Қазақстан • 13 Сәуір, 2022
Медицина саласындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі өсе ме?
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу, құжаттарды сол тілде әзірлеу талабы жыл сайын күшейіп келеді. Демек бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерге тіл үйрету мәселесінің маңызы қай кездегіден де артып отыр. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге сай қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру – бүгінгі өзекті мәселе.
Медицина • 13 Сәуір, 2022
Ғасырмен құрдас қарияға операция жасады
Медициналық технологиялар дамып, заманауи дәрі-дәрмектер жетілдірілген сайын адамдардың өмірі ұзарып, бұрын емге көнбейтін кеселдердің көпшілігінің шипасы табылып тұр. Егер науқастың жағдайы көтерсе, жасына қарамай күрделі оталар жасалынып, дерттің дауасы табылып жатқаны сирек оқиға емес. Мәселен, жуырда Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 100 жастағы кейуанаға сәтті операция жасады.
Қоғам • 13 Сәуір, 2022
Аутизм диагнозы неге жиі қойылады?
Жыл өткен сайын кез келген кеселдің көрсеткіші көтеріліп барады десек те, бұл жағдайдың бір қырын диагностиканың жақсарып келе жатқанымен байланыстырған жөн. Қалай десек те, қандай да бір дерттің ерте бастан анықталуы оның дауасын дер кезінде табуға бастайтыны сөзсіз.
Медицина • 08 Сәуір, 2022
Сауыққысы келгендер дәрігерге септеседі
2013 жылдан бері елімізде Ауруларды басқару бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарламаға дүниежүзінде белең алған артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі, 2 типті қант диабеті енген.
Қоғам • 06 Сәуір, 2022
Перзентханаға бес «Камаз-бен» келді
Өмірде перзентханада болған қызықты хикаялар өте көп-ақ. Әсіресе, қазіргі заманда сәбилі болған жастар қуаныштан қиялдарына ерік беріп, сән-салтанаттың сан түрін ойлап тауып жүр. Дегенмен, Алматыдағы №4 перзентхана қызметкерлері айта-айта жүретін оқиға болды. Аты-жөнін жарияламауды сұраған азамат перзентханаға КАМАЗ көліктерін шерулетіп келді. Бақытты әке төрт килоға жетеғабыл туылған балпанақтай ұлы мен әйелін перзентханадан осылай алып кетті.
Медицина • 06 Сәуір, 2022
ДДҰ демонстрациялық алаңы – Есік қаласында
Жуырда елімізге іссапармен келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге Алматы облысының Есік қаласына аймақтағы алғашқы демонстрациялық алаңның салтанатты ашылуына барды. ДДҰ-ға қарасты мұндай алаңдар Швеция мен Испанияда ашылса, оған енді Қазақстан қосылып отыр.
Медицина • 03 Сәуір, 2022
Мыңдаған бала ерекше күтімге зәру
Күн сайын жарық дүниеге кәдімгі сәбилермен қатар, тумай жатып тағдыр талқысына душар болған дімкәс нәрестелер келіп жатады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар әке-шешеге де оңай тимейтіндіктен, оларға өмір бойы дерлік қолдау мен көмек қажет. Ерекше күтімді қажет ететін сәбилерді аяғынан тұрғызу, өмірге бейімдеу, мамандарға қарату мен тағы басқасы төзімділік пен уақытты ғана емес, көп қаражатты қажет ететіні аян.
Коронавирус • 29 Наурыз, 2022
Коронавирус қаупін ұмытпаған абзал
Күн мен түнді теңестіріп, жарықтың үлесін ұлғайтқан жыл басы да келді. Барыс жылы екі жыл бойы елді үрей құшағында ұстаған індетті ысырғаны да, ұмыттырғаны да рас. Бірақ коронавирустан толық құтылдық па? Енді емін-еркін жүруге бола ма? Мерекелерден кейінгі эпидемиялық ахуал қандай?
Қазақстан • 28 Наурыз, 2022
Қазақстанға ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы келді
Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгенің Қазақстанға үш күндік ресми сапары Алматыдан бастау алды.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2022
40 шақты шағын кәсіпорын тауарларын экспорттауды меңгерді
Еуропалық Одақ қаржыландыратын Ready4Trade Орталық Азия жобасының 5 күндік коуч-сессияларының арқасында еліміздің 40-тан астам шағын және орта кәсіпорны (ШОК) шетелге тауарларын экспорттаудың жолдарын меңгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.