Әдебиет • 03 Сәуір, 2022
Таланттарды заман тудырады деген тұжырымның өмірге келгеніне де бірнеше ғасыр болды, әрине, осы сөздің түп төркіні тым арыда жатқаны шындық. Мағжанша айтқанда «Толқыннан толқын туып» қазіргі әдебиет сансыз таланттардың шығармашылығымен толықты. Олардың селдей шабыты заманның ағысына, уақыттың сынына дөп келді. Қай заман үшін таланттың қадірін талантты адамдар ғана мойындаған. Сол үшін де олар бір-біріне жуық жүрді, үндес, сырлас бола білді. Біз аңыз қылып айтып жүрген кешегі «Жоғалған ұрпақ» өкілдері, міне, осы сөзіміздің айғағы. Ал бүгін біз қазақ әдебиетіндегі таланттылардың бір-бірін бағалау, анығырақ айтқанда, аға буынның соңынан ерген буынға көз қырын салуы туралы сөйлемекпіз.
Тарих • 03 Сәуір, 2022
Сан ғасырлық тарихын таңбалы тастарға қашап, ұшан-теңіз рухани байлығымен сахара мәдениетін қалыптастырған бабаларымыз сол дәуірде ұрпақтарына аманаттаған мәдени құндылықтарының басым бөлігін жылқыға қатысты етіп шығарған. Бұл сөзімізге «Ала көз аттың жүрісі», «Ақтабан», «Ақтаңгер», «Маңмаңгер», «Салкүрең», «Қос күрең» сияқты ән-күйлер дәлел бола алады. Бұл туындылардың қай-қайсысы да өзіндік ұлттық ерекшелікке ие, қазақтың тұрмыс-салтымен етене байланысып, ыстық ықыласпен өмірге келген шығармалар. Бұл тізімге қазір ел арасында дауға ілігіп жүрген «Қара жорға» биін де қосуға болады.
Қоғам • 01 Сәуір, 2022
Қалалардағы әлде бір таныстың, көңілі жақын ағаның немесе мәлім шендінің үйіне бара қалсаңыз, мүмкін оның үйінің төрінен, жеке кабинетінен лықсыған кітап толы сөрені байқайсыз. Егер ол кітап оқитын немесе соған бейімі бар біреу болса. Оқу мен оқымау туралы қарама-қайшылық міне осы арадан басталады.
Әдебиет • 31 Наурыз, 2022
Шыны керек, қазақ оқырмандары қытай жазушысы Мо Янды көп біле бермейді. Бірақ оның есімі Еуропа мен Батысқа жақсы таныс. Әдебиетке он бір роман, алты әңгімелер жинағын берген ол – қазіргі қытай әдебиеті мен әлем әдебиетінде есімі жиі аталатын жазушылардың бірі. Атағын шығаруға құлықсыздық танытып, үн-түнсіз еңбектенген осы бір қалам иесінің атын Нобель сыйлығы бір күнде ғана күллі әлемге танымал етті. 2012 жылы оған Нобель академиясы шығармашылығында реализм мен халық ертегілерін, тарихты және қазіргі заманды тығыз байланыстыра алғаны үшін аталған алпауыт сыйлықты ұстатты. Батыс оқырманы оны сонау 1987-жылдардан бастап «Қызыл Гаулияң» атты романы арқылы жақсы білетін.
Әдебиет • 29 Наурыз, 2022
Жуықта Семейдегі Абай музейіне барғанымда, ол жерден хакімнің жазу үстелін көрдім, кешегі күннің көзіндей болған қоңыр үстел «бәрін мен білемін» дегендей көзге оттай басылады. Көрген адамның ойына ой қосып, өткен дәуірге жетелейді. Классик жазушымыз Ғабит Мүсіреповтің «соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жаз» деген сөзі осындайда еске оралады. Шығармашыл адамдар үшін қағаз бен қалам қандай қажетті болса, жазу үстелі де сондай керекті.
