Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
197 материал табылды

Әдебиет • 19 Қазан, 2022

Ана және әдебиет

Ана. Осы бір жалғыз ауыз сөздің өн-бойына адамзаттың бүкіл ғұмыры, тағдыры сыйып-ақ тұр. Өмірге келесің, іңгәлайсың, жылайсың, күлесің, сосын адам қатарына қосыласың. Осы машақаттың бәрі ананың аялы қолынан, жылы қабағынан, ізгі жүрегінен өтеді.

Сұхбат • 19 Қазан, 2022

«Салтанат» – қайғылы, бойлауық күй»

Қазақтың төл өнерінің бірі саналатын күмбірлі күй біздің тарихымызбен біте қайнасқалы қашан. Оны атадан балаға жалғап, ел ішінде ұлықтап, болашаққа мұра етіп кеткен дана көкірек күйшілердің бірі – Төлеген Момбеков еді. Сүгірдің шәкірті болған Момбеков мұрасы ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылды. Біз біртуар күйшінің қызы Салтанат Момбековамен сұхбаттасып, әкесі туралы былайғы жұртқа беймәлім оқиғалар мен жылы естеліктерді оқырманға ұсынып отырмыз.

Сұхбат • 13 Қазан, 2022

Гүзәл Яхина: Еділ балалары да жақсылықтан үміттенді

Өткен жылы татар жазушысы Гүзәл Шәмілқызы Яхинаның «Зүлейханың оянуы» атты романы Қазақстанның «Фолиант» баспасынан жарық көрді (Қазақ тіліне аударған – Мақсат Дүйісмағанбет). Әлемнің 21 тіліне аударылып, үш жүз мыңнан астам тиражбен таралған. Гүзәл ханыммен сұхбаттасып, өз шығармашылығы, романдарының астары және қазіргі әдебиет туралы ой бөліскен едік.

Әлем • 06 Қазан, 2022

Нобель сыйлығын алған Энни Эрно кім?

Биылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Француз жазушысы Энни Эрно 40 жылдан бері Парижден 40 шақырым жерде орналасқан, 1970 жылдары құрылған жаңа қала Сержи-Понтуада тұрып келеді. Бүгін оның оқырмандары үшін шексіз қуанышты күн болмақ. Себебі, ол әлемдегі ең үлкен алпауыт сыйлықты еншілеп отыр. Ол  «Сыртқы көрініс» атты кітабында бұл жер кенеттен пайда болғанын, ондағы тұрғындарды және аялдамалардағы бейтаныс адамдарды сипаттай келе «Мен өзімді жер мен аспанның ортасында мүлде ешкімге ұқсамайтын елде жүргендей сезіндім» деп жазады.

Әдебиет • 06 Қазан, 2022

Нобель әдебиет сыйлығын Энни Эрно алды

Әдебиет саласы бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы 82 жастағы француз жазушысы Энни Эрноға бұйырды. Бағалау комиссиясы оның шығармашылығын «жеке жадтың және ұжымдық шектеулердің тамырын ашуда батылдық пен ептілік танытқаны үшін» бұл сыйлыққа лайық деп таныды.

Руханият • 05 Қазан, 2022

Есімнен кетпес Есағаң

Бесінші қазан қазақтың аса көр­некті ақыны Есенғали Рауша­новтың туған күні. Бекзат жырларымен оқырманын қуантқан ақын арамызда болса 65 жасқа толар еді. Құстың да тілін білген Раушановтың өлеңдегі бекзат болмысы, мінезі, адамдық қасиеті туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Бүгінде ақын айтқан әр сөз, ол жүрген әр көше мәңгілік естелікке айналды. Мынау жазба соның бір парасы іспетті.

Әдебиет • 04 Қазан, 2022

Биыл Нобель сыйлығын қай жазушы алады?

Жұртты елеңдеткен Нобель сыйлығы қазан айының басында жеңімпаздарға табыс етіледі. Әлемдік алпауыт марапаттың додасына түсіп жатқан кіл мықты қаламгерлердің қайсысының бағы жанар екен деген сауал әдебиетке қатысы бар әр жүректе білте шамдай жанып тұрғаны шындық. Кім алса да, қаламы қуатты, шығармасы арқылы адамзатқа ой салатын қалам иесі алғаны дұрыс.

Сұхбат • 02 Қазан, 2022

Елен Әлімжан: Жазушы жазу үстелінде құдіретті

Тәуелсіздік алғалы бері көркем әдебиетімізге жаңа романдар қосылды. Сол сүйекті шығармалардың бірі жазушы Елен Әлімжанның «Анажар» романы. Біз осы сұхбатымызда жазушымен өз шығармашылығы, қазіргі әдебиет туралы ой бөліскен едік.

Әдебиет • 22 Қыркүйек, 2022

Томас: көшпелілер туралы

Қазақ елінің арғы-бергі тарихын зерттеуге шетелдік ғалымдар да белсене кірісе бастағаны байқалады. «Көшпелілер және кеңестік жүйе: Ленин мен Сталиннің билеуіндегі Орталық Азия» деп аталатын еңбек осының бір дәлелі. Авторы – ағылшын тарихшысы Алун Томас.