Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
230 материал табылды

Әдебиет • 16 Тамыз, 2022

Кенияның көз жасы

Кения жазушысы Нгуги Уатиңгоның паспортына айналған шығармасының бірі «Жылама, балақай» атты роман. Бұл жазушының тырнақалды туындысы, аталған шығарма сонау 1964 жылы бас­па­дан шыққаннан кейін оқырманның қолынан әлі түс­кен жоқ. Әдебиеттанушылар бұл романды ағыл­шын тіліне аударылған шығыс африкалық тұң­ғыш кітап ретінде бағалайды. Жазушы осы шығар­масында африкалықтар мен колониялық Кенияға қоныстанған ақ нәсілділер арасындағы қарым-қатынасты, тұрмыстық һәм ұлттық араз­дық­ты, олардың бір-біріне деген жеккөру, кектену сезім­дерін сөз ете отырып, шынайы оқиға­лар­ды, яғни Кения жерінде болған әртүрлі қақты­ғыс­­тарды тілге тиек етеді. Сол үшін біз оның әр шы­ғар­масында шындықтың өзі сөйлейді дегіміз келеді.

Өнер • 14 Тамыз, 2022

Қастеев қазыналары

Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі түрлі кезеңдерден тұрады, сол үшін оның шығармашылығы да әр уақыттың айнасы іспетті. 1919 жылы оның отбасы Жар­кентке көшеді. Әне сол кезде болашақ суретші өзінің алғашқы картиналарын салып, ертеңге үлкен үмітпен қарайды. Ол үшін сурет мінсіз әлем, ал әлем керемет сурет сияқты елестеген болса керек. Қоғамдық құбылыстар, кездескен қиыншылықтар, әртүрлі саяси жүйелер қылқалам алдында еш қауқарсыз екенін сезінген Әбілхан мәңгілік өнер аспанында жарқырап тұратын туынды салуға әуестенгенін оның әр типтегі еңбектерінен көре аламыз.

Әдебиет • 11 Тамыз, 2022

Әуезовтің Шыңжаңдағы шәкірттері

Қазақ әдебиетін айдынды көлге, толқыны жағаны ұрған теңізге теңесек, онда шетелдегі қазақ әдебиетін сол теңізге құяр бұлақ деп түсінген жөн сияқты. Табиғат заңдылығы бойынша теңіз бен бұлақтар бір-бірін толықтырып отырады. Ал қазақ әдебиеті мен шетелдегі қазақ әдебиеті де әне сондай бір тұтас заңдылыққа ие. Бірінен бірі нәр алып, кемелденіп, біріне бірі иек артады, сүйенеді. Шыны керек, шекара сыртындағы қазақ әдебиетіне Абайдың, Алаш арыстарының әсері болғанын мақтанышпен айта аламыз. Не жазса да, көркемдіктен айнымай, қазақ тілінің шұрайлылығын сақтап, оқырманына сөз мәйегін сыйлаған қандас жазушылардың жазған том-том кітаптарының кейбірі қазақ оқырмандарына жетпей жатқаны да шындық. Сол үшін қаны бір қазақ баласы сызықтың ар жағындағы ағайынның не жазып, не толғанғанынан кейде хабарсыз қалып жататын жайы бар. Шыңжаңдағы қазақ қаламгерлеріне поэзияда Абайдың, Мұқағали, Жұмекен, Айбергеновтердің әсері болса, ал прозада олар Мұхтар Әуезовтің стилін одан әрі жаңғыртты, шәкірттік жолын ұстанды. Сол тізімнің басында Мағаз Раздан, Оразхан Ахмет, Жұмабай Біләл сияқты қаламы жүйрік, ойы ұшқыр прозашылар бар.

Әдебиет • 09 Тамыз, 2022

«Гүлстан»: Асыл ойдың тамшысы

ХІІІ ғасырда өмір сүрген Парсының ұлы ойшыл ақыны Сағди – әлем әдебиетінде орны бар тұлғалардың бірі. Оның пайымы терең туындылары өзінен кейін жасаған адамзат ойшылдарына, әдебиеттегі тұлғалардың шығармашылығына әсер етті. Уақыт пен қалам арасындағы үндестік те оның жазғандарынан жіті байқалады. Тіпті ол мынау дүниенің түпсіз де шексіз екенін, жақсылықпен өмір кешкен адамның аты қалып, ізгілікке қарсы жұмыс істегендердің абыройсыз күй кешетінін өлеңдегі қанжар тілімен сын тезіне алады.

Руханият • 08 Тамыз, 2022

Ағылшын жазушысының Қазақстан туралы кітабы

Британдық балалар жазушысы Луиза Пулдың «Жарық жұлдыз» атты кітабы кішкентай қыз бен понидың жақын әрі шынайы достығын сөз етеді.

Руханият • 07 Тамыз, 2022

Ескі мен жаңа арасы

Парижде тұратын досымыз қонаққа келіп, еліміздің табиғатын көрсін деп Бурабайға апардық. Табиғатына қызықты, бітік өскен ну орманға таңырқады. «Біздің табиғат шетелдегіден қалыспайды, бәрі қазақтың жері, ен даласы, ешкім әкеліп самырсындарды екпесе де, табиғат ана өзі баптап, күтіп жатыр», деп мақтанып та алдық.

Әдебиет • 04 Тамыз, 2022

«Ғафу көлдің» әсиягүлі

Ғафу. Күллі қазақ «Ғафекең» деп құрметтейтін ақын Ғафу Қайырбеков туралы көп жазылды. Оның ұлт поэзиясына түрен салған тебіні, ойлылығы мен тереңдігі, тіпті алдымен азаматта, сосын ақында болуға тиісті мінезі хақында аға буынның естеліктерінен жиі кездеседі. Осыдан екі жыл бұрын ақын Есенғали Раушановпен бірге Алматының шетіндегі Қырғауылды деген ауылға бардым.

Таным • 03 Тамыз, 2022

Объективтегі Марқакөл қазағы

Бұл фотосурет географ, ботаник, этнограф, Том мемлекеттік университетінің профессоры (Сібірде құрылған алғашқы жоғары оқу орны), Оңтүстік Сібір өлкесін зерттеуге елеулі үлес қосқан В.В.Сапожниковтың (1861-1924) фотосуреттер жинағынан алыныпты.

Әдебиет • 28 Шілде, 2022

Медреседен Нобель мінберіне дейін...

Танзанияда туып, Англияда өскен Абдулразак Гурнаның өткен жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері екенін оқырман қауым жақсы біледі. Диккенстің «Тұңғиық үй» романын жатқа оқитын, Флоберге іші жылымайтын жазушының қаламы осал емес. «Қажылық сапары», «Жұмақ», «Қиыршық жүрек», «Соңғы тарту» сияқты үлкен романдары оны танымал етті.

Қазақстан • 29 Маусым, 2022

Ғасыр бұрынғы қазақ өмірі

Жасыл жайлау, ақ шаң­қан боз үй, белдеуге бай­ланған тұлпарлар және табиғатпен етене өс­кен қазақ. Дәл осындай кө­рініс бейнеленген ашық­хат­тар кезінде Еуропаны шар­лағаны шындық. АҚШ Конгресінің кітап­ханасынан табыл­ған қа­­зақ халқының өмі­ріне қа­тысты суреттер ле­гі біз­­­ді бейжай қал­­дыр­мауға тиіс.