Сұхбат • Кеше
Жасанды интеллект медиа саласын қалай өзгертеді?
Қазақстанға жиырма жылдан кейін қонаққа келген халықаралық медиа сарапшы Юлия Бойл KAZVRDIA HOLDING ұйымдастырған The New York Times басылымының Turning Points:Global Agenda идеялары арқау болған Qazaqstan Next форумына қатысқан еді. Ол бізге берген шағын сұхбатында еліміздегі мәдени орта, жасанды интеллект пен жаһандық журналистиканың болашағы, сондай-ақ Қазақстан медиасының әлеуеті туралы ойымен бөлісті.
Басылым • Кеше
Баспасөз – ақпарат тарату құралы ғана емес, ұлттың тарихи жады мен рухани тұтастығын сақтайтын маңызды институт. Бұлай дейтініміз, шетелде өмір сүріп жатқан қазақтар өздері тұрған елде газет-журнал шығарып, ұлттық болмысты сақтауға ұмтылыс жасады. ХХ ғасырдың түрлі саяси, әлеуметтік сілкіністері салдарынан әлемнің әр түкпіріне тараған қазақ диаспорасына баспасөз ана тілі мен ұлттық тамырды сақтаудың басты тетігіне айналды.
Digital • 30 Қаңтар, 2026
Стартап олжасы – 80 миллион доллар
Инженер Ерзат Дулат негізін қалаған «Higgsfield» жасанды интеллект стартабы инвесторлардан 80 миллион доллар көлемінде инвестиция тартты. Осылайша, компанияның бағалануы 1,3 миллиард доллардан асып, ресми түрде «юникорн» санатына енді. Бейне контент өндіру саласына жаңа серпін әкелген жобаның соңғы инвестициялық айналымына «Accel», «GFT Ventures», «Menlo Ventures» секілді жетекші венчурлық қорлар қатысты.
Көрме • 29 Қаңтар, 2026
Будапешттегі Мажар Ұлттық музейінде Мажар мәдениеті күні аясында ұйымдастырылған «Аттила» атты халықаралық көрменің қонағы ретінде елімізден Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ахан Оңғарұлы, сондай-ақ осы мекеменің жетекші ғалымдары қатысты.
Әдебиет • 27 Қаңтар, 2026
«Мың бір түннен» шабыт алған Андерсен
Даниялық жазушы Ханс Кристиан Андерсен қиялдан туған ертегілері арқылы бүкіл әлемдегі балалар мен ересектердің назарын өзіне аударды. «Патшаның жаңа киімі», «Бұршақ үстіндегі ханшайым» сияқты шығармалары оның атын аспандатты. Балалық шағы кедейшілікте өткен оның өмір жолы «Ұсқынсыз үйрек» сияқты тамаша туындыларды жазуға тікелей әсер етті. Оның тынымсыз еңбегі мен асқақ қиялы көпке дейін шетқақпайланған, бірақ ақырында сұлу аққуға айналған кейіпкер туралы хикая жазуға шабыттандырды.
Әлем • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті
Үндістан астанасында өткен 11-ші Халықаралық ән-би фестиваліне (11th Music and Dance Festival) еліміздің өнерпаздары да қатысты. Аталған халықаралық алаңда қазақ өнерінің кең тынысы, кәсіби деңгейі мен заманауи үнқатысуы жарқын көрініс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қаңтар, 2026
Халықаралық деңгейдегі жетістік
Кейінгі жылдары еліміздің жас ғалымдары әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми дәрежелер алып, отандық ғылымның абыройын арттырып келеді. Солардың бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде докторлық оқуын сәтті аяқтаған Бауыржан Қазиев. Ол жуырда Ұлыбританияда PhD Viva қорғауынан сүрінбей өтіп, білім саласы бойынша философия докторы (PhD in Education) ғылыми дәрежесін алды. Бұл – жеке жетістік қана емес, еліміздің білім саласының халықаралық деңгейде мойындалуы болмақ.
Байқау • 17 Қаңтар, 2026
Бейжіңде туған қазақ актрисасы Риза Әлімжанқызы Қытай телеөнер саласындағы ең беделді марапат «Flying Apsaras Awards» сыйлығын жеңіп алды. Ол «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» атанды. Аталған драма 2021 жылдың қаңтар айында Қытайдағы бес ірі телеарнадан көрсетіліп, көрермен тарапынан жоғары бағаланды.
Басылым • 15 Қаңтар, 2026
Анкара университеті әлеуметтік ғылымдар институтының докторанты Наргиз Бекеннің «Қазақстан медиасындағы әйел болмысы» монографиясы түрік тілінде жарық көрді.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Кей адамның тағдырын бір ғана кездесу өзгертетін сәттер де болады. Бүгінгі кейіпкеріміз Акира Такегучидің де басынан өткен оқиғасы, әне, сондай бір қайталанбас шақтың белгісіндей. Ол алғаш домбыраны көрген сәтін әңгімелеуден жалыққан емес.