Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
417 материал табылды

Мәдениет • 05 Қараша, 2025

Қазақ әнінің Қайраты

Дүниеде әнге айналып кеткендер көп емес, әрине. Әнге айналмақ түгілі, адам сүйер жанға айналып өткенге не жетсін?! Ал ән деген... әлемді әлдилеген құдірет емес пе? Абай Алланың хикметіне балаған махаббат, әділетті сезім сынды қасиеттің бәрі ән кеңістігінен менмұндалап көрінеді. Және ол қазақ әндері болса. Махаббат та, сезім де, сиқыр да, данышпандық пен әулиелік те түпсіз терең қазақ әндерінің бойынан қылаң ұрады.

Өнер • 23 Қазан, 2025

Бирмингемнен жүлделі оралды

Режиссер Әнуар Матжановтың «Жезтырнақ» атты хоррор-комедиясы фестивальдік сапарын табысты жалғастырып келеді. Фильм Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен «Birmingham Horror Film Festival & Convention фестивалінде» «Best Score» (үздік нәтиже) аталымын иеленді.

Көрме • 21 Қазан, 2025

Пикассоның бірегей туындылары

Астанада қазір әлемге әйгілі суретші Пабло Пикассоның бірегей туындыларының көрмесі өтіп жатыр. Халықаралық «Lumiere-Hall» музейі ұйымдастырған көрмеге Германия, Бельгия және Францияның жеке коллекцияларынан алынған шебердің 51 литографиясы қойылған.

Кино • 21 Қазан, 2025

Батыр Байтасов туралы фильм

Қазанның 22-сі күні Астанадағы «Kinopark 7 IMAX Keruen» кинотеатрында «Капитан Байтасов» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтеді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ш.Ай­манов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бірлесе түсірген туынды шынайы оқиғаға негізделген.

Өнер • 17 Қазан, 2025

Сезімді селт еткізген соната

«Олар Бетховеннің «Крей­цер сонатасын» ойна­ды. Бірінші бөлімін білуші ме едіңіз? Білесіз ғой. Түу... бұл соната мас­қара ғой. Әсіресе осы бөлімі. Жал­пы, музыка дегенің масқара ғой. Бұл не бұл? Түсінбеймін мен. Музыка деген не? Ол не істетпейді? Сол істегенін неге істейді ол? Музыка адамның рухын көтеруге көмектеседі деседі. Сандырақ, жал­ған!» деп салады Лев Толс­той «Крейцер сонатасы» повесінде.

Таным • 14 Қазан, 2025

«Москвичтің» атасы – «Opel»

Ығы-жығы, шу-шұрқан шаһар кептелісінде мұндай көліктер көзге көп шалына бермейтіні белгілі ғой. Әйтсе де, анда-санда, арагідік көзге түссе, назар аудартпай қоймайды. Сондай сирек көліктің бірі мына «Москвич-403»-тің зауыттан сүйегі сомдалып, дөңгелегі жерге тигелі 60 жыл толыпты.

Өнер • 11 Қазан, 2025

Айтулы сахнада ән салды

Қазақстанның Ха­лық әр­тісі Димаш Құдай­берген Нью-Йоркте осымен екінші рет жеке концертін берді. Әлем таныған Алаш баласы бұл жолы Майкл Джексон, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли және «Битлз» өнер көрсеткен Madison Square Garden аренасында 20 мыңға жуық көрерменді аузына қаратты, жан­күйерлері қазақ әндерінің қайырмасын қоса шыр­қады.

Әдебиет • 08 Қазан, 2025

Мұрын (үштаған)

Жүсіпбектің жұмбағы Жүсіпбек Аймауытұлының «Күнікейдің жа­зығы» повесін мектеп жасынан ке­йін қайыра бір парақтап отырып, таңғалғанбыз.

Тағзым • 07 Қазан, 2025

Сарғайып жеткен қоңыр күз...

Астананың күзі кейде Есенғали Раушановтың жырларына ұқсап кетеді. Селеудей сарғайып көріседі де, қаулаған оттай күреңітіп, жалқыны талаурап, сөнбей жатып алады. «Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше» деген ақын неге бұлай жырлағаны сонда байқалатындай. Шайырды еске алуға арналған «Ұшты менің құстарым бұлттан әрі» атты поэтикалық кеш К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп, қазақ әдебиетінің классигі туралы бірсыпыра естелік айтылып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.

Әдебиет • 03 Қазан, 2025

Жүрек не дейді, жұрт не дейді?

Жазбағымыз ет пен сүйек жыры. Абай «ет жүрексіз, ерніңнің айтпа сөзін» деп дүниенің хикметін жалғыз ауыз лепеске арқандап қойғандай көрінеді де тұрады. Осы шумақты оқып, жан-тәнімен сезіну өз алдына, онымен өмір сүрген жанның өмірін біз қазір көрмек түгілі елестете аламыз ба? Қандай да бір мәселе, әлдебір тақырыпты байыптай келгенде, Абайға тіреле беретініміз де осыдан шығар мүмкін.