеніме ширек ғасырдан асыпты. Ол тұста өлкенің өткен-кеткен тарихынан хабардар қариялар көп еді. Соның бірі – ұзақ жыл облыстық білім саласында қызмет атқарған Қамидолда Нұртаев ақсақал-тұғын. Бұл кісі қазір өмірде жоқ. Бес жыл бұрын тура тоқсан жасында бақилық болды. Марқұм көзі тірісінде біз бейбақты іздеп келіп, өзі куә болған бірер оқиғаны санамалап жаздырып еді. Әсіресе Ақмола өңіріне танымал тарихи тұлға Әкімжан Назарұлы туралы жандыра сөйлегені есімде. Біз тамсана тыңдаған едік. Содан бері бірталай уақыт өтіпті. Биыл осы тұлғаның туғанына – 120 жыл. Сонымен...
Оқиға • 11 Қаңтар, 2023
Америкалық режиссер Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильмі алғаш 2009 жылы көрерменге жол тартқан болатын. Бұл туындының жалғасы «Аватар: Су жолы» өткен жылы қазақ тіліне аударылып, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.