Руханият • 02 Маусым, 2021
Ислам шариғатында «рухани қылмыс» деген түсінік бар. Бұл ұғымды тек мұсылмандар ғана емес, барлық кітап иелері аса қауіпті құбылыс деп санайды.
Спорт • 01 Маусым, 2021
Төрт жылда бір дүркін өтетін жазғы Олимпия ойындары – әлемдік деңгейдегі ең ірі спорттық іс-шара. Мұндай дүбірлі дода кезекті рет былтыр (2020) Токио қаласында ұйымдастырылуы тиіс болатын. Әлемді жайлаған пандемиялық ахуалға байланысты бұл шара биыл, яғни шілде айының 24-і мен тамыз айының 9-ы аралығында өтетін болды.
Қоғам • 31 Мамыр, 2021
Жаздың жайлы жылуы тарқап, сары күздің күрең қабағына қатқан шықпен бірге жайлаудан еңкейген ел Қара аралдың тік қабағына жағалай қоныс тепті. Бұл қойлы ауылдың жылдағы әдеті. Мұнда көп отырмайды. Қарашаның алғашқы ызғары түсе қыстауға қарай үдере көшеді. Көктұмсықтың шилі тастағын жанай қонған екі үй кешеден бері абыр-сабыр. Ауыл ағасы Темірхан қария қасына бір-екі белді жігітті ертіп, қыстаудың қиын оюға кеткен. Темкең қалай келеді, қос үй қойшы ауыл қыстауға көшеді. Мына абыр-сабырдың мәні осы.
Спорт • 24 Мамыр, 2021
Бензема ұлттық құрамаға шақырылды
Испанияның «Реал Мадрид» командасының шабуылшысы Карим Бензема алда өтетін ЕУРО-2020 чемпионаты барысында Франция ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетуге шақырылды.
Тарих • 20 Мамыр, 2021
Аспалы шырағдан тұғырына қонды
Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының алдына ортағасырлық аспалы шырағдан орнатылды.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Тәуелсіздік тағылымдарын таразылады
Өткен апта соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Елбасы кітапханасы мен елорда төрінде Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен ашылған М.В.Ломоносов атындағы ММУ филиалы бірлесіп «Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан және Ресей жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, докторанттар мен магистранттар, сарапшылар, колледж оқытушылары және елорадалық тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.
Пікір • 18 Мамыр, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтар күнгі халыққа Жолдауында: «Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деуі, сөз жоқ болашақтағы мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы болатын.
Тарих • 16 Мамыр, 2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл толған даталы мереке қарсаңы, яғни 2001 жылдың мамыр айының 18-жұлдызында елорда төріндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің үлкен залында Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесін орналастыру салтанаты өтіп, күллі түркі дүниесіне ортақ құнды жәдігердің лентасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қиған еді. Бұл мәдени-тарихи шара тәуелсіздік жылдарындағы елеулі оқиға ретінде ел есінде қалды.
Тарих • 14 Мамыр, 2021
Өткен бейсенбіде елордадағы Елбасы кітапханасында «Қазіргі заманда адам мен қоғамның өзара үйлесімді ықпалдастығы үшін далалық атқа міну өркениетінің тарихи маңызы» тақырыбында сұхбат алаңы өтті. Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылып, оған отандық тарихшылар, жоғары оқу орындары магистранттары мен докторанттары, тарих, археология, этнология және өлкетану бойынша ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанған мектеп оқушылары қатысты.
Қоғам • 11 Мамыр, 2021
Орта ғасырда өмір сүрген атақты оқымысты Әбу Лайс Самарханди ислам әдептері жайында жазған еңбегінде: «Бір қауымның (халықтың) жер бетінен жойылып кетуіне себеп болатын дүниенің бірі – арақ. Өйткені ол сау адамды жындыға айналдырады», деген екен. Сол сияқты мұсылман ғұламаларының «арақ ішкен адамның бойында 40 күнге дейін иман болмайды» дейтін заңды пәтуасы бар. Бұл дүние қазіргі таңда медицина тарапынан да дәлелденіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, ішімдік қолданған адамның қанында алкогольдік зат 40 күнге дейін сақталатыны анық.