Референдум • 05 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстанды көргіміз келеді - оқытушы
Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел 28/1 мекенжайына орналасқан 342 дауыс беру учаскесіне тіркелгендер саны - 1955 адам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 02 Маусым, 2022
Біз алғашқы қазақ романдарының бірі деп атап жүрген Спандияр Көбеевтің «Қалың малы» жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, әлі де оқылып келеді. Бұндағы мәселе оның көтерген тақырыбы мен шындығында.
Тарих • 31 Мамыр, 2022
Конгресс кітапханасында сақталған суреттер
Тарихымыз сан түрлі кезеңдерді бастан өткерді. Кешегі күннің бейнесін, қоғамның кейпін сол уақыттан қалған естеліктер мен жазба мұралардан біле аламыз. Біздің даламызға сан мың саяхатшы келіп, түгін тартса майы шығып жататын ұлы даланың кереметтеріне қызығушылықпен қараған. Сол қызығушылық олардың біріне кітап жаздырса, біріне фотосурет түсіргізіпті. Бәрі де біз үшін құнды болмақ. Тарихын білгісі келетін оқырмандарға АҚШ Конгресінің кітапханасындағы қолжазбалар бөлімінде сақталған қазаққа қатысты бірнеше суретті ұсынғанды жөн көрдік.
Руханият • 26 Мамыр, 2022
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Кешегі қадау-қадау ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің алтын арқауы үзілмейтінін тарих пен уақыттың өзі дәлелдеген шындық. Сахараның сан қырлы мәдениетінің де бір белесі осы – айтыс мұрасы болмақ. Бүгінде оның дамып, халықтың рухани байлығы ретінде жалғасып келе жатқаны қуантады. Дегенмен бұл салада да қордаланған мәселелер бар шығар деген оймен дөңгелек үстел ұйымдастырған едік. Аталған талқыға ақын Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, Филология ғылымдарының докторы, профессор, айтыстанушы ғалым Қойлыбай Асанов, ақындар Серік Қалиев, Мұхтар Ниязов және Нұрзат Қару қатысып отыр.
Әдебиет • 25 Мамыр, 2022
Парақтарға сіңген сөздерде өмірдің өзі, замананың сыры бар. Ақын Дүйсенбек Қанатбаевтың «Бұрым» атты өлеңінде сонау зұлмат жылдары майданға аттанып бара жатқан қазақ қызының бүкіл сезімі, елге, жерге деген құрметі, санасына түскен салмақтың әнтек бұлқынысы жатыр.
Әдебиет • 18 Мамыр, 2022
«Кел, балам, кітап алшы, саған арзан беремін», деген қарт әйел кісінің дауысы әлі құлағымда жаңғырып тұр. Алматының әлдебір көшесінің қиылысынан өтіп бара жатқан мен оның өтінішін орындап, алты-жеті кітап сатып алдым.
Әдебиет • 15 Мамыр, 2022
Атақты Лев Толстой Чеховқа жазған хатында: «Бәрін ойлап табуға болады, бірақ психологизмді ойлап табуға болмайды» деп жазғаны кімді болса да ойландырмай қоймас. Бір заманда туған қос алыптың бір-біріне деген көзқарасы да осы бір сөйлемге сыйып-ақ тұр. Мүмкін, Толстой әлдебір жалғыздықтың шекпенін жамылған шақта немесе ойы терең бір романына соңғы нүкте қойған сәтте, түнгі аспанның жамыраған жұлдыздарына қарап тұрып осы бір ойлы сөзді қаламдасына хат қып жазған болар. Бәрі де мүмкін, бәрі де сырлы дүние.
Сұхбат • 11 Мамыр, 2022
Гун Аюрзана: Шетел әдебиеті болмаса, біз «Моңғолдардың құпия шежіресінде» өмір сүретін едік
Гун Аюрзана 1970 жылы Моңғолияның Баянхонгор қаласында дүниеге келген. Сол жердегі орта мектепті бітіргеннен кейін Ресейдің Мәскеу қаласына оқуға түскен. Максим Горький атындағы Әдебиет институтының «шығармашылық» мамандығы бойынша әдебиет магистрі дәрежесін алған. 24 жасында «Сәби өлеңдер» атты алғашқы поэзиялық кітабын шығарған. Оның жетінші поэзиялық кітабы 2009 жылы жарық көрді. Ол «Шаман аңызы», «Сиқырлы сағым», «Он арманның қарызы» сияқты бірнеше романның авторы. Гунның шығармашылығы Батыс елдеріне кеңінен танымал. Шығармалары отыздан астам тілге аударылған ақын-жазушы Аюрзана бізге берген сұхбатында өзінің шығармашылық әлемі, моңғол әдебиетінің қазіргі жағдайы хақында өз ойларын бүкпесіз айтты.
Тарих • 08 Мамыр, 2022
Бүгінгі сөз бір жазушының, атап айтқанда, Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің майдангер қыздарды іздеп, олармен тілдесіп, бірнеше блокнот пен сансыз магнитофон кассеталарын түгелдей соғыс туралы естеліктер мен оқиғалар тізбегіне толтырған жазбасы жайында болмақ.
Таным • 29 Сәуір, 2022
Жауһазынның жарты бет күнделігі
Осыдан тура бес жыл бұрын туған ауылыма бардым. Бәрі өзгерген. Мен барда таяқ ұстап жүрген қарттар ана дүниеге аттанып, олардың орнын басқа үлкендер басыпты. Көшеде кездескен әр қарт: «Ей, айналайын, сен әлгі қалаға кеткен баласың ғой ә, әй, мың болғыр, қаланың адамдары күн көрмейді деген рас екен, өңің аппақ қудай болып кетіпті» деп саңғырлай сөйлеп амандасатын.