Ғылым • 29 Қаңтар, 2025

Ізденіс арқауы – тиімді технология

316 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазір еліміздің жас ізденімпаз ғалымдары ғылым мен техно­ло­­­гия­­­ның дамуына ілесіп, көптеген жетістікке қол жеткізіп отыр. Олар өздерінің тың идеялары мен жаңашыл жобалары ар­қы­­лы түрлі салаға серпін берді. Сондықтан бүгін жас­тар­­дың­ ғылымдағы айтарлықтай рөлі хақында айтқанымыз абзал.

Ізденіс арқауы – тиімді технология

Қазір елімізде жаңа тех­но­логияларды мең­ге­ріп, ғылыми зерттеу жұмыстарында батыл қадам жасаған жас ғалымдар жетерлік. Әсі­ресе биотехнология, IT, машина жасау, экология және меди­цина салаларындағы зерттеулер еліміздің ғыл­ыми әлеуетін айқын­дау­да маңызды рөл атқарып отыр.

Бүгінгі кейіпкеріміз машина жасау мамандығы бойынша PhD дәрежесін иеленген алғашқы жас ғалымдардың бірі – Аяулым Рахматулина. Ол еліміз­дегі механика және машина жасау саласында бірден-бір орталық академик Ө.Жолдасбеков атындағы Меха­ника және машинатану институтында жұмыс істейді. Аяулым Бағдатқызы жетекшілік ететін BR21881957 ғылыми жоба «Саумал мен түйе сүтін терең өңдеу технологиясын және вакуумды-мұздатып кеп­тіру жабдығын әзірлеу» деп аталады. Аталған жоба­ның мақсаты – сапа талаптарына сәйкес келетін жаңа вакуумды-мұздатып кептіру құрыл­ғыларын жасау.

Саумал мен түйе сүті – Орталық Азия өңірінде кеңінен тұтынатын азық-түлік өнімі. Қазіргі уақытта бұл өнімдердің барлық пайдалы қасиетін және балғындығын вакуумды мұздатқыш көмегімен кеп­тіріп сақтауға болатыны зерттеліп жатыр. Біз жоба жетекшісіне «осы жабдықты жасау идеясы қалай пайда болды?» деген сұрақ қой­­ға­нымызда, ол былай түсін­дірді. «Бұл жабдықты жасау идея­сы саумал мен түйе сүтін ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік бере­тін тиімді технология жасау қажет­ті­лігінен туындады. Саумал мен түйе сүті құрамындағы пайдалы заттарды сақтап, олардың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін вакуумдық-сублимациялық кептіру әдісі таңдалды. Бұл технология өнімнің биологиялық және тағамдық қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жабдықты әзірлеу отан­дық өн­ді­­рісті дамытуға, импортқа тәуел­ділікті азайтып, агро­өнер­кә­сіп­­тік салада шағын және орта биз­­нес­­тің дамуына ықпал етеді», деді ол.

Біздің білуімізше, құрғақ сүттің сұйық сүтке қарағанда бірнеше маңызды артықшылығы бар. Ең алдымен, өнім ұзақ сақталады. Осы салаға дендеп жүрген ғалым Аяулым Бағдатқызының ай­туын­ша, құрғақ сүтті өндіру және сақ­тау технологиясында шешіл­ме­­ген мәселелер бар. Құрғақ сүт өнім­дерінің қапта­масы гер­ме­ти­ка­лық жағдайда сақталмаса, бос ыл­ғал­­дың пайда болуына байланыс­ты тұздар ериді, лактоза крис­талданады, мела­­ноидин түзіледі, нәтижесінде, өнім қарая­ды және қалдық­тардың тіршілік әрекеті үшін қолайлы жағ­дай­ қалыптасады. Сондай-ақ жаңадан енгізілген қайталама мик­ро­флора ө­седі. Бұл жағдай өнімнің сапасының төмендеуіне немесе оның толық бұзылуына әкеледі.

Құрғақ сүт құрамындағы лактоза мен басқа компоненттерге байланысты өте тез ылғал тартып алады. Оның ылғалдылығы әдетте 4-5% шамасында болады, ал кептіру үдерісінде өнімнің 95%-ы ылғалдан бөлініп шығады. Сондықтан салыстырмалы ауа ылғалдылығы 85%-дан аспауы керек. Бұл үшін өнімді ауадан және судан қорғауға мүмкіндік беретін герметикалық орауыш қаптама қолдану қажет. Вакуумды орауыш қаптамасы оттегіні сіңірмейді, яғни өнімнің сапасын сақтап, оның ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.

Аталған жоба жүзеге асса, қан­дай жетістіктер болмақ? Бұл жөнінде де ғалымның айтары бар. «Атал­ған бағдарлама жүзеге асқан жағ­дайда бір­неше маңызды жетіс­тікке қол жеткізуге болады: Саумал мен түйе сүтін вакуумды мұздату арқылы кептіру­дің жаңа технологиясы мен матема­тика­­лық модельдері жасалады. Нәти­же­сін­де, халықара­лық деңгейдегі ғылыми мақалалар, патенттер мен моно­графиялар жарияланады. Вакуум­ды мұзда­тып кептіру жаб­­ды­ғының прототипі жасалып, ол отандық сүт өндіріске енгі­зі­леді. Бұл технология саумал, түйе сүті ұнтағын өндіруді арт­ты­рып, импортқа тәуелділікті азайтады».

Ал осы жоба аясында жаңа ғылыми кадрлар, оның ішінде PhD даярлана­тынын естіп, қуандық. Бұл елі­міз­дің ғылыми әлеуетін арттырып, халық­ара­лық деңгейдегі беделін көтеруге мұрын­дық болар жобалардың бірі деуге толық негіз бар. Жоба­ның нәтижелері отан­дық өндірісті дамытып, ауыл шаруа­шылығы өнімдерін терең өңдеуге және экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге саумал мен түйе сүтінің кептірілген өнімдері шетелдік нарықта үлкен сұранысқа ие болар деген үміт ұшқыны да жоқ емес.

Аяулым Рахматулина бүгінде АҚШ-тағы Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Өз жобасы барысында ол үлкен деректерді өңдеу және маши­на­лық оқыту әдістері бойынша тәжірибе алмасып, зерттеу жүргізуде. Бұл зерттеу жобасы вакуумды мұздату технологияларын оңтайландыру үшін деректерді талдау мен болжау құралдарын тиімді қолдануға мүмкіндік берді. Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетіндегі тәжірибе ғы­лыми зерттеу жұмыстарында қол­да­ны­латын озық технология­лар мен құралдарды пайдалануға да жол ашады.

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше