Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1436 материал табылды

Парламент • 22 Қазан, 2020

Бюджетте азаматтарды қолдауға басымдық берілді

Палата Спикері Нұрлан Нығматулин кеше Мәжілістің жалпы отырысын аша келіп, алдағы Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді және халқымыздың сайлауға қатысты жо­ғары саяси мәдениеті қалыптасқанын атап көрсетті. Ал жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары еліміздің басты қаржылық құжаттарының жобаларын мақұлдады.

Саясат • 21 Қазан, 2020

Халықтың құқықтық сауатын арттыру керек

Кез келген мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуіне парақорлық пен жемқорлық кедергі келтіреді. Сондықтан онымен күресу қоғам үшін маңызды міндет. Елімізде сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты азайту мақсатында кешенді шаралар атқарылып келеді. Таяуда осы бағыттағы жұмыстар туралы білу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетовті әңгімеге тарттық.

Әлем • 19 Қазан, 2020

Қырғызстандағы ахуал әлі күрделі

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетіп, оның орнына премьер-министр Садыр Жапаров мемлекет басшысының лауазымын уақытша атқармақ. Алайда көрші елдегі жағдай мұнымен тұрақталды деп айтуға әлі ерте сияқты.

Парламент • 16 Қазан, 2020

Сенаторлар халықтың тұрмысына алаңдаулы

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Отырыс барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң қабылдады.

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Түменбасының генералдан несі кем?

Егемен елдің қорғаны оның айбынды жауынгерлері мен қуатты да қабілетті армияға байланысты. Қазіргі таңда Қарулы Күштеріміз Қазақстанның берік қалқаны ретінде қалыптасып, жауынгерлік шебер­лік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді. Әйтсе де, күштік құрылымдардағы кей атаулар әлі күнге дейін Кеңес өкіметінің сарқыншағынан арыла алмай жүр.

Саясат • 15 Қазан, 2020

Жұмысшылардың құқығын қорғайтын құжат

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарыздық еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Коронавирус • 15 Қазан, 2020

Азиядағы ахуал да адамзатты алаңдатады

Коронавирус пандемиясы Азия құрлығына да оңайға соғып жатқан жоқ. Күн сайын шартараптың түкпір-түкпірінде 250 мыңнан астам науқас тіркелсе, со­ның 100 мыңға жуығы сары құрлыққа тиесілі. Әсіресе Үндістандағы жағдай өте қиын. Бүгінге дейін Боливудтың отанында вирус жұқтырғандар саны 7 мил­­­лион­нан асып кетті. 

Саясат • 13 Қазан, 2020

Үздік ауыл әкімдері анықталды

Уақыт талабына сай атқарылуы тиіс ауқымды міндеттер өте көп. Солардың арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, қоғам мен билік арасында тұрақты диалог, тиімді кері байланыс орнату міндеті үлкен маңызға ие. Сол себепті атқарушы билік қызметінің негізгі бағыттары болып саналатын азаматтық қоғамға қолдау көрсету, оның әлеуетін нығайта түсу, қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың талап-тілек, мұң-мұқтажына барынша жедел көңіл бөлу, азаматтардың құқығын қорғау мәселелері өз деңгейінде шешімін табуы тиіс. Бұл орайда жергілікті басқару органдарына да артылатын жауапкершілік ауқымды. Сондықтан да Президент Қ.Тоқаев жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру мәселесін күн тәртібіне шығарған болатын. Жергілікті биліктің тұрғындарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу, жергілікті бюджетті қалыптастыруға азаматтық қоғамның, яғни халықтың белсене араласуын жолға қою арқылы игі істер атқарылып келеді. Мәселен, биыл республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауын ұйымдастыру арқылы әкімдердің халықпен тиімді және кері байланыс орнату жөніндегі қызметі бағаланғанын ерекше атап өту ләзім. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауылдық округ әкімдерін жергілікті халықтың өзі тікелей сайлау арқылы таңдауға болатынын атап көрсетті. Егер солай болса, бұл өз кезегінде әкімдердің ел алдындағы жауапкершілігін арттыру бағытындағы оң қадам болар еді. Бүгін біз жоғарыда аталған жағдаяттарға орай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықпен кері байланыс орнату, жергілікті органдар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың ішкі мазмұнын сипаттайтын мақалалар топтамасын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.  

Әлем • 12 Қазан, 2020

Таулы Қарабақта атыс уақытша тоқтады

Сенбі күні Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері Мәскеуде келіссөздер өткізіп, Таулы Қарабақта атысты гуманитарлық мақсатта тоқтата тұруға келісті. Келісім 10 қазан күні жергілікті уақыт бойынша күндізгі 12.00-ден бастап күшіне енді.

Саясат • 09 Қазан, 2020

Сенаторларды ауылдың жағдайы алаңдатады

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен өткен Палата отырысында депутаттар Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялады.