Абай • 02 Желтоқсан, 2021
Елорда төрінде жаңадан ашылған мекеме Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының реставрация-консервация бөлімінде осыдан 112 жыл бұрын Петербор қаласында басылып шыққан Абай Құнанбаевтың құнды кітабы жаңғыртылып, жаңарған нұсқасы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне табысталды.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2021
Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жазба мұралары» атты тақырыптық көшпелі көрме өтті.
Руханият • 30 Қараша, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыс атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжат, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағат дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын», деген болатын.
Пікір • 24 Қараша, 2021
Елбасы Н.Ә.Назарбаев жақында өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.
Тәуелсіздік • 24 Қараша, 2021
Тәуелсіздікті әлемге танытқан қазақ күресі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы шілде айында ұлттық спорттық бірегей жоба «Қазақстан барысы» турниріне бес жыл толған дүбірлі жарысқа бастан-аяқ қатысып, тәуелсіздік жылдары жаңаша бағыт алып, байырғы халықтық болмыс-бітімін сақтай отырып, заманауи жаңғыру арқылы дамып келе жатқан қазақ күресі жайлы толымды ой толғаған болатын.
Тарих • 23 Қараша, 2021
Өткен ғасырлардағы тарихи оқиғалар мен уақыттық кезеңдерді анықтауда археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған немесе жеке коллекционерлер қолында сақталған нумизматикалық материалдардың міндеті айырықша.
Қазақстан • 18 Қараша, 2021
«Көш келеді!Ағайын, көш келеді!Қарсы алдынан шық енді өскен елі, Бауырлармен қауышу оңай ма екен?! –Екі көзден еріксіз жас келеді», деп ақын ағамыз Исраил Сапарбай жырлағандай, тәуелсіздік тарихындағы баға жетпес байлықтарымыздың бірі – қазақ көші, яғни Алаш баласы азаттық алған тұста, алыс-жақын шетелде өмір сүріп жатқан қандастардың атажұртқа оралуы.
Қазақстан • 17 Қараша, 2021
Еліміз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бастап шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қандастар көші атажұртқа ағылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде: «Шетелдегі қазақ диаспораларының сан мыңдаған өкілі елдегі экономикалық дағдарыс пен тұрмыстың төмендігіне қарамастан, тәуелсіз Қазақстанға ағыла бастады. Олардың арасында белгілі ғалымдар, жазушылар, әртістер, суретшілер, қоғам қайраткерлері бар еді» деп жазғандай, азаттықтың ақ таңымен бірге атамекенге бағыт алған қазыналы көшке биыл 30 жыл толып отыр.
Тарих • 16 Қараша, 2021
Құнды мұралар музейге табысталды
Өткен аптаның аяғында, отандық археология ғылымының негізін қаласқан қайраткер ғалым Кемел Ақышевтың жеке заттары және Ақмола облысының, Атбасар ауданы, Тайпақ ауылы маңынан табылған қола дәуіріне тән көне жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне табыстау рәсімі өтті.
Руханият • 13 Қараша, 2021
Құнды мұралар музейге табысталды
Өткен апта аяғында, отандық археология ғылымының негізін қалаған қайраткер ғалым Кемел Ақышевтың жеке заттары және Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Тайпақ ауылы маңынан табылған қола дәуіріне тән көне жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.