
Әдебиет • 29 Қараша, 2023
«Сыртым – бір қоңыр бағлан, ішім – бір кекті қабылан. Қабылан айбат шегеді, қабанға азу жаныған. Өз ішін танып-білмеген, өзгені қашан таныған?» (Несіпбек Айтұлы). Бұл жолдарда бәрі өзіңді танудан басталатынын меңзеп қана қоймайды, бүкіл жан дүниесінің қарсылығын әйгілейді. Ал егер ішіне кек қатып ашынса, қабыланың алмайтыны жоқ.
Өнер • 27 Қараша, 2023
Өнерді қадірлейтін өрелі жора қайда?
Өнердің құнын білу қоғамның өзіне байланысты. «Қазаққа өлең деген бір қадірсіз», деп Абай ана заманда күйінген, сол әлі келе жатыр. Бұл – ащы да болса шындық.
Қоғам • 26 Қараша, 2023
«Этика, эстетика, эпика. Осы үш иенің ортасында Алпамыс Файзолла бар. Сондықтан бұнда поэзия бар. Лирика, ұсыныс, сауал бар... Алпамыс жырларынан аспанды көреміз, Абайды көреміз. Абай барлық ақынға вакцина. Арықтап, шөлдеп, шаршап келе жатқанда Абай атты вакцинаны бір құйып алған кезде мына Алпамыстай ақындар пайда болады. Алпамыста қара өлеңнің ғажайыптары бар. Қара өлең – ақын үшін допинг. Әлемдік деңгейдегі ең ұлы ақын кім десек, ұлтының дәстүрін, тамырын, қанын ұмытпаған ақын. Сондықтан, Алпамыс бауырым, сенің жанқалтаңда он шақты ғасыр бар, ұлы қара өлең бар, әлемнің қай жағынан да көрінетін ұлы Абай бар. Сен – тәуелсіз Қазақстанның ең тамаша ақынысың». Бұл – белгілі ақын Сұраған Рахметұлының жас шайыр Алпамыс Файзолланың жыр жинағының тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзі.
Тағзым • 22 Қараша, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ лирикасы және Марфуға Бектемірова поэзиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Белгілі ақын һәм аудармашы, публицист марқұм Марфуға Бектемірованың шығармашылығына арналған рухани іс-шарада қазақ жырының өрісі, тәрбиелік мәні мен танымдық сипаты туралы тақырыптар қозғалды.
Әдебиет • 21 Қараша, 2023
Өлең-жырдың жүйрігі Жамбыл тоқсан жастан аса бере Грузияға барғаны жөнінде дерек бар. Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» дастанының 750 жылдығына байланысты шығармашылық сапар туралы мәліметтерді ғана емес, біз соған байланысты туған екі бірдей өлеңді білеміз.
Тарих • 19 Қараша, 2023
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың арманы мен мұраты, ойы мен мүддесі белгілі әдебиетте. Өзі айтпақшы, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып Күн болам» дегеннен асқан не мұрат керек. Ақыры солай болды да. Мұрат-мүддесі болған соң оның қайғысы мен қапасы, мұңы мен наласы және бар. Біздіңше, Сұлтанмахмұттың наласы деген оқшау тақырыпты әдебиетке енгізген жазушы – Мұхтар Мағауин. Жиырма жеті жыл ғана жасаған ақынның күнделігінде бірер сөйлем, бір топ өлең ретінде сақталып, күллі қазақ даласына тараған, өң өкініштісі, сол кезде, заманында қалып қойған нала емес. Және жалғыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ғана емес, күллі қазақтың наласы мен көз жасы.
Әдебиет • 13 Қараша, 2023
Көз жастан көктеген қайсар мұң
Оның өлеңдері жүрек пен жанның бітісінен естілген үндей нәзік. Нәзік те болса қайсар. Болмашы ғана сол өмір лебі бұрқанса, дауыл тұрғызуға қауқарлы, күбірлеп-сыбырласа, шым-шымдап бойыңды билеп алады. Ақынның оқырманы көп болатыны содан болуы керек. Дәурен Берікқажыұлы жырларында артық сөз, әдемілікке жетемін деп әлеміштеген жасанды тіркес жоқ.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Ресейдегі Қазақстанның елшілігінде «Шәкәрім – Абай мұрасының ізбасары» атты дөңгелек үстел өтті. Абай аманатына адалдық танытып, көкжиегін кеңейткен қазақ ойшылының 165 жылдық мерейтойы Ресейде өтуіне Қазақстанның елшілігі мұрындық болды.
Әдебиет • 01 Қараша, 2023
Адам жанына тереңірек үңілген сайын түпкі сезімдері мен бейсана әрекеттері ашыла бастайды. Түпсана деуге келетін шығар бұларды. Тіпті кейбірі оқыс, төтен, шетіндеу көрініп жатады. Қуанғанда, қайғырғанда бір-біріне ұқсағанымен, кісі баласы қатты күйзеліп, жаны мұрнының ұшына келгенде, ашыққанда, ашуланғанда әртүрлі мінездер шығаратынын әдеби шығармалардан көптеп кездестіруге болады.
Көрме • 24 Қазан, 2023
«Түркістан екі дүниенің есігі ғой», (Мағжан) яғни екі дүниенің қақпасы екенін әйгілегендей көрме Республика күні мен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммитіне орай Ұлттық музейде өтті. Мұнда Қазақ хандығының ғана емес, ұлы Тұран, түркі елдері орталығының тамырлы тарихынан сыр шертетін жәдігерлер кімді болсын бейжай қалдыра қоймас.