Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
808 материал табылды

Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

Коронавирус жұқтырған жұлдыздар не дейді

Соңғы мәліметке қарағанда Covid-19 дерті әлемнің 196 еліне тарап үлгеріпті. Шамамен 410 мың адам зардап шегуде көрінеді. Бір таңданарлық жағдай – бұл вирус адам таңдамайды. Тіпті әлем жұртты жақсы танитын, атағынан ат үркетін, денсаулығында иненің көзіндей кінарат жоқ жұлдыздардың өзі, нақтырақ айтқанда, белді баткетболшы, атақты аяқдопшылар дерт жұқтырып, емделіп жатыр.

Таным • 26 Наурыз, 2020

Мүшел есебі һәм жыл қайыру

12 жыл бір мүшелге жатады. Яғни, адам 12 жасқа толып, 13-ке аяқ басқанда алғашқы мүшелді толтырып, «Бозбала» немесе «Бойжеткен» атанады. Екінші мүшел – 25 жас. Нағыз жігіттік кезең. Үшінші мүшел – 37, төртінші мүшел – 49, бесінші мүшел – 60 жас... осылай кете береді. Ежелгі түркілер 5 мүшелді, яғни 60 жылды бір цикл (жарын) деп атап («Григориан» жыл есебіндегі ғасыр сияқты), заман барысын жаңартып отырған.

Руханият • 26 Наурыз, 2020

Жаңа жарынның басы – Темір тышқан

Жоғарыда атап өткеніміздей, бір мүшелге жататын жыл аттарының алғашқысы – Тышқан. Көне түркі жазбаларында «табығасын» деген атпен белгілі бұл жануар «жарын» есебінің бірінші жылы. Ежелгі түркілер бір жарында, яғни 60 жылда 12 жыл атауы бес дүркін қайталанатындықтан, қателесіп кетпес үшін оларға бес түрлі түс және бес түрлі материалдық зат атауын берген.  

Таным • 22 Наурыз, 2020

Тышқан жылы жайлы толғам

Қазақтың ежелгі жыл санау есебі – байырғы көшпенділер мәдениетінің бір үзігі. Яғни, сонау ғұн, сақ дәуірінен ірге тартып, кейінгі түркі қағанаты кезінде кең қолданыста болған, әрбір жылы 12 жануардың атымен атылып, уақыт өлшеу есебі Айдың қозғалыс фазасына негізделіп жасалған қазақ жыл санауы 5 мүшелге (цикл) жүгіндірілген өлшем.

Руханият • 21 Наурыз, 2020

Татулық тойы

Наурыз мерекесінің рухани ма­ңызын зорайтатын тетіктерінің бірі – татулық мейрамы екендігі. Яғни наурыз күні араздасқан адамдар кешірісіп, татуласады. Өйткені татулық – берекенің басы. «Төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау ала болса – ауыздағы кетеді» деген­дей та­тулықтың туы желбіреген жер­де елдің ырысы өседі, бағы артады, бола­­шағы баянды болады.

Руханият • 20 Наурыз, 2020

Арманымен ер сұлу...

Жуырда қытайлық кинематографистер жасаған тарихи сериалды тамашалап отырып, мына бір шағын эпизодты аңдадық. Бас кейіпкер патша уәзірлерін шақырып «Үш ұлымының қайсы мұрагерлікке лайық» айтыңдар дейді. Көпшілік көркем мінезді үлкен ұлды лайық көреді. Патша: - Ол лайық емес, өйткені оның бойында ұлы арман жоқ, яғни армандай алмайды, деді. Осы сөзді естігенде ойыма бірден атақты Шыңғыс қағанның «Арманың қанша асқақ болса, арғымағың сонша шабысты болады» деген ұлағаты орала кетті.

Таным • 20 Наурыз, 2020

Қазақ халқы ежелден жылқы баққан...

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты ма­қа­­ла­сында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды», дейді. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Қазақ халқы ежелден жылқы баққан, Артық көрген ат үстін алтын тақтан» десе, бұл тұрғыдан халқымыздың жылқытану қабілеті мен оның бағым-күтімі жайлы ілім-тәжірибесі жетерлік.  

Таным • 06 Наурыз, 2020

«Қатын» деген қадірлі сөз

Лингивист ғалым марқұм Рахманқұл Бердібаев «Кеңес дәуірінде қазақ тілінің 18 мың сөзі бұрмаланған, яғни мән-мағынасы өзгерген» депті. Осындағы мәні өзгеріп, мағынасы ауысқан атаудың бірі – қатын сөзі. Бұл термин ертедегі Түркі қағанаты кезінде билеушіден кейінгі екінші тұлға – оның сүйікті жарына берілетін құрметті атақ екен.

Абай • 05 Наурыз, 2020

«Мен – кішкентай Абаймын»

Ақмола облысы Зеренді ауданы оқу бөлімінің әдістемелік кабинеті өкілдерінің ұйымдастыруымен жергілікті оқушылар арасында белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, аталған ауданның құрметті азаматы Қорғанбек Аманжолдың қаламынан туған «Кішкентай Абайлар» атты өлеңді мәнерлеп оқудан байқау өтті.

Таным • 03 Наурыз, 2020

«Тап-таза» жігіт

Биыл туғанына 175 жыл толып отыр­ған жарықтық Абай атамыздың кейіске толы: «Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі. Сонда да көңілі тым-ақ тоқ, Жайқаң-қайқаң әр несі», деп басталатын алты шумақ жыры бар. Осында айтылғандай, рухани ілім-бі­лім­нен, қара­пайым өмірде шаһадат пен ғибраттан хабары жоқ пенделер жай­лы үлкен ғалым Мағаз ар-Рази: «Кім­­­нің уа­йымы жоқ, тоқшылығы көп болса, денесі майлы болады. Денесінің ма­йы көп адамда желік пайда болады. Же­лі­гі бар адам жамандыққа ұрынғыш ке­леді. Жамандыққа бойы үйренген адам­ның жүрегі қатыгезденеді. Жүрегі қа­тыгезденіп өлі күйге түскен пенде пәнидің қызықтарына батып кетеді» депті.