Сұхбат • 28 Наурыз, 2022
Нұрила Өзтүрік: Мұстафаны мәңгі сағынамын
Қазақ өнерінің көкжиегінен жарық жұлдыздай ағып түскен Мұстафа Өзтүріктің есімі бұл күндері елге танымал. Спорттағы ол салған жол өзіндік даралығымен жалғасын тауып келеді. Өзтүріктің жары Нұрила қазір Германияда тұрады. Сәті түсіп сол кісімен сұхбаттасқан едік.
Тарих • 20 Наурыз, 2022
Мао Цзэдунға қобыз сыйлаған қазақ
Еліне еңбек етіп, үлес қосуды ойлаған әр тұлға өзінше бір әлем жасап, артына мұра қалдырады. Қамар Қасымов пен қазақтың қара домбырасы егіз ұғым ретінде айтылады. Бұған себеп оның өз қолымен домбыра жасап, оның қайта жаңғыруына, ұлы тұлғалы мәдениет қайраткерлерінің ол жасаған домбырамен ел алдында асқақтата ән салып, өнер көкжиегін кеңейтуге үлес қосуы. Қамар Қасымовтың аты аталса, ол жасаған домбыралар туралы жиі айтылады. Айтатын да жөні бар, оның қолынан шыққан домбыралар иесін тауып, қазақ мәдениетінің дамуына септігін тигізгені шындық.
Әдебиет • 15 Наурыз, 2022
Жастық шақта оқитын төрт кітап
Қазір оқитын кітаптардың саны алуан. Оның байыбына барып, не беретінін аңдап барып оқымасаң, уақытың зая кетуі де мүмкін. Сондықтан осы қателіктің болмауы үшін жыл сайын әлемдік әдеби басылымдар оқырмандарға жақсы кітаптарды саралап, оның арқауы туралы, пайдасы жөнінде сөз қозғап отырады. Сол тізімнен түспей, ұдайы оқырмандарға, әсіресе жастық шақтағы оқырмандарға ұсынылған әлем әдебиетінің мына төрт шығармасын оқып көрелік.
Руханият • 14 Наурыз, 2022
Салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарда бізге, қала берді біздің ұлтқа қатысты не бір әңгімелер бар. Оны қазіргі қала жағалаған ұрпаққа айтсаң, аңыз немесе өтірік ретінде қабылдауы мүмкін. Біздің ауылда Шойбан деген кісі болды. Жарықтық, жылқы десе ішкен асын жерге қоятын. Әр дәулетті әулеттің есігінде жүріп, малын бағып, отынын жарып күнелтетін Шойбан үшін оған мініске бір жақсы ат берсең жеткілікті. Тіпті ол жылқысы аздау байдың малын бақпаймын деп «әлек» салатын да болған. Ауыл болғасын, той-төкіні, өлім-жітімі болады, сонда Шойбан мамағаштарда қаз-қатар байланып тұрған аттардың қасына барып, кәдімгі Күреңбай сыншы сияқты әр атты өзінше сынайды, кейде оларға «мынау нағыз жел табан екен», «әй, мынау қойдың аты», «бұл жануар бабын таппай қор болып жүр» деп «әттеген-айларын» айтып, көңілін құлазытатын. Ол үшін жылқыны көру – бақытты өмірді көру сияқты сезілетін.
Руханият • 10 Наурыз, 2022
Жүсіпбек Аймауытов және «Дәмелі»
Француз әдебиеті, оның ішінде прозасы үшін Мопассан қандай қадірлі болса, біздің прозамыз үшін Жүсіпбек Аймауытов сондай қымбатты. «Алаш» партиясы арқылы ел ісіне араласа жүріп, шығармашылығын да үлкен белеске көтерген жазушының артына қалдырған еңбектері туралы көп жазылды, зерттелді. Біз білетін жазушы, драматург, педагог Аймауытұлының тағы бір қыры аудармашылығы еді.