Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1165 материал табылды

Қоғам • 15 Қараша, 2021

Дариға НАЗАРБАЕВА: Үлкен Еуразиядағы кешенді диалогты қайта бастау керек

Кеше Нұр-Сұлтанда «Пандемиядан кейінгі жаңа әлемге көзқарас» тақырыбына арналған «Астана клубының» алтыншы отырысы ашылды. Әлемнің ең мықты 50-ден астам спикері, мемлекеттер мен үкіметтердің бұрынғы басшылары, сараптама орталықтары мен халықаралық ұйымдардың басшылары, әлемдік БАҚ өкілдері қатысатын отырыс аясында өзекті мәселелер талқыланбақ.

Қазақстан • 15 Қараша, 2021

Өнеркәсіпте қауіпсіздік қатаң сақталуға тиіс

Сенатта «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету: талдау, болжамдар және ұсыныс­тар» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров шараны аша келіп, Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағыты, оның ішінде Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін ашуға негізделуі тиіс жеті негізгі қағидатты белгілегенін атап өтті.

Үкімет • 10 Қараша, 2021

Салық кодексіне өзгерістер енгізіледі

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары бірқатар жаңа заң жобасын қарады. Отырыста депутаттардың бастамасымен әзірленген Салық кодексіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Әлем • 10 Қараша, 2021

Демократтар күйзелісі

ВАШИНГТОН. КОЛУМБИЯ ОКРУГІ. Бәлкім, Демократиялық партия­ны құлдыраудан президент Джо Байден мен оның Конгрестегі жетекші одақтастары құтқарып қалуы мүмкін. Бірақ олардың жұмысы ауыр. Егер объективті жағдайлар, әсіресе инфляция өзгермесе, сондай-ақ республикашылар қабілетті кандидаттар ұсынса, демократтар 2022 жылы өтетін Конгрестің аралық сайлауында қиындыққа ұшырауы мүмкін. Осылайша, 2024 жылғы президенттік сайлауда да оларға қауіп төнуі ықтимал.

Әлем • 10 Қараша, 2021

Неліктен COP26 конференциясы сәтсіз болады?

БЕРЛИН. Глазгода өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP26) үлкен халықаралық келісімге ұйытқы болуы мүмкін. Бірақ COP26 кезінде қандай тактикалық жетістік жасалғанына қарамастан, оның нәтижесі адамзат үшін стратегиялық сәтсіздікке айналуы ықтимал. Қоршаған ортаны қорғаушы белсенділердің үмітімен салыстырсақ, солай айта аламыз.

Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Заманауи полиция қандай болуы керек?

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалау туралы» Үкімет сағаты өтті. Отырысты ашқан Палата Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева 2018 жылы Елбасы ел азаматтарының қажеттіліктері мен мүдделеріне жауап беретін қазіргі заманғы полицияға деген сұранысын жоғары саяси деңгейде өзектендіріп, ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі бағдарламаны қабылдау міндетін қойғанын атап өтті. 

Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Қуғын-сүргінге ұшырағандар ақталуы тиіс

Елордада онлайн режімде «Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескен жеке-дара тұлғаларды, қоғамдық және саяси ұйымдардың қозғалыстарына қатысушыларды, сонымен қатар қызмет бабында, ғылыми, мәдени және басқа да салада мемлекеттік қудалау мен қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау жөнінде ұсыныстар дайындау үшін материалдар жинау бойынша тәжірибе алмасу туралы» тақырыптық семинар өтті.

Әлем • 08 Қараша, 2021

Шаянның бағасы – 7 мың доллар

Өткен аптада Жапонияда балық аулау портындағы аукционда қар шаяны 7 050 долларға сатылды. Фукуи префектурасында болған ерекше сәт қысқы дәмді тағамдар маусымының ашылуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Әлем • 08 Қараша, 2021

1 триллиондық құжат мақұлданды

АҚШ Конгресі магис­траль, кең жолақты және басқа инфрақұрылымды жақсартуға арналған 1 триллион долларлық заң жобасын қабылдады. Сөйтіп құжатты президент Джо Байденге қол қою үшін жіберді.

Әлем • 08 Қараша, 2021

Сьерра-Леонедегі жарылыстан жүзден аса адам қаза тапты

Сьерра-Леоне астанасы Фритаун қаласында жанармай құйылған танкер жүк көлігімен соқтығысты. Жарылыс салдарынан жүзден аса адам қаза тапты.