Әлем • 06 Қараша, 2019
Өлзийсайханы Энхтүвшин: Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту шарасын қолдаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында Ұлытауда өткен халықаралық туристік форумда сөз сөйлеп, қазақ даласында хандық құрған көшпелі империя Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту туралы шешім қабылдаған еді. Жуықта Халықаралық Түркі академиясы Президент бастамасын қолдау мақсатында жиын ұйымдастырды. Оған елімізге танымал ғалым-қайраткерлермен қатар, Моңғол елінің вице-премьері, тарих ғылымдарының докторы Өлзийсайханы Энхтүвшин бастаған ресми өкілдер қатысып, басқосудың маңызын арттырды. Осы орайда біз қадірлі мейманды сөзге тартып, алда өтетін ұлыстың ұлық мейрамы Алтын Орда тарихына қатысты шағын әңгіме өрбіткен едік.
Қоғам • 01 Қараша, 2019
Кеше елордада Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен алдағы жылы атап өтілуге тиіс Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған іс-шара өтті.
Руханият • 31 Қазан, 2019
Көрнекті ғалым, профессор Мекемтас Мырзахметов 2001 жылы «Парасат» журналының 9-санында жарық көрген «Рухани кәмпеске» атты мақаласында: «...Аса қатерлі мәселенің бірі – қазақ ұлтын жер бетінен тұтас жоғалтып жіберіп, олар жайлаған ұлан-байтақ, бай өлкені босату үшін жоспарлы бағдарламалар да болған. Бұл Ресейдің жеті қат жер астында сақталатын мемлекеттік құпиясы. Сондықтан ол құжаттарды ешқашан қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз» деп жазыпты.
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Өткен жұмада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ұлы дала тарихы: көне дәуірден қазіргі заманға дейін» атты Еуразиялық форум өтіп, оған еліміздегі Әзербайжан және Қырғыз Республикасының Төтенше және өкілетті елшілері, тарихшы ғалымдар, танымал түрколог-номадолог мамандар, сондай-ақ абайтану, фарабитану саласының жетекші ғылыми қызметкерлері қатысты.
Қоғам • 28 Қазан, 2019
Ел тарихының елеулі тұстары екшелді
Өткен апта соңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде отандық тарихшылардың ұлттық конгресі «Жошы ұлысы тарихының мәселелері» тақырыбында кезекті VII жиынын өткізді.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Жақында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы бірлесіп, «Ұлы даланың ұлы есімдері: идеялар мен тағдырлар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Руханият • 21 Қазан, 2019
Өткен жұма күні елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен танымал әдебиеттанушы ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің «Ұлы Дала әдебиеті» және «Қорқыт ата кітабы» атты туындыларының тұсаукесер рәсімі өтті.
Руханият • 18 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұжымының ұйымдастыруымен «Алтын Орда: тарих пен тағылым» атты дөңгелек үстел өтті.
Қоғам • 17 Қазан, 2019
Руханият • 17 Қазан, 2019
Үржарда туып, Ұлан-Батырда атылған қазақ
Он шақты жыл бұрын Ұлан-Батыр қаласында қазақ тілінде жарық көрген «Нәубет құрбандары» атты кітапта 1938-1950 жылдар аралығында атылған немесе қандай да бір жаза жүктеген 1250-ге жуық моңғолиялық қазақтардың аты-жөні жарияланыпты.