Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
178 материал табылды

Әдебиет • 18 Мамыр, 2022

Күйеуінің кітабын сатқан әйел

«Кел, балам, кітап алшы, саған арзан беремін», деген қарт әйел кісінің дауысы әлі құлағымда жаңғырып тұр. Алматының әлдебір көшесінің қиылысынан өтіп бара жатқан мен оның өтінішін орындап, алты-жеті кітап сатып алдым.

Әдебиет • 15 Мамыр, 2022

Жүрек тіліндегі хат

Атақты Лев Толстой Чеховқа жазған хатында: «Бәрін ойлап табуға болады, бірақ психологизмді ойлап табуға болмайды» деп жазғаны кімді болса да ойландырмай қоймас. Бір заманда туған қос алыптың бір-біріне деген көзқарасы да осы бір сөйлемге сыйып-ақ тұр. Мүмкін, Толстой әлдебір жалғыздықтың шекпенін жамылған шақта немесе ойы терең бір романына соңғы нүкте қойған сәтте, түнгі аспанның жамыраған жұлдыздарына қарап тұрып осы бір ойлы сөзді қаламдасына хат қып жазған болар. Бәрі де мүмкін, бәрі де сырлы дүние.

Сұхбат • 11 Мамыр, 2022

Гун Аюрзана: Шетел әдебиеті болмаса, біз «Моңғолдардың құпия шежіресінде» өмір сүретін едік

Гун Аюрзана 1970 жылы Моң­ғо­лияның Баянхонгор қала­сын­да дүние­ге келген. Сол жердегі орта мектепті бітіргеннен кейін Ресейдің Мәскеу қаласына оқу­ға түскен. Максим Горький атын­дағы Әдебиет институтының «шы­ғармашылық» мамандығы бо­йынша әдебиет магистрі дәре­жесін алған. 24 жасында «Сәби өлеңдер» атты алғашқы поэ­зия­лық кітабын шығарған. Оның жетінші поэзиялық кітабы 2009 жылы жарық көрді. Ол «Шаман аңызы», «Сиқырлы са­ғым», «Он арманның қарызы» сияқ­­ты бірнеше романның авторы. Гунның шығармашылығы Батыс елдеріне кеңі­нен танымал. Шы­ғармалары отыздан астам тілге аударылған ақын-жазу­шы Аюрзана бізге берген сұхба­тында өзінің шығармашылық әле­мі, моңғол әдебиетінің қазіргі жағ­дайы хақында өз ойларын бүкпесіз айтты.

Тарих • 08 Мамыр, 2022

Қырық бірінші жылдың қыздары

Бүгінгі сөз бір жазушының, атап айтқанда, Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің майдангер қыздарды іздеп, олармен тілдесіп, бірнеше блокнот пен сансыз магнитофон кассеталарын түгелдей соғыс туралы естеліктер мен оқиғалар тізбегіне толтырған жазбасы жайында болмақ.

Таным • 29 Сәуір, 2022

Жауһазынның жарты бет күнделігі

Осыдан тура бес жыл бұрын туған ауылыма бардым. Бәрі өзгерген. Мен барда таяқ ұстап жүрген қарттар ана дүниеге аттанып, олардың орнын басқа үлкендер басыпты. Көшеде кездескен әр қарт: «Ей, айналайын, сен әлгі қалаға кеткен баласың ғой ә, әй, мың болғыр, қаланың адамдары күн көрмейді деген рас екен, өңің аппақ қудай болып кетіпті» деп саңғырлай сөйлеп амандасатын.

Елорда • 20 Сәуір, 2022

Халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды

Аталған руханият жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО Халықаралық көрме орталығында басталды. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екидже, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш және Ресей Кітап баспагерлері қауымдастығының президенті Константин Чеченев салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, айтулы шараны ашып берді.

Қоғам • 17 Сәуір, 2022

Атың өшкір танымастық

Осыдан екі жыл бұрын респуб­ликалық әдеби газетте жұмыс істеп жүрген кезім. Кабинет есігі қағылды, төрт қыз, екі жігіт ке­ліп тұр. Алматыдағы мәлім уни­вер­ситеттің студенттері болып шық­ты, газетте тәжірибеден өтуге ниетті екен.

Әдебиет • 11 Сәуір, 2022

Үй Хуа: Мәңгілік шындықты әдебиет қана айта алады

Үй Хуа қазіргі ең танымал Қытай жазушысы. Оның әр романы кітап болып шығысымен-ақ тез таралып кетеді. Бұнда не си­­қыр бар деп ойларсыз, бұл оның тек ұлт тағдырына сая­тын оқиғаларды арқау етуі, сол ұлт­тың ішіндегі мұң мен зар­ды ақ қағаз бетіне түсіруінде еді. Жа­зушы алғаш рет Қазақ жур­налисіне сұхбат бергенін айтып, өз шығармашылығы, романдары туралы, қазіргі әдеби орта, Нобель сыйлығы хақындағы ойларымен бөлісті. Тіпті ол өзіне Абай Құнанбаевтың өлеңдері әсер еткенін жасырмады.

Қоғам • 08 Сәуір, 2022

Торғынды ешкім іздеген жоқ

Біздің ауылдағылар телефонды ең алғаш рет Торғын дейтін қыздың қолынан көрді. Тоқсаныншы жылдардың басында біздің шағын ауылдың тұрғындары телефон ұстаған адамды мәртебесі биік немесе әлдебір шендінің бірі деп ойлайтын. Сол жазда ауылдың әңгімесінің тұздығы Торғын және оның телефоны болды. Өйткені Торғын өгізбен суға бара жатса да, мал қайырып жүрген әкесіне ілесіп өрісте жүрсе де, қолынан «жаңа затын» тастамайтын. Тіпті кейде төбенің басына шығып алып, әлдекімдермен ұзақ-ұзақ сөйлесетін. Жай сөйлесіп қана қоймай, тұрған орнында айнала беретін, айнала беретін. Мұны көрген үлкендер жағы «құрсын, телефон деген адамның басын айналдырып жіберетін зат екен» деген қауесет таратып та жіберді. Орталықтағы қалада оқитын Торғынның телефонына қызыққан жастар оған келесіде ауылға оралғанда бір-бір телефон әкеліп берсеңіз деген өтініштерін айтып, ақысына бір қойдан беретін болып келіседі. Мыңғыртып қой айдап жүргендер үшін бір қой деген не тәйірі? Оларға қызығы бір-бір телефон алып, әр төбенің басында айналсоқтап жүру. Сонда ғана елдің назары өздеріне ауады деп ойласа керек.

Әдебиет • 06 Сәуір, 2022

Альбер Камюдың отаны қайда?

Осыған дейін «Оба», «Жат» атты керемет шығармаларымен бізге таныс Альбер Камюдың есімі әдебиетте жиі аталады. Шынын айтқанда, оның танымалдығы оған Нобель әдебиет сыйлығы берілуден бұрын болған жағдай.