Әдебиет • 15 Наурыз, 2022
Жастық шақта оқитын төрт кітап
Қазір оқитын кітаптардың саны алуан. Оның байыбына барып, не беретінін аңдап барып оқымасаң, уақытың зая кетуі де мүмкін. Сондықтан осы қателіктің болмауы үшін жыл сайын әлемдік әдеби басылымдар оқырмандарға жақсы кітаптарды саралап, оның арқауы туралы, пайдасы жөнінде сөз қозғап отырады. Сол тізімнен түспей, ұдайы оқырмандарға, әсіресе жастық шақтағы оқырмандарға ұсынылған әлем әдебиетінің мына төрт шығармасын оқып көрелік.
Руханият • 14 Наурыз, 2022
Салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарда бізге, қала берді біздің ұлтқа қатысты не бір әңгімелер бар. Оны қазіргі қала жағалаған ұрпаққа айтсаң, аңыз немесе өтірік ретінде қабылдауы мүмкін. Біздің ауылда Шойбан деген кісі болды. Жарықтық, жылқы десе ішкен асын жерге қоятын. Әр дәулетті әулеттің есігінде жүріп, малын бағып, отынын жарып күнелтетін Шойбан үшін оған мініске бір жақсы ат берсең жеткілікті. Тіпті ол жылқысы аздау байдың малын бақпаймын деп «әлек» салатын да болған. Ауыл болғасын, той-төкіні, өлім-жітімі болады, сонда Шойбан мамағаштарда қаз-қатар байланып тұрған аттардың қасына барып, кәдімгі Күреңбай сыншы сияқты әр атты өзінше сынайды, кейде оларға «мынау нағыз жел табан екен», «әй, мынау қойдың аты», «бұл жануар бабын таппай қор болып жүр» деп «әттеген-айларын» айтып, көңілін құлазытатын. Ол үшін жылқыны көру – бақытты өмірді көру сияқты сезілетін.
Руханият • 10 Наурыз, 2022
Жүсіпбек Аймауытов және «Дәмелі»
Француз әдебиеті, оның ішінде прозасы үшін Мопассан қандай қадірлі болса, біздің прозамыз үшін Жүсіпбек Аймауытов сондай қымбатты. «Алаш» партиясы арқылы ел ісіне араласа жүріп, шығармашылығын да үлкен белеске көтерген жазушының артына қалдырған еңбектері туралы көп жазылды, зерттелді. Біз білетін жазушы, драматург, педагог Аймауытұлының тағы бір қыры аудармашылығы еді.
Руханият • 07 Наурыз, 2022
Әлқисса, сіздерге бір байдың қызы туралы айтсам деймін. Ол бұла өскенімен, жасынан өнерге, ғылымға аңсары ауған, оңы мен солын ерте таныған, тіпті қаршадайынан Еуропа мәдениетімен сусындаған, есейе келе туған елінің өнеріне ерекше үлес қосқан қарлығаштардың бірі болды.
Әдебиет • 01 Наурыз, 2022
Әлем әдебиетінде де, біздің әдебиетте де жаһандық екі үлкен соғыс туралы жазылған шығармалар аз емес. Күллі әлем оқырманы тұшынып оқып жүрген көркем шығарманың көбі осы үлкен соғыстарды арқау етті.
Әдебиет • 28 Ақпан, 2022
Елімізде әр жылғы көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күнімен басталады. Бұл күн – тыныштық пен берекенің, өзара қарым-қатынастың, сенім мен татулықтың мерекесі. Кезінде туыстарымен бірге Польша елінен Қазақстанға қоныс аударған Наталия Богданович өзін бағып-қаққан Дүрия атты әжеге алғысхатын жолдап, үшбу сәлем жолдаған құнды дерек Алматы қалалық Мемлекеттік архивінде ұзақ жылдар бойы сақталып келеді. Біз осы орталықтың бас сарапшысы Ләйла Қасымқызы ұсынған архив материалын оқырманға ұсынып отырмыз.
Әдебиет • 28 Ақпан, 2022
«Түрмеде өлеңдерімді сатқаным рас»
Джимми Сантияго Бака 1952 жылы Мексикада туған. Жастайынан жетім қалып, ата-әжесінің тәрбиесінде болған.
Өнер • 23 Ақпан, 2022
Киноға сценарий емес, ниет жетіспейді
Сөзді әуелі жазушы Бейімбет Майлиннің «Күлпашынан» бастайық. Театр сахнасына да, кино түсіру үшін де бұл шығарма сұранып-ақ тұр. Қазіргі көрермені көп кинолардың негізгі арқауы өмірде болған оқиғалар желісімен түсіріліп жатқанынан хабардармыз.
Руханият • 17 Ақпан, 2022
Біз қазақтың осыған дейін көрген қасіреті мен қиянатын, тауқыметін Жұбан ақынның «Мың өліп, мың тірілген» деген аталы сөзімен сипаттай саламыз, шындығында, біздің осы күнге жетіп, ұлт болып ұйысуымызға, жарық таңға жетуімізге «мың өліп, мың тірілу» дегеннің өзі аздық етердей. Даламыз бен пейіліміз қанша кең болған сайын тағдырдан, заманнан, адамнан, саясаттан көрген қитұрқылығымыз да соғұрлым шексіз болды.
Әдебиет • 15 Ақпан, 2022
Қазақтың «Хәрри Поттері» қашан жазылады?
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп» деген жақсы сөзі бар. Бұл сөз осы ұлы өнердің маңыздылығын айқындап беретін аксиома болмақ. Қазақ сөз өнерінің бір арнасы балалар әдебиеті екені баяғыдан мәлім. Біз сол арқылы өскелең ұрпақтың ертеңін бағамдап келдік. Аталған сала жылдан-жылға сан жағынан да, сапа жағынан да дамып келе жатқанына көз жұмуға болмайды. Десе де, көкейде жүрген түйткілдер де аз емес. Бүгінгі дөңгелек үстелге осы салада қалам тербеп жүрген жазушылар Молдахмет Қаназ, Толымбек Әбдірайым, Тұрсынбек Әлиұлы, Әлібек Байбол және Әдина Жүсіп қатысып отыр.