Әдебиет • 15 Тамыз, 2023
Мұхтар Мағауиннің «Өмір жыры» хикаясы кімге болсын әсер етпей қоймайтын шығар, сірә. Тілінің жатықтығы, бәлен-түген демей-ақ қоялық, оқиғаларының тартысты, табиғилығы, жанға жақындығынан болса керек. Сәулелі сезімге оранған сәттерінде кім де болсын кешетін күй ортақ. Самал қай жағыңнан соғып, қалай тербейді?..
Қоғам • 11 Тамыз, 2023
Біз жиі қолданатын темірқазық жерде де, көкте де бар. Қазақ темірді ұштап, жерге қағып, ат арқандайды. Дүниені атқа тақымын ерте тигізгендер билеген ертеректе... Көктегі темірқазық жұлдызы жарқырап тұрмаса, түнде адасасыз.
Тарих • 07 Тамыз, 2023
Америкадағы «Бостандық мүсінін» білмейтін адам аз шығар. Француз мүсіншісі Фредерик Огюст Бартольдидің жұмысы. Аталған ескерткішті 1876 жылы Франция АҚШ тәуелсіздігі декларациясының жүз жылдығына сыйға тартқанымен, ескерткіш тек он жылдан кейін салынып біткені туралы дерек бар. «Әлемге жарық шашқан бостандық» атты ескерткіштің халық аузында «Нью-Йорк пен АҚШ символы», «Бейбітшілік және демократия символы», «Бостандық әйелі» секілді бейресми атаулары жетіп артылады. Алайда осы топырақтың байырғы төл тарихынан, үндістерді қалай қырғынға ұшыратқанынан хабардар, тіпті ол туралы көркем дүниелерді оқыған адам бұл мүсінге қарап тұрып қалай ойлануы мүмкін?
Әдебиет • 03 Тамыз, 2023
«Айналамыз таниды кейде бізді...»
Футболшылар гол соғады. Шамамен жиырма кісі арбасып, қырық көз, қырық аяқтың арасынан айласын асырып, ала допты алып шығып, қақпаға салу деген... Әлгі жиырманың жанталасы, арбасуы, ақыл-айласы, айбар-сұсы мен мысы – бәрі-бәрін өтіп келгені аз, алдындағы қақпашыны да қапы қалдыру керек. Қас-қағым сәтте оның да есебін тауып, қақпашының бұтының арасынан допты бұлт еткізді делік.
Мәдениет • 31 Шілде, 2023
1990 жылдардың басындағы қазақ кино өнерінің аса бір елеулі жетістігі «Жансебіл» десек, ешкім дау айта қоймас. Жазушы Жүсіпбек Қорғасбек әңгімесінің негізінде түсірілген Аяған Шәжімбайдың бір жарым сағатқа да толмайтын көркем туындысын тебіренбей, көзге жас алмай көру мүмкін емес. Сталиндік қуғын-сүргіннің қайғы-қасіретін жүрекке жеткізген бұған теңдес туынды аз. Ендігі уақытта қазақ киногерлері осыншама қайғы-қасіреттің мәнін терең түсіндіретін көркем туындылар түсіре ала ма, түсіруге тырысса, «Жансебілдің» деңгейіне жуықтай ала ма деген сұрақ көлденеңдейді. «Жансебілде» режиссер А.Шәжімбай ұлттың қасіретін терең қаузап қана қоймай, адамзат басындағы ауыр азаптарды асқан сезімталдықпен көрсете білген.
Қоғам • 07 Маусым, 2023
Бұған дейін біздің білгеніміз... Жалпы, біз нені білгендейміз, осы? О бастағы киелі кітапта өлгендерді топыраққа көмудің өзін қарғадан үйренгеніміз айтылады. Десек те, Алла Тағала адам баласына сана-сезім беріп, оны күллі тіршілік атаулыға ие қылып қойғанын жариялаудан танбай келеміз-ау. Кеудемсоқпыз, ә! Қазіргілер қатыгезденген сайын, пенде баласы парықсызданған сайын жан-жануарлар адамнан зият айуанға айналып бара жатқан жоқ па деген сұрақ туады. Солай сияқты сезіледі кейде. Кейінгі бір айда кездескен құбылыстар осындай ойларға жетелейді.
Өнер • 01 Маусым, 2023
Қобызшы Ықыластың телегей мұрасы
Қорқыттан қалған қасиетті қылқобызды беріде Ықылас Дүкенұлы ұстапты. Сонау Сарысу мен Шу өзені бойынан шалқыған сарын ғасырлар бойы күллі қазақ даласын аралап, күні кеше ғана Астанадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында күңгірлеп, қайта жаңғырғандай күйге бөлеген концертке куә болдық.
Зерде • 31 Мамыр, 2023
Қазақ руханиятының бел ортасында тұрған бірегей тұлға, дәуірлер мен заманалар құндылығын бүгінге жалғаған көреген абыз, болашақты болжаған, айтқаны келген дуалы ауыз, жұрт әулие таныған ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының таңдамалы бес томдық жинағының тұсаукесер рәсімі кеше Астанадағы «Sheraton Astana Ballroom» қонақүйінде өтті. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары әзірлеп, құрастырған бес том – ақынның бұрынғы басылымдары мен қолжазбасын негізге ала отыра, екшеліп сұрыпталған мұра.
Әдебиет • 28 Мамыр, 2023
Жапондарда сакура гүлдеген шақ – ұлы той. Мемлекеттік маңызы бар мереке, ұлттық мейрам. Сол үшін саяхатшылар жан-жақтан мыңдап ағылады. Шие талы сакураның бүршік жарғанын, гүлдегенін керемет көріп қызықтайды, ақырында наурыз айының ішіндегі бірер апта арасында сакураның гүлі ұшып жоғалады.
Өнер • 23 Мамыр, 2023
Мың жүректе күмбірлеген күй-әуен
Қазақ домбырадан әсте жалықпайды екен. Әйгілі концерт арасында атты қосын лап бергендей Құрманғазы «Сарыарқасының» үзіндісі залды күңіренте барғанда, тыңдарман орнынан тұрып кетердей қошемет үсті-үстіне үдей түсті. Бұл мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Астана Опера» театрында қойылған Марат Бисенғалиевтің «Ұлы дала әуені» атты салтанатты одасының ортасындағы сәт қана. Теңіздей найқалған тыңдарман ықыласын тамшыдай сәтінен-ақ аңғара беріңіз. Домбыраға, ұзақ сарынды күй мен әуенге, жалпы мәдениетке деген сүйіспеншілігі осындай халықтың.