Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2372 материал табылды

Медицина • 14 Шілде, 2021

Алматыдағы Телемедицина орталығы КВИ жұқтырған 3 мыңнан астам науқасты бақылап отыр

Алматы қаласында Телемедицина орталығының қызметкерлері КВИ жұқтырған 3 мыңнан астам науқасқа қашықтан кеңес береді әрі күн сайын мониторинг жүргізеді. Бүгінде Алматыдағы Телемедицина орталығындағы дәрігерлері 3527 науқасты және стационарға шыққан 49 пациентті бақылап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Шілде, 2021

Белгіленген мерзімінен бұрын берілді

Биыл Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс бойынша жаңадан 8 мектеп және 17 жапсарлас мектеп салынып, оқу орны тапшылығы 75% қысқаруы тиіс.

Өнер • 13 Шілде, 2021

Бұғау ішіндегі бұлқыныс

Таланттар әлемнің қай қиырында тұрса да, оның тамырын бүлкілдеткен қан ұлтын, болмысын сөйлетпей тұрмайтыны ­даусыз. Біраз жылдан бері Берлинде тұрып келе жатқан Гүлнұр Мұқажанованың да қолтаңбасына қарап, қазақтың баласы екенін болжау қиын емес.

Өнер • 11 Шілде, 2021

«Спартактың» оралуы

Оркестр үшін де, балет әртістері үшін де күрделі қойылым жарты ғасырдан соң қайта сахналанды. Қалай айтсақ та, үлкен өнер ошақтарында бұрынғы көңіл күй мен сән-салтанатты оқиғалар жоқ. Оқшауланған театрда бір-біріне үрке қарайтын көрермен де баяғыдай емен-жарқын қауыша алмайды. Бірақ осының бәріне қарамастан, бекзат өнерге адалдығынан танбаған театр труппалары ізденістерін тоқтатқан жоқ. Алаңсыз күндердің қайта оралатынына үміттенетін шығармашылық ұжымдардың шымылдықтары шаттықпен түрілетініне біз де сенеміз.

Технология • 11 Шілде, 2021

Жас отандастарымыз дәлдігі МРТ-дан жоғары жобаны ойлап тапты

Медицинадағы озық технологиялардың мүмкіндігі біз ойла­ғаннан әлдеқайда жоғары. Дер кезінде дұрыс диагноз қойып, емдеу ісінде жаңылыстырмайтын құрал-жабдықтардың игілігін пайдалану – заман талабы.

Аймақтар • 10 Шілде, 2021

Алматыда 40-қа жуық мекеме Ashyq жобасынан шығарылды

Қала әкімдігінің мәліметінше, екі апталық тексеруден кейін 39 кәсіпкер Ashyq жүйесінен шеттетілген.. Ендігі жерде талап сақтамағаны үшін оларға жүйеге кіруге тыйым салынды.  Бүгінде қала бойынша жобада 2300-ден астам қатысушы бар. Ashyq жүйесі карантин режимінде жұмысты қалпына келтіруге септігін тигізді. Кәсіпкерлік нысандардың жұмысын мониторингтік топтар тексереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус • 08 Шілде, 2021

Алматыда індетке шалдыққандар он есе көбейді

Алматының бас санитар дәрігерінің сәуегейлігі расталып, соңғы жұмада үнді штамының таралуына байланысты мегаполисте коронавирустың төртінші толқыны басталғаны ресми түрде мәлім болды.

Коронавирус • 08 Шілде, 2021

Қуыршақ театрының 90 пайызы екпе салдырды

Еліміздегі ең көне театрлардың бірі – Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театрының негізі 1935 жылы қаланған. Қазақстанның басқа қалаларында қуыршақ театрлары кейінірек 80-жылдары құрылса, 85 жылдық тарихы бар қуыршақ театрының жүздеген пьесасы бар.

Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Алматы ХҚО-лары тағы да бронмен қабылдайтын болды

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 2021 жылғы 07 шілдеден бастап Алматы қаласындағы ХҚО-лар азаматтарды қайтадан тек алдын ала брон арқылы қабылдайды. Сондай-ақ ХҚО қызметкерлері клиенттердің мәртебесін Ashyq қосымшасы арқылы тексереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Ashyq «қызыл» мәртебелі бір жарым мың алматылықты анықтады

Алматыда Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR-коды арқылы сканерлеу нәтижелері бойынша 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебелі екендігі анықталды.