Қазақстан • 06 Мамыр, 2022
Бауырлас әзербайжан халқының даңқты перзенті Ахмед Джавадтың туғанына биыл – 130 жыл. Қазақ даласында мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде, мемлекеттік деңгейде аталып өткелі отырған Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов қандай ірі тұлға болса, көрнекті ақын, әзербайжан ұлттық әнұранының авторы, қызыл қырғынның құрбаны Ахмед Жавад та сондай тұлға. Осыны ескерген Халықаралық Түркі академиясы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешенінде әзербайжанның ұлттық ақыны Ахмед Жавадты және әзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өткізді.
Қоғам • 29 Сәуір, 2022
Олар – үлкен ортаның, биік мінбердің, мәдениеттің, саясаттың, экономиканың адамы емес шығар, бірақ елдің азаматы. Ең үлкен атау да осы сияқты, тіпті. Үлкен орта, мекеменің басшысы, бәлен-түген дегеннен гөрі ел іргесін, бүтіндігін ұстап тұрған, қажет жерінде қойдан жуас, қажет жерінде ауылдың айбар-сесіне айналатын ауылдың, елдің азаматтарынан артық емес сияқты маған.
Руханият • 29 Сәуір, 2022
Рухани тұтастық бәрінен биік, бәрінен жоғары
Кезінде дүниені кезген, қазақ топырағында өніп, неше құрлық асып, сол кездегі өркениеттің өріне шыққан елдер қабылдап үлгерген Мұстафа Шоқайдың Түркістан идеясы туралы енді-енді айтыла бастады бізде.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2022
Ізгіліктің үні, мәңгіліктің жыры
Қазақ поэзиясының шоқтығы биік өкілі Сырбай да Қасым сияқты соғыстың солдаты еді.
Руханият • 27 Сәуір, 2022
Кәрімбек Құрманәлиев: «Қажеттілік тудырмай, қазақ тілі көгермейді»
Бүгін болмақшы «Қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» атты дөңгелек үстелдің қарсаңында осы іс-шараға себепкер болып отырған ғалым – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевпен кездесіп, аз-кем әңгімеге тартқан едік.
Өнер • 26 Сәуір, 2022
«Біздің елдің жігіттері» деп басталатын қамырықты да зілді әуенді қара дауыстан қоздатып келіп жіберсе, қосыла кетпейтін қазақ жігіттері аз-ау, сірә. Көзі қарақтылардың көбі Есенқұл Жақыпбековтің немесе Жәкен Омаровтың есімін атауы мүмкін. Бірі сөзін жазса, бірі бәсі биік сөзге қорғасындай балқытып әнін құйыпты. Ән авторы екеуі болғанымен, туынды халықтың игілігіне баяғыда айналып кеткен. Тіпті туған күнінен шырқалып кеткенін айтады Есенқұл Жақыпбеков. Сондықтан біз қос авторды қоя тұрып, ән туралы айтамыз.
Таным • 25 Сәуір, 2022
«Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» деп Әлихан Бөкейхан болашаққа ұлы сенім артады. Әлихан бастаған Алаш арыстарының көбі оптимист болғанға ұқсайды. Ұлтына қызмет еткен тұлғалардың дені сондай ұлы сенімнің иесі дер едік.
Әдебиет • 22 Сәуір, 2022
Кез келген ақынды танығың келсе, туған жерін, өскен топырағын көр деген сөз тегін болмаса керек. Ол сол даланың ұланы, сол даланың дүбірлеген думанына бөленіп, шуағын сіңірген, қасиетіне қаныққан, қасіретіне ортақтасқан, қайғысын бөліскен табиғаттың бір бөлшегі емес пе? Адамның бәрі сондай, ал олардың арасында ақыны болса есі кіргеннен әлгі құбылыстардың бәрін ой елегінен өткеріп, сыртқа шығарады, ел игілігіне жаратады.
Өнер • 20 Сәуір, 2022
«Қарамашы, қадамашы көзіңді» кімнің әні десе, Қасымхан Асанов деуі мүмкін үлкендердің. Жастардың біле қоюы екіталай. Бұл әнді Жүсекең – Жүсіпбек Елебеков, Қайрат Байбосынов, Мақпал Жүнісовадан кейін шырқаған әнші ілуде біреу. Гитараның сүйемелдеуімен Сейіл Аяған орындап жүргенін білеміз бертінде.
Қоғам • 18 Сәуір, 2022
«Біз жақта «жынды Аманбек» деген болды. Сорлыға бақ қонбады, өлең қонды» деп басталар еді Есенғали Раушановтың бір өлеңі. «Бақ қонбады, өлең қонды» дегеніне қарағанда, ол шіркін өзіне азап екені емеурін етілетіндей. Тура сол сияқты біздің ауылда Смағұл атты кісі өтті. Бала болсақ та шет жағасын білеміз. «Смағұл келе жатыр» десе, ауыл адамдарының көбі үйді-үйіне тығыла бастайтын немесе жылыстап басқа жаққа кете баратын.