Тарих • 25 Тамыз, 2021
Сонау жылдары... нақтырақ айтқанда, Ауған елінде азамат соғысы жүріп жатқан (1979-1989 ж.ж.) тұс. Бейбітшілікті ту етіп, бұл елге Кеңес елі әскер кіргізді. Оның сыртында социалистік лагерь атты қауымдастық қатарына біріккен мемлекеттер соғыстан зардап шеккен ауғанстандықтарға гуманитарлық һәм рухани жәрдем көрсету шарасын қолға алды. Соның бірі Моңғол Халық Республикасы еді.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өзінің Twitter парақшасы арқылы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетіп, 19 миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашқаны жайлы мәлімдеп, күллі жұртшылықты осы бір мерейлі қуанышпен құттықтаған болатын.
Руханият • 16 Тамыз, 2021
Пенде баласында «болмыс» дейтін бар. Адам баласының табиғаты нені қалайды, сол – болмысы екен. Мысалы, орыстанған қазақпен бірге бір дастарқанда отыру маған қиямет. Неге, өйткені оны болмысым қаламайды. Одан да, маған айтсам сырымды ұғатын, тілімді түсініп, тілегіме қуат құятын, даланың иісі аңқыған қазақ қымбат. Болмысым солай.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2021
Зайсанда сапар орталығы салынады
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында «Шілікті» сапар орталығы салынады. Бұл туралы жуықта «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов пен Зайсан ауданының әкімі С.Зайнулдин ортақ шешімге келді, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Әлем • 16 Тамыз, 2021
Моңғол елінің астанасы – Ұланбатыр қаласында Қазақстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен қазақтың ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының рухын ұлықтауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Қоғам • 13 Тамыз, 2021
Күллі жаратылыс уақытқа тәуелді. Сол сияқты ақыл-парасаты кемел адам баласы үшін ең қымбат, ең құнды дүние – уақыт. Мысалы, сіз 63 жыл өмір сүріп, күніне сегіз сағат жұмыс істесеңіз, барлық ғұмырыңыздың 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен. Тәулігіне сегіз сағат ұйықтасаңыз, тағы бір 21 жыл ұйқыға кетеді. Оның сыртында алты жыл тамақ ішуге, бес жыл әртүрлі сапарларға, бір жыл телефонмен сөйлесуге, сондай-ақ қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда ең аз дегенде күніне үш сағат смартфонға үңілер болсаңыз, 63 жыл ғұмырыңыздың сегіз жылы тек телефон шұқылаумен өтеді деген сөз.
Тарих • 10 Тамыз, 2021
Жақында ресейлік сайттарда қазақ тарихына қатысты құнды жәдігер жарияланды. Тақырыбы «Абдолла ханның күміс кіркесі» делінген екен. Осы орайда «кірке деген не?» дейтін сұрақ туары анық. Бұл атауды орысша – пайцза, моңғолша – гэрэгэ дейді екен. Ал қазақшасы – кірке.
Абай • 10 Тамыз, 2021
Абай – қазақ ұлты үшін ерекше дана тұлға. Ұлы дарын иесінен жеткен мұра сөз – қадірін таныған жанның жүрегінен орын тауып, санасын тербейді. Абайға бас қойған пенде баласы іздегенін табады. Бірде қазақы тойда тілек сөзге шорқақ бір ағамыз: «Той десе қу бас домалайды деп» Абай атам айтпақшы» деп салды. Яғни ұтымды айтылған сөздің бәрін қазақ Абайға тели салады. Неге?
Тарих • 10 Тамыз, 2021
Бытығайдан бүтін құмыра табылды
Мемлекеттік бағдарлама аясында Мәдениет және спорт министрлігі Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық мекемесі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының орталығынан шығысқа қарай Нұра өзенінің сол қапталында екі шақырым қашықта орналасқан Бытығай (Ботағай) ескерткішіне археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, ортағасырлық қыш құмыра тапты.
Тарих • 05 Тамыз, 2021
Аманкелді батырдың портреті қалай салынды?
Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 105 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуге тиіс» дегеніндей өткен ғасыр басында азаттық жолында атқа қонған аталарымыздың ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге болуы тиіс.