Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1042 материал табылды

Руханият • 10 Қараша, 2020

Бату ханның алтын арғымақтары

Әлем тарихында қызықты оқиғалар көп. Соның бірі – Алтын Орда билеушісі, хандықтың территориясын Ертістен Дунайға дейін кеңейтіп, ұлан-ғайыр өлкеге билік жүргізген Бату (Батый) ханның «Алтын арғымақтары» жайлы аңыз.

Спорт • 10 Қараша, 2020

Рекордшы желаяқ

Марат Төлегенұлы Жыланбаев – қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш кәсіби марафоншы. Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының Фрунзе атындағы кеңшарында туған (кейбір деректерде Павлодар облысының Майқайың ауылында дүниеге келген делініп жүр). Марат он екі жасынан бастап, жеңіл атлетикамен айналысқан. Қыста шаңғымен ұзақ қашықтыққа жүгіріп, өзін үнемі шынықтырып отырған. Ал жазда қолы қалт етсе велосипедке мініп, кейде күніне жүз шақырымға дейін жол жүретін болған.

Спорт • 10 Қараша, 2020

Балуан Шолақтың шөбересі (Грек-рим күресінен әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Нұрмахан ТІНӘЛИЕВ жайлы толғау)

Қазақ танымында «балуан» ұғымы «Алып адам» дегенге саяды. Себебі далалықтар танымында балуан, яғни алып күш иесі: еңселі де еңгезердей, жойқын қармаулы болуымен ерекшеленген. Бізге белгілі орасан зор күш иелері – Балуан Шолақ, Қажымұқан аталарымыздың салмағы аз дегенде 8-9 пұттан жоғары болғаны анық.

Оқиға • 09 Қараша, 2020

Ағартушы Алдаберген

Мына фото Бай-өлке аймағында түсіріліпті. Сол жақта тұр­ған адам – Халық әртісі, көрнекті дирижер, педагог-профессор, халық күйлерін оркестрге лайықтаудың хас шебері Алда­берген Мырзабеков. Ал екінші адам – Қобда бетінің тумасы, дәулескер күйші, қазір Қарағанды қаласының тұрғыны Райхан Мұхаметұлы.

Оқиға • 09 Қараша, 2020

«Халық арна» екі тілде хабар таратады

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қыз­метінде жаңадан ашылған «Халық арна» телеарнасының ашы­луына байланысты баспасөз конференциясы өтіп, оған ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров, «Халық арна» кана­лының бас директоры Нұржан Дарқұлов, «Asyl arna» басшысы Мұхамеджан Тазабек қатысты.

Руханият • 09 Қараша, 2020

Қызылжардың құндылықтары

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өтілген басым бағыттардың бірі – «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің география­сы» жобасы. Осында айтылған идеялық басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы Мәдениет және спорт министрлігінің мақсатты бағдарламалық-қаржыландыру гранты бойынша «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» атты этнографиялық экспедициясын ұйымдастырған еді.

Руханият • 06 Қараша, 2020

Оразбайдың мәрттігі

Қазақта мәрт адам деген ұғым бар. Бұл көп жағдайда ауыл-аймақ, әулет-жекжаттың ұятын сақтап қалу үшін іс-әрекет жасайтын немесе жомарттың жолын байлап тұрған жоқшылықты көргенде, шын ниет, адал пиғылымен көмек қолын ойланбай созатын тұлғаны айтады.

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Алғаның жақсы болса...

Кез келген ер азамат өмірде жар таңдауда қателеспегені жөн. Атам қазақ «үйлену оңай, үй болу қиын» деп бекер айтпаған. Үйлену дегеніміз – жар таңдау. Сондықтан жақсы жар тапсаңыз, талабыңыз оң болып, тілеуіңіз қабыл болғаны сол. Бабаларымыз: «Алғаның жақсы болса, Бұл дүниенің шырағы» дейтін сөзді тегін айтпаған.

Сұхбат • 05 Қараша, 2020

Құсбегіліктің отаны – қазақ даласы

Тараз қаласында байырғы құсбегі, танымал этнограф, зерттеуші-натуралист Жапар Сатылғанов атты ақсақал тұрады. Бұл өзі қазақтың құсбегілік өнерінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген тұлға. Сонау заманның қиын кезінде жолын тауып  «Қауырсын  – құсбегілер» клубын құрып, құнды өнердің үзілмей жалғасуына еңбек сіңірген. 1980-ші жылдары «Қауырсын – табиғат достары клубы» атты құсбегілікті насихаттайтын кітап жазып, ол туындысы «Қайнар» баспасынан жарық көрген. Республикалық шығармашыл жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты (1981 ж). АҚШ-тағы «Ханкинг» саятшылар клубының мүшесі. 2013 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы жерінде өткен халықаралық «Бүркітшілер» фестивалінің бас төрешісі. Қазіргі таңда облыстық деңгейде тарайтын «Ұлы шаңырақ» атты саяси-қоғамдық, ұлттық-танымдық газеттің құрылтайшысы һәм редакторы. Жуықта, республикаға танымал қайраткер ағамыз елордаға келген кезекті сапарында жолығып, құсбегілік өнердің өткені мен бүгіні жайлы әңгіме өрбіткен едік. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.  

Білім • 05 Қараша, 2020

Меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұт Қасымбеков қатысты.