Руханият • 24 Ақпан, 2022
Ақылды, білімді адамдар әлеуметтік желіге жолай қоймайтын көрінеді. Өмірден өз керегін тапқандар, уақытын текке өлтіргісі келмейтіндер солай болса керек. Бұған қарап желіде желдеп жүргендер ақымақ деуден аулақпыз және. Дамыған Батыс жұрттары ғаламтор кеңістігіндегі ызы-қиқы бұл әлемді «әркім ойына келгенін лақтырып кететін қоқыс орнына» балайды деседі. Солайы солай-ақ болсын, алайда қоғамдық даму сатысында мүдделес ел белгілі бір деңгейге жетуіне бұл да сеп деген ойдамыз.
Әдебиет • 22 Ақпан, 2022
«Солдаттың етігіндей жаным сірі» деді Қасым. Адам итжанды делінеді кейде. Төзбеске төзген, шыдамасқа шыдаған, тек жалғыз-ақ азапқа көнбегені айтылады тарихта. Адамды адам етіп ұстап тұрған да сол қасиеті, бәлкім. Одан айырылған күні, сол сезімін жоғалтқан күні сөнеді бәрі. Аспанда күн, жерде ұрпақ барынан не пайда онда? «Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда» дегеніндей болмай ма Төлеген Айбергеновтің. Ал қазақ Жер-ана дейді.
Әдебиет • 17 Ақпан, 2022
Тіршілігінде тозаққа түскендер
«Елдің Ыбырайы – Ыбырай, біздің Ыбырай – сұмырай» демекші, бұл жолғы шығарманың бас кейіпкері барып тұрған оңбаған, көргенсіздің есебінде суреттеледі және онысын өзі біле тұра қолдан жасайтынға ұқсайды. Елге жақпайтын сүйкімсіз әрекеттерге қасақана барады. Бірақ кемақыл, түйсіксіз пенде емес, суретші. Өте талантты әрі белгілі суретші. Сөйте тұра сүйкімсіз адам.
Әдебиет • 16 Ақпан, 2022
Өрттей лаулап, көктей қаулап дүниені алып бара жатқан Мұхиттың әндерін шырқап салу үшін әншінің ішінде қандай күш, нендей құдірет жатуы керек деп ойлайсыз? Сұрақты емес, әлгіндей сөзді Үкілі Ыбырайдың «Толқынына» да қарата айтар едік. Қазақта «шапқан аттай, атқан оқтай» құбылысты табиғатына сыйдырған мұндай әндер жетерлік. Алысқа бармай-ақ Мұхит туындыларын атаса да жетеді. Тыңдап отырып, елестетіп көріңіз? Әлде сіздің ішті әуен қуаты олай қуырып, әлденеге жетелемей ме? «Біржан сал» фильмінде қарағайдың түбінде ұйықтап жатқан салды ағасы Нұржан келіп оятып алып, ақыл айта бастағанда қайтаратын жауабы бар ғой: «Ағатай, сізді бірнәрсе ішіңізден оттай қари ма? Мені сол нәрсе шоқтай шыжғырады», деп. Сол еске түседі.
Әдебиет • 13 Ақпан, 2022
Жығылғысы, жеңілгісі келмейді адам. Жеңілгені былай тұрсын, жеме-жемге келгенде, бір нәрсені мойындауының өзі қиын. Қайткен күнде қапысын тауып жеңіп кетуді ойлап тұрады. Әйтеуір осы психология адамзатқа ертеден тән секілді. Түпсана солай ма, білмедік.
Қоғам • 10 Ақпан, 2022
Біздің көбімізді көше тәрбиелегені күмәнсіз шығар. Түбегейлі көше демесек те, бала тәрбиесіне көшенің ықпалы жоқ емес. Біз деп отырғанымыз – тәуелсіздік жылдарында өмірге келген жастар. Алды отыздан асып, қырыққа аяқ басты. Соңы болмай-ақ қойсын, бәрі азаттық атын жамылып туғаны қандай тамаша.
Әдебиет • 09 Ақпан, 2022
Сұркөжек атты сіз де білесіз деп ойлаймыз. Өйткені осы тұлпар туралы жазған Мұхтар Мағауин әңгімесінің басында айтады.
Әдебиет • 08 Ақпан, 2022
Ертең ақын Есенқұл Жақыпбектің туған күні екен. Мұқағали Мақатаевтан бір күн кейін, 1954 жылы 10 ақпанда дүниеге келген ақынның біздің қолға алғаш түскен кітабы «Тазқара құстың тағдыры» жинағы деп жүрсек, қателесіппіз.
Әдебиет • 06 Ақпан, 2022
«Құлағынан қан аққан құлын дене...»
Ауыл құралайдың салқыны өтісімен жапа-тармағай бие байлайтын. «Құралай өтсін, құлындар қарақұлақтансын» деп отыратын үлкендер. Кейде «қарақұлақтанып қалған екен» деп мамыр туысымен байлап жіберетін. Құралайдың салқынымен қабаттасып та байлайтын жылдары болатын. Суық, салқын уақыт қой бұл. Жаңбырлатып басталып, арты қарға ұласатын. Құралайда киіктер лақтап, лағын өргізеді дейтін. Бөкендер бір уақытта лақтайды екен де, құралайлары жата-жата қалатын болса керек.
Әдебиет • 01 Ақпан, 2022
Өлең толқи ма, өзен толқи ма, белгісіз. Себебі өзен бойының шөбі өлең деп отыратын үлкендер. Қазақтың көнеден келе жатқан «шөп те өлең, шөңге де өлең» деген сөзін еске салады. Қыстыгүні өлең шөптің малға жұғымы болмаған соң қазақ жарата бермейді. Өлеңші сөзінің сыры осы жерден ашылады. Көңіл тербеп, жан тебіреніп, көкірекке содан біткен шер толқытып туған сөз өмірдің өзін басқа арнаға бұрып жіберуі мүмкін. Нағыз әдебиеттің сөзі де сол болмақшы.