Қоғам • 20 Қаңтар, 2021
Өткен аптада VII шақырылымдағы Парламенттің алғашқы жалпы отырысында депутаттар халық алдында ант қабылдағаны мәлім. Бір сағаттан аса уақытқа созылған бұл рәсімнің «қызық-шыжығы» жетерлік.
Парламент • 18 Қаңтар, 2021
Мәжіліс комитеттерінің құрамы бекітілді
Парламент Мәжілісінде VII шақырылымның бірінші сессиясы ашылып, алғашқы жалпы отырыста жаңа сайланған депутаттар ант берді. Жиын барысында Палатаның Төрағасы, Мәжіліс комитеттерінің төрағалары сайланды. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Премьер-Министр лауазымына тағайындауға келісім беруі үшін Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2021
Коронавирус қайта өршіп келеді
Әлемнің бірқатар елінде вакцина салу басталып кеткеніне қарамастан коронавирус пандемиясы әлі де бәсеңдемей тұр. Тіпті кей мемлекеттерде вирус өршіп барады. Соған байланысты қатаң шектеу шаралары күшейтілмек. Шартарапта індет салдарынан қайтыс болған адамдардың саны екі миллионнан асты. Жалпы, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы бері 93,4 миллионға жуық адам вирус жұқтырған. Өкінішке қарай, Еуропада күн сайын мыңнан аса науқас көз жұмады.
Үкімет • 18 Қаңтар, 2021
Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының алдында фракциялардың жетекшілерімен кездесті.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2021
Бауырластықты бекемдейтін басылым
Халықаралық Түркі академиясы елордада Әзербайжан мен Қарабаққа қатысты бірнеше кітаптың таныстыру-тұсаукесер рәсімін өткізді.
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Ауыз сумен қамтамасыз етуге субсидия бөлінеді
Кеше Сенаттың жалпы отырысы өтіп, жиын барысында екі заң жобасын талқылады. Палатаның 2021 жылғы алғашқы отырысын ашқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты өз пікірін білдірді.
Әлем • 14 Қаңтар, 2021
Қарабақ түйіні тарқатылып келеді
Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян үшжақты кездесу өткізіп, Таулы Қарабақ мәселесін талқылады.
Технология • 12 Қаңтар, 2021
Қауіпсіздік сертификаты қауіпсіз бе?
Елордада «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығу жиыны өтті. Соған сәйкес астаналықтар кей шетелдік интернет-ресурстарға кіре алмай қалды. Яғни жаһандық желіде желсіз жүзу үшін «қауіпсіздік сертификатын» орнату қажет. Тавтология үшін кешірім сұраймыз, бірақ «қауіпсіздік сертификатының» қауіпсіздігінен қаупі басым секілді.
Сұхбат • 12 Қаңтар, 2021
Халыққа құрмет тілін игеруден басталады
Бүгінде Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, жұмыс істеп жүргендер жетерлік. Әдетте шетелдіктер жергілікті халықпен тілдесу үшін орыс тілін таңдайтыны белгілі. Бірақ арасында қазақ тілін меңгеруге ден қойып жүргендер де бар. Солардың бірі – Ракель Рейнегул. АҚШ-тың тумасы бүгінде елордада ағылшын тілінен дәріс оқиды. Оған қоса, Ракель YouTube-тағы жеке каналында Қазақстандағы өмірі, қазақ тілін үйренуге қатысты түрлі видео түсіреді. Таяуда Ракельмен шағын сұхбат құрудың сәті түскен еді.
Саясат • 12 Қаңтар, 2021
Ассамблея атынан тоғыз депутат сайланды
Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті.