Тарих • 23 Қыркүйек, 2021
Бұл жәдігер дәл қазір ШҰАР құрамындағы Құмыл аймағы Баркөл қазақ автономиялы аудан орталығында орналасқан «Шыңжан Баркөл қазақ автономиялы ауданы қазақ мәдениет көрме сарайы» деп аталатын музейдің төрінде тұр. Бұйымның суретін 2009 жылы қазан айында Шыңжаң өлкесіне сапарлап барған, Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейдің ғылыми қызметкері Досымбек Қатыран түсіріп әкелген екен.
Тарих • 23 Қыркүйек, 2021
Жақында ресейлік «Кочевники Великой степи» деп аталатын оқырманы көп желілік топта мына бір дулығаның фотосы жарияланды. Жәдігер Жапонияның теңіз жағалауынан табылыпты. Анықтамалығында «татар-моңғол жарағы» деп жазылған. Татар-моңғол ұғымы жазушы Мұхтар Мағауинның тәпсірі бойынша – түркі-қыпшақтар. Демек, бұл бұйым арғы жағын айтсақ ежелгі көшпенділердің, бергі жағын айтсақ Ұлық ұлыстың іргесін қалаған бабаларымыздың мұрасы екені анық.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2021
Жаңғыру – ел дамуының жасампаз қағидасы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президеті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Аталған екі жаңғыру процесінің нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруға тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мен еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім», деген еді.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Солтүстік Осетия-Алания республикасының батысындағы Алагирск ауданына қарасты таулы қыратта Дзуарикау атты шағын ауыл орналасқан. Ауылдың аты осетин тілінде «Әулие мекен» дегенге саятын көрінеді. Осында «Жеті бауырға ескерткіш» атты монумент бар. Оның ұшар басына қанаттарын түйістіре самғаған ақ тырналар бейнеленсе, ескерткіштің етегіне қайғы меңдеп қара жамылған әз ананың мұңлы бейнесі мүсінделген.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Көне нумизматикалық бұйымдар өткен тарихты зерттеуге, әсіресе көмескі оқиғалардың уақытын нақтылауға табылмас дерек. Мысалы, 1979 жылы Алматы қаласының Ленин даңғылы бойында орналасқан Шекара училищесінің маңайынан табылған таңбалы нумизматикалық дирхамдар шаһардың жасын анықтауға бірден-бір дерек болды.
Руханият • 08 Қыркүйек, 2021
Шамамен жиырма шақты жылдың алдында теледидарды қосып қалсам, марқұм Шераға, қазақ рухының қанжары Шерхан Мұртаза сөйлеп жатыр екен. Жарықтық мұртын көкке шаншып алып, қынабынан суырылған жалаң қылыштай ызғарлы жүзбен: – «Байқаймын, қазіргі жастар ширығуды білмейді, ширыға алмайды, ондай қабілеттен айырылған, бұл қасірет», деді марқұм. Қайсар қаламгердің осы сөзі көкейімде жатталып қалыпты. Әсіресе, «ширығу» жайлы айтқаны.
Тарих • 06 Қыркүйек, 2021
Қазақ тарихында «Алтын Орда дәуірі» дейтін кезең бар. Бұл уақыт қазіргі тәуелсіз еліміздің ежелгі тұғыры ретінде мойындалуда. Сол себепті де, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылдың алдында ежелгі орыс жылнамаларында «Ұлық ұлыс» деген атпен белгілі Алтын Орда империясының 750 жылдық мерекесін атап өту жайлы шешім қабылдап, ол шара өз деңгейінде атқарылған болатын.
Тарих • 02 Қыркүйек, 2021
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қолға алынған «Нұра-Есіл өзендері аралығының мәдени генезисін қалыптастырудағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы» атты археологиялық барлау жұмысы аясында қызмет атқарған археологтер жақында елорда іргесінен ХVIII ғасырға тән қазақ қыстауының орнын тапты.
Тарих • 27 Тамыз, 2021
Үш мың жыл бұрын құйылған жамбы
Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу», яғни құймалы алтын немесе күміс ұғымын білдіреді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан, тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы, т.б. деп аталған. Жамбының жасалған материалына байланысты: ақ күмістен жасалған болса, «ақ жамбы», алтыннан жасалса, «алтын жамбы» деп те атаған.
Елорда • 25 Тамыз, 2021
Қарусыздану – қоғам үшін маңызды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Семей қаласы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздігі мен Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Негізгі шешімдер уақыты» атты көрме өтті.