Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
230 материал табылды

Әдебиет • 01 Қараша, 2021

Нобель сыйлығы Алашқа қашан бұйырады?

Әр жылы Нобель сыйлығы берілер сәт таяған сайын «Қазақ жазушысы қашан Нобель сыйлығын алады?» деген ұлы сауал көкірегімізді тырнайды. Сосын, амалсыз келер күндерден үміт күтеміз. Нобель сыйлығы қазіргі әдебиеттің өлшемі бола алмайды деп мұрын шүйіруге тағы болмайды. Мысалы, жапон әдебиетін жарты әлемге танытқан осы Нобель сыйлығы еді.

Әдебиет • 26 Қазан, 2021

Дүбірден туған өлең

Осылай мақала жазып, толғануымызға классик жазушы Тәкен Әлімқұловтың Борис Слуцкийден аударған «Мұқиттағы жылқы» деген аудармасы себеп болды. Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығының дені ең алдымен, өнерге сосын жылқыға тығыз байланысты. Қадау-қадау ғасырлардан бері жылқы түлігімен мұңдас, сырлас, тағдырлас болған қазақ халқының әні мен өлеңінің негізі де жылқы болғаны шындық.

Әдебиет • 22 Қазан, 2021

Классиктің кейіпкерлері

Шыны керек, Сайын Мұратбековтің әр шығармасы қазіргі қазақ прозасындағы қалам ұстап жүрген жазушыларға әсер етті, тіпті кейбірі еліктеп оқылымды шығармалар жазғысы да келді. Біздің әдебиетте қазақы өмірді айызын қандыра жазған қаламгерлердің ішінде табысты болғаны да Сайын Мұратбеков дер едім.

Сұхбат • 19 Қазан, 2021

«Айтматовтың ұлы болу – үлкен жауапкершілік»

Қателеспесек, Еуропада­ғы санақ бойынша, жыл сайын ең өтімді елу кітап­тың қатарында Шыңғыс Айт­матовтың да шығар­ма­лары бар екен. Бұл бауыр­лас қыр­ғыз елімен қа­тар біз үшін де үлкен қуа­ныш. Әлем таныған Айт­матовтың бізге бөтен­дігі жоқ, керісінше, етене жақын. Мәңгілік шығар­маларымен ел жадын­да сақ­­талған классиктің ұлы Элдар Айтматовпен сұх­бат­­тастық.

Әлем • 18 Қазан, 2021

Әлемдегі ең алғашқы газеттер

Қазір екінің бірі «Болашақта адамдар газет оқи ма? Жоқ әлде бүкілдей басылым электронды жүйеге көше ме?» деген сұраққа жауап таппай дағдарады. Кейде алға ұмтылу үшін кешегі тарихқа да көз салғанымыз жөн секілді. Осыдан VІ-VІІ ғасыр бұрын ашылып, әлі күнге дейін жұмыс істеп, оқырманын қанағаттандырып келе жатқан газеттердің де бар екенін білген соң, қағазға басылған дүниенің өз оқырманы бола беретініне көзіміз жетті.

Әдебиет • 14 Қазан, 2021

Қазіргі қазақ романы қай деңгейде?

Роман жазуды ешкім ешкімге үйретпейді.

Әдебиет • 12 Қазан, 2021

Өлеңнен алып, өлеңге берген...

Ол осы күнге дейін өлең дейтін хандықтың әміршісі секілді күй кешті. Себебі оның жырында дала, кең жайлау, аршаның иісі, қарағайдың қуаты, бұлақтың мөлдірлігі, судың пәктігі, көңілдің тазалығы, жүректің лүпілі бар еді. Қазақы қалыпты, қайсар рухты шымырлатып жіберердей өлең жазса, Сұраған Рахметұлы жазсын.

Әдебиет • 12 Қазан, 2021

Абдулразак Гурна: Жазушылардың жұмысы мәңгі тоқтамайды

Биылғы Нобель әдебиет сый­лығын Ұлыбританиялық жазушы Абдулразак Гурна иеленді. Ол – Танзания тумасы. 73 жас­та. Шығармаларын ағылшын тілінде жазады. «Құлшылыққа ба­рар жол», «Жұмақ», «Өзен жағасында», «Соңғы сыйлық» сияқ­ты керемет романдары бар.

Әдебиет • 07 Қазан, 2021

Жазушылардың жұмысы мәңгі тоқтамайды

Танзания тумасы Абдулразак Груна жетінші қазан күні Нобель әдебиет сыйлығының иегері атанды. Нобель академиясының қызметкері Адам Смис оған телефон шалып, шағын сұхбат жүргізді. 

Әлем • 06 Қазан, 2021

Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын кім алады?

Бұл алпауыт сыйлық талай жазушының атын алысқа жеткізді. Себебі, оның дақпырты мен даңқы бөлектігінде. Былай қарасаң, қазіргі әдебиеттің өлшемі мәлім бір сыйлықтар емес екені шындық. Бірақ, өнер үшін сыйлық та керек-ақ.