Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1042 материал табылды

Тарих • 07 Қазан, 2021

Густав картасындағы қазақ жері

Соңғы жылдары, әсіресе пандемиялық ахуал кезінде шетелдік, соның ішінде еуропалық ғылыми-зерттеу орталықтары мен танымал университеттер архивінде және дәстүрлі музей-кітапхана мекемелері қорында сақталған азиялық мұраларды жеке википедиясы (Johan Gustaf Renats kartor) немесе энциклопедиялық (Renat map) тегін мәліметтері арқылы көпшілікке ұсынуда. Соның бірі – швед офицері һәм картограф Йохан Густаф Ренат (1682-1744) жасаған карталар. Бұл сызбаларда қазіргі қазақ даласының шығыс бөлігі қағаз бетіне түсіріліпті.

Қазақстан • 07 Қазан, 2021

Азаттықтың арқасында атамекенде тамыр жайдым – дейді қандас қария Дәкіс Мешелұлы

– Қобда бетінде (Моңғолия) туып, етек-жеңі кең моңғол ағайындармен қолтықтасып бірге өскен біз үшін Қазақстан қасиетті Меккенің қаратас байланған құбыласындай елестейтін, – дейді ел газеті «Егеменге» келіп, өзінің өзекжарды ойын айтқан Дәкең ақсақал.

Руханият • 06 Қазан, 2021

Мұқағалидың «өресі»

Биыл туғанына 90 жыл толған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Нені аңсаймын» атты жырында «Сені аңсаймын, қайнаған ақ бас тау­­лар, Ақ бас таулар – самайын ақ бас­қандар. Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар, Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар» дейтін бір шумақ тіркесі бар. Осында айталған «өре» атауы жайлы тәпсірлесек...

Тарих • 30 Қыркүйек, 2021

Қағаннан қалған тас жазу

Ресей Федерациясының ежелгі тарихи шаһары Санкт-Петер­бург қаласында орналасқан Эрмитаж музейінде қас бетіне көне ұйғыр әріптерімен жазу бәдізделген «Чингисов камень» атты жәдігер тұр. Тарихшы ғалымдардың пайымы бойынша мұндағы тас бетіндегі жазу 1224 немесе 1225 жылы қағанның көзі тірі кезінде таңбаланған дейді. Демек, бұл тас жазу әлемді бағындырушы Шыңғыс хан дәуірінен бүгінге жеткен жалғыз мұра екені анық.

Ұлттық спорт • 30 Қыркүйек, 2021

Айкөз мерген – вице-чемпион

Жақында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында ат үстінде садақ атудан ХVІ Әлем чемпионаты аяқталды.

Руханият • 30 Қыркүйек, 2021

Ұлттық орталықта пресс-тур өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық орталықтың қорында сақталған ғылыми-мәдени мұраларды кеңінен насихаттау мақсатында қоғам қайраткерлері, бас редакторлар және елімізге белгілі БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өтіп, оған Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, белгілі қаламгер-журналистер және сала мамандары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021

Ағылшын басылымы жариялаған қазақ өмірі

Жақында Англияның беделді басылымы Sunday Mirror газетіне моң­ғолиялық қазақ құсбегілері өмірінен түсірілген фотолар жи­нағы жарияланып, бүркітшілер жайлы жазба жарық көрді.

Таным • 29 Қыркүйек, 2021

Қазақтың ағайынгершілігі

Әлемде ағайынгершілікті, туыстықты қатаң сақтай отырып, ұлт тұтастығы мен қоғам бірлігін реттеп келген жұрттың бірі − қазақ халқы. Мысалы, бабаларымыздан жеткен «Абысын тату болса ас көп...» немесе «Ағайынның азары болса да, безері жоқ» дейтін құнды тәмсілдер ұлтымыздың ағайынгершілік болмысынан хабар берсе, мұсылман үмбетінің пайғамбары Мұхаммед: «Кім ризық-несі­бесі көбейіп және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайынгершілік қарым-қатынасын күшейтіп, туған-туысына қарай­лассын» дейтін аса құнды өсиет қал­дырғаны бекер емес.

Руханият • 27 Қыркүйек, 2021

Мейірім пәлсапасы

Еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдық даталы мерекесі аясында, Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің парасаттылық мәдениетін ілгерлетуге арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспары бойынша, елордадағы Ұлттық кітапханада «Мейірім пәлсапасы» атты туындының тұсауы кесіліп, аталмыш шараға Парламент Сенат және Мәжіліс депутаттары, елімізге танымал ғалымдар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Оқиға • 26 Қыркүйек, 2021

Ұлыбританияда таныстырылады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде «Ұлы дала алтыны» атты халықаралық көрме ашылмақшы.