Өнер • 13 Қараша, 2022
Астана қаласындағы Ұлттық музейде «National Geographic Photo Ark» көрмесі ашылды. Kazmedia Holding компаниясы ұйымдастырған, Қазақстанда алғаш рет өткізілген бұл көрме тұқымы құрып бара жатқан жан-жануарды суретке түсіріп, құжаттауды өзіне мақсат еткен «National Geographic» зерттеушісі, табиғат жанашыры, фотограф Джоул Сарторидың бүкіл дүние жүзінің хайуанаттар бағында, аквариумдарда және жабайы табиғат қорықтарында түсірген жұмыстарын негізге алады.
Сұхбат • 09 Қараша, 2022
Миеко Каваками: Роман жазу – от пен су кешу
Бізге Мұхтар Әуезов ашқан жапон әдебиеті бүгін қандай күйде? Әлем әдебиетінде орны бар жапон әдебиеті қазір көші ілгері жылжымаса, тоқырап қалған жоқ. Нобель сыйлығын алған жапон жазушыларының саны да көбейіп келеді. Сол үшін де төрткүл дүниедегі қалың оқырман қауым Күншығыс елі қаламгерлерінің шығармаларын оқуға құштар. Бір Муракамидің өзі бір елдің әдебиетін бүкіл жер жүзіне танытты. Оның соңынан ерген буын да осал емес, солардың бірі – жазушы Миеко Каваками. Ол Жапониядағы Акутагава және Танизаки атындағы әдеби сыйлықтарды еншілеген. Оның романдары әлемнің 26 тіліне аударылып, тұтас дүниені шарлап кетті. Ол бізге берген сұхбатында өз шығармашылығы, қазіргі жапон әдебиеті, роман жазу стилі туралы ойларымен бөлісті.
Өнер • 09 Қараша, 2022
Осыдан алты жыл бұрын тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша бір топ магистрант Еуропадағы бес елге сапарға шықтық. Прагадан Парижге баратын автобусқа билет алып, вокзалда екі сағат шамасында аялдадық. Әне сол сәтте мен әлемдік деңгейдегі үлкен әнші, актриса Уитни Хьюстонмен «таныстым». Оның әндері бірінен соң бірі Берлин вокзалының үлкен экранында қойылып тұрды. Тіпті соның концерті болып жатқандай жұрт зейін қоя тыңдап отыр. Аздаған мәдени-шоктарға қарамастан, біз де Хьюстон әлеміне енуге тырысып көрдік. Сөйтсек, ол биік те мәртебелі әнші екен.
Әдебиет • 06 Қараша, 2022
Әдебиет • 19 Қазан, 2022
Ана. Осы бір жалғыз ауыз сөздің өн-бойына адамзаттың бүкіл ғұмыры, тағдыры сыйып-ақ тұр. Өмірге келесің, іңгәлайсың, жылайсың, күлесің, сосын адам қатарына қосыласың. Осы машақаттың бәрі ананың аялы қолынан, жылы қабағынан, ізгі жүрегінен өтеді.
Сұхбат • 19 Қазан, 2022
«Салтанат» – қайғылы, бойлауық күй»
Қазақтың төл өнерінің бірі саналатын күмбірлі күй біздің тарихымызбен біте қайнасқалы қашан. Оны атадан балаға жалғап, ел ішінде ұлықтап, болашаққа мұра етіп кеткен дана көкірек күйшілердің бірі – Төлеген Момбеков еді. Сүгірдің шәкірті болған Момбеков мұрасы ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылды. Біз біртуар күйшінің қызы Салтанат Момбековамен сұхбаттасып, әкесі туралы былайғы жұртқа беймәлім оқиғалар мен жылы естеліктерді оқырманға ұсынып отырмыз.
Сұхбат • 13 Қазан, 2022
Гүзәл Яхина: Еділ балалары да жақсылықтан үміттенді
Өткен жылы татар жазушысы Гүзәл Шәмілқызы Яхинаның «Зүлейханың оянуы» атты романы Қазақстанның «Фолиант» баспасынан жарық көрді (Қазақ тіліне аударған – Мақсат Дүйісмағанбет). Әлемнің 21 тіліне аударылып, үш жүз мыңнан астам тиражбен таралған. Гүзәл ханыммен сұхбаттасып, өз шығармашылығы, романдарының астары және қазіргі әдебиет туралы ой бөліскен едік.
Әлем • 06 Қазан, 2022
Нобель сыйлығын алған Энни Эрно кім?
Биылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Француз жазушысы Энни Эрно 40 жылдан бері Парижден 40 шақырым жерде орналасқан, 1970 жылдары құрылған жаңа қала Сержи-Понтуада тұрып келеді. Бүгін оның оқырмандары үшін шексіз қуанышты күн болмақ. Себебі, ол әлемдегі ең үлкен алпауыт сыйлықты еншілеп отыр. Ол «Сыртқы көрініс» атты кітабында бұл жер кенеттен пайда болғанын, ондағы тұрғындарды және аялдамалардағы бейтаныс адамдарды сипаттай келе «Мен өзімді жер мен аспанның ортасында мүлде ешкімге ұқсамайтын елде жүргендей сезіндім» деп жазады.
Әдебиет • 06 Қазан, 2022
Нобель әдебиет сыйлығын Энни Эрно алды
Әдебиет саласы бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы 82 жастағы француз жазушысы Энни Эрноға бұйырды. Бағалау комиссиясы оның шығармашылығын «жеке жадтың және ұжымдық шектеулердің тамырын ашуда батылдық пен ептілік танытқаны үшін» бұл сыйлыққа лайық деп таныды.
Руханият • 05 Қазан, 2022
Бесінші қазан қазақтың аса көрнекті ақыны Есенғали Раушановтың туған күні. Бекзат жырларымен оқырманын қуантқан ақын арамызда болса 65 жасқа толар еді. Құстың да тілін білген Раушановтың өлеңдегі бекзат болмысы, мінезі, адамдық қасиеті туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Бүгінде ақын айтқан әр сөз, ол жүрген әр көше мәңгілік естелікке айналды. Мынау жазба соның бір парасы іспетті.