Тарих • 08 Мамыр, 2021
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес елінің басшысы Сталин Моңғолияға экономикалық қолдау көрсету мақсатында 1947 жылы «Наушки-Ұланбатыр бағытында теміржол құрлысын салу туралы» бұйрыққа қол қойды. Жұмысты ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрлігі «отанын сатқандардан» құралған «505-ші» түрмені жасақтады. Бұған жазасын өтеп жатқан 80 мың адам тартылып, теміржол құрлысын басқаруға тәжірибелі инженер генерал-майор Ф.А.Гвоздевский тағайындалды. 80 мың тұтқынның көбі соғыста немістің қолына түскен кеңестік солдат-офицерлер болса, соның 3000-ы таза власовшылар.
Елбасы • 07 Мамыр, 2021
Еліміз тәуелсіздігін жариялаған тұста жас мемлекетіміздің сенімді әскери қауіпсіздік жүйесін құру талап етілді. Сондай-ақ республика аумағында бұрынғы Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан әскери құрылымдардың қару-жарағы мен әскери техникасын тәуелсіз Қазақстанның заңды құзыретіне көшіру қажеттілігі өткір туындады. Бүгінгі уақыт биігінен бағамдасақ, еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен халықаралық қоғамдастық алдындағы биік беделінің арқасында осы маңызды міндеттерді абыроймен орындап, оң өзгерістерге қол жеткізді.
Қазақстан • 07 Мамыр, 2021
1. Дәлелхан Сүгірбаев Қазақ жұртының жалынды азаматтарының бірі – Дәлелхан Сүгірбаевтың өмір тарихы әрқилы.
Руханият • 07 Мамыр, 2021
Қасиетті Рамазан айында күллі мұсылман баласына парыз болған Ораза құлшылығының ішінде мың айдан да қадірлі «Қадір түні» бар. Бұл күн биыл мамырдың 8-інен 9-ына қараған түнге сәйкес келуде.
Таным • 05 Мамыр, 2021
Ұлт тарихында өз орны бар тұлғалардың өмірбаяндық түзілімінде көбіміз байқай бермейтін аңдаусыз, қызық дерек бар. Яғни атам заманда қазақтың қамын жеген ел басы, топ басылардан (Абай) бастап, ақ патшаның тұсында өмір сүрген қазақ ағартушылары, одан қалды кешегі ХХ ғасыр басында «қазақ үшін шам қылған жүрек майын» (Сұлтанмахмұт) Алаш арыстарының өмір-тарихын оқысаңыз, барлығында бірдей «алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан» дейтін елеусіз ғана тіркес тұрады. Осы орайда, күллі қазақтың көзін ашқан, арыстарды оқытқан «Ауыл молдасы кім?» деген сұрақ туады.
Руханият • 04 Мамыр, 2021
Бұл оқиға сонау нәубет жылдары болған екен. Халық аштан қынадай қырылып жатыр. Ел ішінде аяқ артар мал қалмаған. Тірі қалғандар өзен-көлдерді сағалап, өзек жалғау үшін босып кеткен. Аяғы жеткендер қала-қыстақты жағалап, тұяқ іліктіріп тірі қалудың қамында қаңғып жүр.
Руханият • 04 Мамыр, 2021
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы аумағында жатқан Қожа Ахмет Ясауидің туған ағасы Садыр шайық және аталған өңірге белгілі тұлғалардың кесенелеріне зиярат жасап, дерек жинады.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2021
Өткен ғасырларда қазақ даласын отарлаудың бір бағыты – түркітектес халықтарды шоқындыру болды. Осы орайда, 1881 жылы Томск губерниясы Бийск округіндегі моңғол-түркі (алтай, тыба, хакас т.б.) халықтарын шоқындыруға арналған Алтай миссиясы құрылды. Сөйтіп, аталмыш миссия жұмысын Бийск уезінде 1760 жылдан бері өмір сүріп келе жатқан қазақтарды шоқындырудан бастады.
Руханият • 30 Сәуір, 2021
Қазақтың жалпақ тілінде «аманат» деген ұғым бар. Бұрынғы аталарымыз өзінің мал-мүлкін һәм өмір-ғұмырын аманат деп біліп: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келгенінде тапсырамын» деп жырлаған. Сол сияқты мұсылман әлемінің сардар сахабасы Әбубәкір Сыдық «Аманат ол – адамгершіліктің шыңы» деген екен.
Руханият • 26 Сәуір, 2021
2008 жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Түркістан қаласындағы ортағасырлық Күлтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген еді. Жақында бұл қалашықтан ерте ғасырларға тән көптеген жәдігер табылып, олар түгелдей «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қорына қабылданды.