Әдебиет • 18 Шілде, 2022
Әдетте әдебиет туралы әңгіме айтылып-айтылып біткенге ұқсайды, кейде. Кейде адамның өзі басқа түгілі өзіне жат көрінеді. Көп ішінде, топ ішінде жалғыз қалады.
Кино • 17 Шілде, 2022
«Тақиялы періштедегі» «Япурай»
«Тақиялы періште» фильмінің байлығы баласына қалыңдық іздеген қазақ анасының күлкісі ғана емес, қазақ әндерін, соның ішінде қазақтың халық әнін де дәріптей алуында деген ойдамыз. Бұл фильмнің әр оқиғасының бұрылысы мен жықпылына тоқталуға болады. Бірақ айтпағымыз ол да емес, атақты режиссер, режиссер ғана емес әнші Шәкен Аймановтың қайталанбас дауысынан туындап отыр әңгіме.
Әдебиет • 13 Шілде, 2022
Кез келген өлең, өлең ғана емес, шын таланттың жанынан туған әдеби туынды құдіретке жүгіндірмей қоймайды. Бір қарағанда маған жүгін, қайталап мені оқы деп жалындап немесе мөлдіреп тұрғандай көрінгенімен, ой көзімен қайта үңілсе Құдайдың құдіретіне табындырады. Сезімді, арды, көңілді, пейілді, ықыласты, бір сөзбен айтқанда Тәңірінің адам баласына сыйлаған ең басты артықшылығы махаббатты түйсіндіруге саяды. Қандай жағдай төнсе де, пенде баласының адам болып қалуы – кеудесіндегі сүйіспеншілік сезімге, махаббатқа байланысты екені бұрыннан белгілі. Осындай ең аяулы сезім – махаббат пен достықты біз тұңғыш рет Шахановтың «Танакөзінен» түйсінгендейміз.
Өнер • 10 Шілде, 2022
«Жеріне біздің жақтың лайық ері, Ер, палуан, аңшы, мерген, әнші, сері», деп қайырмай ма Сәкен?! Қазақтың тарихы мен мәдениеті тілінде сақтаулы десек, бұл сөз бұлжымас шындық болып шыға келеді. Ал әнге шөліркеп Арқаға жолың түссе, бұлақтың бастауына бас қойғандай аттың басын Ақтоғайға бұруға тура келеді. Мұнда сонау 1970 жылдары құрылғалы бері аудан, облысты ғана емес, қазақ даласын әнге бөлеп келе жатқан атақты «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі бар. Ақтоғай, Тоқырауын өзені бойының өнердегі бір арқасындай, шырқап келіп жібергенде анау-мынау оркестріңді далада қалдырады. Бір емес, бірнеше дауыста құйқылжытып салғанда «Апырау, мынау Күләш пен Манарбектің елі әлі осындай екен-ау» дегізеді еріксіз.
Өнер • 06 Шілде, 2022
Бір жылдары Google «қарағымның» есебінше, үздік ремикс бойынша атақты «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкенов ең көп ізделетін әлемдік тұлғалар қатарында көш бастап тұрғаны туралы мәлімет тараған. «Мен қазақтың баласы» деп бөрікті аспанға ататындай-ақ жаңалық. Мәдениет пен өнердегі құндылықтар осылай рейтинг арқылы есептелетін уақыттың перзенті үшін, әрине, айтулы көрсеткіш. Ал дүниеге мәңгілік көркем өнер көкжиегінен, ғұлама, кемеңгерлердің көзімен қарайтындар үшін қабылдана қоюы қиын-ау, сірә.
Әдебиет • 04 Шілде, 2022
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Уақытпен санаспай, не көрді, нені сезініп, түйсінді сол сезімдерді дер кезінде қанын сорғалатып бере алған, дүн-дүниенің астарына жандүниесімен үңіле алған ақын уақыттың өзіне айналары сөзсіз. Оның терең түйсікті жырлары соны айтып, еске салып қана қоймай, дәлелдеген сияқты.
Руханият • 03 Шілде, 2022
Қазақстанның жастары мен балаларының арасында домбыраға қызықпайтыны кемде-кем. Жыл сайын мыңдаған бала осы дәстүрлі халықтық музыкалық аспапта ойнайды.
Руханият • 30 Маусым, 2022
Күмбірле күн астында, домбыра-рух
Қазақтың төріне Құран мен домбыра қатар ілінеді. Қай заманнан солай болса керек. Бертініректе біз Құран болмаса да домбыра тұрғанын талай көрдік. Сол домбыра, сал домбыра қазақтың төріне көшкелі бір емес, бірнеше дәуір алмасып, қаншама ғасыр шөгіп кетті.
Әдебиет • 29 Маусым, 2022
«Сөз тоқтаған жерден ән басталады» деген сөз Мұқағалидың мәңгі өлмес өмірінің бір сыпаты секілді. Ақынның өзі «әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма?» деп жазыпты Шәмілге хатында. Ән тілеп, жан түлетіп өткен жүректің өлеңдеріне жазылған әндерді біреулер жүзге жеткізсе, біреулер бес жүзге шамалайды. Оны сөз етпек емеспіз. Сөз етпегіміз, Мұқаңның сөзіне жазылған аңыз ән, ғажап туынды.
Ахмет Байтұрсынұлы • 26 Маусым, 2022
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Өткен аптаның соңындағы жаңалық – Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Nazarbaev University ғимаратында өткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған ғылыми конференция болды. Алаш ардақтысына арналған алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің Қазақстандағы елшілері, ректорлар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын тізгінін белгілі алаштанушы ғалым, академик Дихан Қамзабекұлы ұстады.