Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1436 материал табылды

Саясат • 26 Сәуір, 2023

Қазақстан мен Кувейт арасындағы қатынастар нығаяды

Кувейт пен Қазақстан қазіргі таңда өзара құрмет пен тиімділік ұстанымдарына негізделген көпқырлы сыртқы саясат жүргізіп келеді. Биыл дамудың даңғыл жолына түскен Ислам елдерінің бірі Кувейт пен Қазақстанның дипломатиялық қатынастардың орнағанына отыз жыл толды.

Жастар • 25 Сәуір, 2023

Жалдамалының жазасы ауыр

Таяуда әлеуметтік желіде Ук­раинада соғысып жүрген ресейлік «Вагнер» қарулы ұйымының құрамына қосылған қазақ жігіті туралы бейнежазба тарады. Бас­тапқыда оны ұрлап әкеткені, әскери ұйым қатарына күштеп қосқаны туралы ақпарат айтылған. Кейіннен жігіттің өзі бейнежазба жолдап, өз еркімен қосылғанын мәлімдеді.

Мәселе • 25 Сәуір, 2023

Кезек күттірмейтін мәселе түбегейлі шешілуі керек

Жаңаөзен қаласында мұнай компанияларының басшылары жергілікті әкімдік өкілдерімен кездесіп, жұмыссыздық мәселесін талқылады. Жиын барысында жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды.

Әлем • 24 Сәуір, 2023

Қырғызстанда мемлекеттік тілдің өрісі кеңейеді

Қырғызстан Парламенті мемлекеттік тілге қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжатқа сәйкес ендігі жерде бүкіл мемлекеттік органдар қырғыз тілінде сөйлеуге тиіс. Айыр қалпақты ағайынның мұндай қадамға баруы уақыт еншісіндегі шаруа болатын.

Әлем • 23 Сәуір, 2023

Еуропада атом дауы толастар емес

Қазіргі таңда әлемді атомға қатысты екі мәселе алаңдатып тұр. Бірі – Украинадағы соғыс кезінде ядролық қару қолданыла ма деген сұрақ. Екіншісі – атом электр стансаларына қатысты. Бүгінгі шолуда осы екінші мәселеге, аз байытылған ураннан электр тоғын өндірудің жай-жапсарына тоқталмақпыз.

Сенат • 21 Сәуір, 2023

Бақылаудың жоқтығы – бағаның өсуіне себеп

Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиында сенаторлар «Қазақстан Республи­касының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режімі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Үкімет • 21 Сәуір, 2023

Жол апаты азаяр емес

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов­тың төрағасымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында екі заң жобасы ратификацияланды. Сондай-ақ депутаттар өз сауалдарын жолдады.

Экономика • 21 Сәуір, 2023

Ұлттық қордың көлемі қайтсе артады?

Күні кеше өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор мәселесіне тағы назар аударды. Президент бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеуді тапсырды.

Құқық • 19 Сәуір, 2023

Сепаратистер жазасыз қалмайды

Петропавлда сепаратизмді насихаттады деген күдікке ілінген өздерін «Халық кеңесі» деп атаған ұйымға қатысты сараптама нәтижесі шықты. Сараптама қорытындысына сәйкес, топтың белсенді үш мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Үкімет • 18 Сәуір, 2023

Әлеуметтік жауапкершілік артуға тиіс

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің бас­қарушы директоры Дерек Магнесс­ті қабылдады. Тараптар компа­ния жұмысындағы отандық үлесті арттыру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.