Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1165 материал табылды

Руханият • 26 Мамыр, 2020

Тамырластық тамыршысы

Биыл түбі бір түркі тілдес мемлекеттердің рухани әрі ғылыми интеграциясын жандандыру мақсатында құрылған Халықаралық Түркі академиясына 10 жыл толды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іргетасы қаланған ұйым 2010 жылғы 25 мамырда елордадағы Бейбітшілік және келісім сара­йында жұмысын бастаған-ды.

Әлем • 25 Мамыр, 2020

Таяу Шығыс тағы да дүрлікті

БҰҰ-ның Таяу Шы­ғыс­та тыныштық орнату жө­нін­дегі елшісі Израильдің «Батыс жағалаудың» кей бө­лік­терін аннексия жасауы туралы жоспарын айып­тады. Николай Младе­новтің сөзіне сүйенсек, мұндай қадам БҰҰ ұсын­ған екі мемлекет жоба­сына нұқсан келтіреді әрі Израиль мен Палес­ти­на­ның ортақ мәмілеге келуіне түбегейлі қайшы әрекет.

Әлем • 25 Мамыр, 2020

Пәкістанда ұшақ құлады

Пәкістанда ұшақ апатқа ұшырап, 97 адам қаза тапты. Карачидегі әуежайға қонар тұста құлаған әуе кемесі «Пәкістан халықаралық әуе жолы» компаниясына тиесілі.

Абай • 22 Мамыр, 2020

Ұлы ақын ұлықталған жиын өтті

Халықаралық Түркі академиясының 10 жылдығы қарсаңында түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту мақсатында «Абай және XXI ғасыр: дәуірлер сабақтастығы» тақырыбында онлайн конференция өтті.

Әлем • 21 Мамыр, 2020

Үдемелі салық жүйесінде шетелдік тәжірибелер ескеріле ме?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан үдемелі салық мәселесі қызу талқыға түсті. Қоғамды алаңдатқан бұл мәселенің футболшы Криштиану Роналду мен актер Жерар Депарьдеге қандай қатысы бар? Осы орайда Мемлекет басшысы ұсынған жүйенің әлемдік тәжірибеде қалай қолданылып жүргеніне көз жүгіртіп көрген едік.

Әлем • 21 Мамыр, 2020

Сауд Арабиясы қосымша құн салығын үш есе өсірмек

Сауд Арабиясы экономикасын қайта қалпына келтіру мақсатында қосымша құн салығын үш есе өсіруге ниетті. Сондай-ақ ай сайынғы жәрдемақы да келесі айдан бастап берілмейді.

Әлем • 20 Мамыр, 2020

Шетелдік БАҚ-қа шолу: Стратегиялық құжаттың кемшін тұсы бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысқаны мәлім. Аталған онлайн жиын барысында 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиялық дамуы талқыланды. Президент осы құжаттың кей бөлімін қайта талқылап, әлі де пысықтай түсу керектігіне назар аударған. Қ.Тоқаевтың осы ұсынысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен айтылды.

Экономика • 19 Мамыр, 2020

Мұнай бағасы өсіп келеді

Коронавирус салдарынан тоқыраған Қытай экономикасы қайта қалпына келіп, АҚШ жолдарында көліктер көбейген соң жанармай тұтыну көлемі артып келеді. Оған қоса мұнай бағасының өсуі де бірқатар үміт сыйлап отыр. Пандемиядан қатты зардап шеккен экономика бірте-бірте аяққа тұра бастады.

Әлем • 19 Мамыр, 2020

БҰҰ-ның Қазақстандағы миссиясы мемлекеттік тілге неге енжар қарайды?

Таяуда әлеуметтік желілердің бірінен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі таратқан жарнамаға көзіміз түсті. Жер-жаһанның басын құраған ұйымның Қазақстандағы миссиясы бірнеше қызметкер іздепті. Журналистік әуестікпен сілтемені ашып, хабарландыруды оқып шыққан едік. Үміткерге қойылған талаптардың бірі ойландырып тастады.

Әлем • 11 Мамыр, 2020

Тайваньның тағдыры саяси дауға айналды

Тайваньды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына бақылаушы ретінде тіркеу мәселесі халықаралық дауға ұласып барады. Нақтырақ айтқанда, АҚШ пен Қытай арасындағы жанжалдың бір бөлігіне айналатын түрі бар.