Мәдениет • 03 Тамыз, 2024
Әбікей күйші дегенді естуіміз ғана бар-тын. Білмеймін әйтеуір Әбікей десе, жадымызда күйші деген сөз жаңғырады. Ғаламторды ақтарсаңыз, аз ғана мәлімет ұшырасады. Толымды ақпарат жоқ. Уикипедияда күйші екені, жалғыз күйі қалғаны туралы мәлімет бар. Қобызшылар туралы материалдарда Әбікей жөні біресе Исаұлы, біресе Тоқтамысұлы болып шығады.
Әдебиет • 30 Шілде, 2024
Қазақ әдебиетінде ит туралы бір шығарма болса, Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» туындысы шығар. Онда ит туралы әңгіме жоққа тән, бірақ. Тазы туралы десе, әңгіме бөлек. Қазақ «иттің бәрі тазы емес, еттің бәрі қазы емес» дейді. Тазыға қасиет деп қараған абзалырақ. Аталған повесте де солай.
Мәдениет • 27 Шілде, 2024
Егер қажет деп тапсаңыз, уақытты «тоқтатып қоятын» бір жер бар. Қазір уақыт қарбалас болса да, өзіңмен-өзің қалып, ішіңе үңілетін орын қалса, ол кітапхана шығар. Бізде ғана емес, әлемдік ахуал солай. Ал кітапханаға кірсең, кеңістік басқа. Байыздап, өзімен-өзі кітап оқып отырған оқырмандарға қарап сүйсінесіз.
Мәдениет • 25 Шілде, 2024
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің «Änew – müňýyllyklardan gözbaş alýan medeniýet» (Әнеу – мыңжылдық мәдениеттің мәйегі) атты кітабының таныстырылымы өтті. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Түрікменстанның Астанадағы мәдениет күндері аясында Қазақстандағы Түрікменстан Елшілігімен бірлесе ұйымдастырылды.
Қоғам • 19 Шілде, 2024
Шалма тастайтындар қалды ма осы?
Көз ашқалы танып-білгеніміз – ел ішінің өмірі. Кеше жұмысқа кіріп бара жатсам, шабылған көк шөптің иісі мұрынымды жарып барады. Амалсыз бұрылып қарасам, редакцияның алдындағы азғантай ғана шөпті шауып тастаған екен тиісті кісілер. Кеудемізге жастай сіңіп қалған иіс ауылда әкем мен ағатайыма еріп, ат шалғымен шөп шабуға барған балалығымды еске түсірді.
Әдебиет • 17 Шілде, 2024
Сағидың жырларындағы сыршыл лириканы қазір емге таппауыңыз мүмкін. Сананы техника билеп барады ғой өйткені. Әу баста темірден сескенген адамзат баласы. Мыстан кемпір, жез тырнақтар сияқты мыс, темірден құйылған жаратылыстар түбіне жетерін сезгенін аңғару қиын емес. Тұрмыс техникаға тәуелденген сайын сананың да солай қарай ауарын айтып жатпайық. Ал оңаша отырып Сағи Жиенбаевты оқысаң, ішің жылып қалады.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
Біздің ауыл Жаңаарқаға жақын болғаннан ба, «жынды Әбен» туралы жастай естіп өстік. Ауылда әркім айтып қалып жүретін. Кейін қалада оқығанда да, жұмыс істей бастағалы да құлағымыз шалып келеді.
Ең қысқа әңгіме • 11 Шілде, 2024
Шаруа баққан жанның айналдырған ісінен басқа жұмысы бола қоймайды. Әсіресе ауылда. Ескінің адамдары қазіргідей ұялы телефон ұстап, әлеуметтік желіге шұқшиып, әр нәрсенің басын бір шалып, шатты-бұтты болмағанын жақсы білеміз. Әңгімелері орнықты келетін. Қазір жұрнағы қалмай барады. Өткенде ғой, ауылда алпысты алқымдағандардың бірі қонақта сайқымазақ құрдасы мен әзілкеш ағасының арасына түсіп қалыпты да, ауыз тигені болмаса, күлкіден ет жей алмай шығыпты.
Руханият • 10 Шілде, 2024
Қаламгерлер аллеясындағы кітап жәрмеңкесі
Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 жылдығына орай және Астана күнін мерекелеу аясында Қаламгерлер аллеясында «Астана – біздің рухани ордамыз» атты «Kitaphana fest – 2024» ауқымды кітап фестивалі өтті.
Мәдениет • 06 Шілде, 2024
Неше мың жыл ешкінің ащы ішегімен сөйлеп келген домбыра ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарынан бері ауғанда өзін-өзі танымай қалған шығар, бәлкім. Баяғыда бір адамның жүрегін алмастырғанда, басқа тілде сөйлеп кетті дегенді естігенмін. Мың жыл бойы малдың ішегі арқылы күмбірлеген домбыра бертінде балық аулайтын қармақтың жібі (леска) салынғанда, кім біледі, аштық пен қырғыннан тозған өз қазағы сияқты «әйтеуір елдің ішіндемін ғой» деп саулығына шүкіршілік етіп жетті бүгінге. Бұрынғы балбыраған қоңыр үнінен мақрұм біз барға қанағат тұта жүріп, төтеннен табиғи ішектен шыққан үнмен табысқанда осындай ойға келдік.