Қоғам • 11 Қаңтар, 2023
Экономикалық қарақшылық нарықты да, халықты да діңкелетіп отыр
Заңды белінен басып, авторлық құқықтардан аттап өтіп, өтімді тауарлардың көшірмесін жасау – кез келген мемлекеттің басын қатырып келе жатқан өзекті мәселенің бірі. Түрлі технологиялар дамыған сайын экономикалық қарақшылық та заманауи сипатқа ие болып, контрафактілік өнімдер ел экономикасына орасан зиянын тигізіп отыр.
Өнер • 10 Қаңтар, 2023
Осыдан 33 жыл бұрын «Медеу» мұз айдынында тұсауын кескен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі аз уақытта талай дарынды танытқаны баршамызға аян. Осынау музыкалық думан аясында өткен қызықты да тосын оқиғалар жадымыздан шыға қойған жоқ. Әлемнің әр шалғайындағы даңқы жер жарған өнерпаздарды Алматы төрінде тоғыстырып, әлі танылмаған жас әншілердің томағасын сыпырған да осы «Азия дауысы» болатын. Өкінішке қарай, аталмыш фестиваль кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты тоқтап қалған еді. Енді, міне, араға 18 жыл салып «Азия дауысы» үлкен сахнаға оралды.
Медицина • 09 Қаңтар, 2023
Мегаполистегі ең ірі емдеу мекемелерінің бірі – №7 қалалық клиникалық ауруханасының операциялық бөлімшесі бар жаңа қабылдау бөлімі жұмысына кірісті. Алматы халқының ауқымды бөлігіне ем-дом жасап, дертіне дауа тауып келе жатқан аурухананың жаңа қабылдау бөлімі шамамен 2 мың шаршы метрді алып жатыр.
Медицина • 09 Қаңтар, 2023
Күту парағы – екі жылда донорлық ағзаға зәру 558 пациент көз жұмды
Талқылауға да, төрелік айтуға да ең ауыр тақырыптың бірі донорлық ағза мәселесі дер едік. Қаншама жерден қайырымды, ізгі адам болсаңыз да, кенеттен қайтыс болған жақын адамыңыздың ағзасын өмір мен өлім арасында жатқандарға беруге дәтіңіз жете ме? Яки жеке өз басыңыз осындай өсиет қалдыра аласыз ба? Ислам діні бұған қандай пәтуа шығарады? Трансплантологияға қатысты заң тетіктерінде түйткілдер бар ма? Ойлаудың өзі – ауыр. Алайда мұндай тағдыршешті қадамға бару үшін донорлық ағзаға мұқтаждықпен күні өтіп жатқан жандардың азабы туралы тереңірек білуге тура келеді.
Медицина • 04 Қаңтар, 2023
Жұқтырылған иммун тапшылығы созылмалы аурулар қатарына қосылмақ
Төрт түрлі жолмен жұғатын және әлі күнге дейін толық шипасы табылмаған адамның иммун тапшылығы вирусының анықталғанына да 40 жыл болды. Оқырманға түсінікті болуы үшін емі жоқ вирусты жұқтырған жағдайда, бұл ағзадағы қорғаныш жүйесіне жауап беретін CD4 жасушаларын біртіндеп жоя отырып, уақыт өте келе ЖИТС-ке айналатынын айта кетейік. Аурудың асқыну сатысы CD4 клеткаларының азаюына қарай анықталады. Дегенмен оның ем-домын үзбей қабылдап, өз құпиясымен қалыпты өмір сүріп жатқан жандар бар.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2022
80 мыңға жуық шаңырақ қоныс тойын тойлады Әу баста үйсіз-күйсіз жүрген отандастарымызды түрлі қаржылық тетікпен баспаналы ету үшін құрылған «Отбасы банк» көздеген мақсатына толық жетті деуге болады.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2022
«Кублей» зауытына қатысты бітпейтін дауға бүгін нүкте қойыла ма?
Екі жылдан бері айналасынан дау-дамай арылмай келе жатқан «Кублей» зауытына қатысты бүгін сот соңғы сөзін айтуы тиіс. Сот шешімі отандық өндірушінің пайдасына шешіле ме, әлде жергілікті биліктің ығына жығыла ма, мұны екі тарап та күтіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 24 Желтоқсан, 2022
Алматыдағы «Совминканың» жетекші кардиохиругтары шеберлік дәрістерін бастады
Алматыдағы бұрынғы «Совминка» атауына ие болған «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ әуел бастан өзін отандық медициналық ғылымның жол бастаушысы. Сөзіміз дәйекті болуы үшін тек биылдың өзінде аурухана базасында халықаралық деңгейде ондаған алдыңғы қатарлы конференциялар, воркшоптар, шеберлік дәрістері өткізілгенін айтуға болады.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022
«Кублей» зауытына қатысты дау жалғасын тапты
Тараптар келісімге келе алмағандықтан «Кублей» зауытына қатысты дау бүгін қайта жалғасын тапты. Зауыт иелерінің талап арызы бойынша іс бұдай былай БҚО облыстық сотында жалғасатын болды. Бүгінгі сот отырысына отандық БАҚ өкілдері онлайн қатысты.
Өнер • 21 Желтоқсан, 2022
Тағдырлы жандардың да талантының танылуына қолдау көрсетіп келе жатқан Efes Art Space өнер кеңістігі биыл ерекше жаратылған екі суретшінің «Көбелектердің әңгімесі» атты көрмесімен жылды қорытындылады.