Таным • 13 Қаңтар, 2023
Қазақшаға аударылуға тиіс он кітап
Шыны керек, біздің қоғамның қазіргі жетістіктерінің басында кітап тұр. Сол үшін де әлемнің ардақты данышпандары мен оқымыстылары бар білгенін ақ қағаз бетінде жазып қалдырып кетті. Заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген өрелі сөзі биік парасаттылықтың, терең ойдың көзқарасы екенін аңдайтын кез келді. Қай заманда да оқырманның қалауы жақсы кітап болған. Біз бүгін әлемдік әдебиетте орны бар, бірақ әлі күнге дейін қазақшаға аударылмаған романдар туралы сөйлемекпіз.
Руханият • 11 Қаңтар, 2023
Грек текті музыкант Яннидің жанды тербер музыкалары оның өз елінің шекарасынан ендей өтіп, күллі әлемді бағындырғалы көп жыл болды.
Әдебиет • 11 Қаңтар, 2023
Молдахмет Қаназ, жазушы: Дұрыс қоғам әдебиетті өгейсітпейді
– Біздің әдебиетіміздегі көптеген жақсы туынды кешегі кеңес өкіметі кезіндегі цензура, саясат деген боран-шашынның ішінде жазылса да, жақсы дүниелер өмірге келді. Ал қазір неге сол белесті бағындыра алмай жатырмыз? Жазуға құлық жоқ па, әлде тақырып таусылды ма? – Көзін құртып, түгелдей өртеу керек дегенді құлақ шалған емес, алайда сол кеңестік кезеңдегі шығармалар біздің былайғы өмірімізге жарамсыз деген «Американы қайта ашқан» пікірлерді ести бастағанымызға жиырма жеті жыл, алты ай, он жеті күн... Әдебиет теориясында «қоғамдық сұраныс» деген ұғым бар. Әр қоғамның өз мүддесі бұның сыртында. Қыз малға сатылып, болашақ ана бас еркінен айырылды. Біздің прозаның бастауында тұрған «Қалың мал» романының жазылуы содан. Ресейлік капитализм мүлде шегіне жете шіріп, төңкеріс қажеттілігі шындыққа айналды да қоғам бүлінді. «Ана» романы жазылды. Талантты ақын концлагерьге түсті. «Моабит дәптері» жазылды. Қала 872 күн қоршауда қалып, тұрғындардың бастарына күн туды. «Лениградтық өрендерім» жазылды. Ғасырлар бойы далалық дәстүрмен тіршілік етіп келе жатқан елге өндіріс келіп, кәдімгі жұмысшы табы пайда бола бастады. «Қарағанды» жазылды.
Әдебиет • 09 Қаңтар, 2023
Заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің «Ардақ» атты әңгімесінде: «Қожа шешесінің қабірін жалғыз қазды. Тас шыққан жоқ, суыр топырақты жұмсақ екен. Жаңа ғана көмілген жас қабірдің басында үшеу тұр: Қожа, әйелі және төрт-бес жасар Ардақ. Өлі-тірінің не екенін парықтауға жетпеген сәби, жаңа ғана ұйқтап жатқан әжесінің, анау топырақтың астында көміліп қалғанын байыптай алмай аң-таң. Бала тілімен балдырлап, қайта-қайта қабірді ымдап көрсете береді. Қожаның ойы алай-дүлей. Ол шешесімен ұзақ бақылдасып, ағыл-тегіл сырласқысы, әрі қарай тіршілік кешудің жөн-жосығын сұрағысы келді-ақ. Ананың асылдығы тірі кезінде білінбейді екен. Кімнің болсын, көзі тірісінде қадірі болмайды ғой», деген көкіректі ашытар сөйлемдер бар.
Руханият • 27 Желтоқсан, 2022
Тынық мұхитындағы домбыра-көпір
Қазақ қайда жүрсе де – қазақ. Ол болмысымен, мінезімен, тіпті іс-әрекетімен елден ерекше. Қазіргідей озық заманда өзге жұртпен терезесі тең тұрарлық деңгейдегі жетістіктерге жеткен қазақ баласын естісек, алыста болсақ та, тақым қысып, алақайлайтын болдық. Бұл сезім – бауырмалдықтың, тұтастықтың бір парасы.
Әлем • 16 Желтоқсан, 2022
Филадельфияда Қазақстан туы желбіреді
15 желтоқсан күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Ту көтеру рәсімі өтті. Таңғы сағат 10:00-ден бастап Қазақстанның және АҚШ-тың жалаулары бар автомобильдер кортежі Бастлтон авенюден қала орталығына дейін жүріп өтті.
Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2022
Шығарма сыншылар үшін жазылмайды Біз өмір сүріп жатқан қоғамның әр мәселесіне диагноз қоя алатын екі адам болса, соның бірі – қаламгерлер. Олардың адамның жан дүниесіне терең бойлайтын өзгеше қасиеті де – зерттеуге тиісті құбылыс. Өткен күндердің, ғасырлардың қалай болғанын, сол шақтағы адамдардың мінез-құлқы мен тұрмыс-тіршілігі қандай деңгейде екенін, әрине, біз жазушылардың жазбаларынан, ақындардың асқақ жырларынан оқи аламыз. Қаламгерлер үшін күнделік жазу – қоғамның әр сәтін болашаққа хабарлау.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2022
Заңғар жазушы Әбіш Кекілбайдың «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана» деген парасатты сөзі кітап пен кітапхананың біздің өміріміз үшін қаншалықты маңызы зор екенін түсіндіріп бере алады. Қалай десек те, біздің әр жетістігіміздің түп қайнары ғасырлар табы түскен, сарғайған парақтар мен соны сақтайтын «жүрегі бар үйлердің» еншісінде екені шындық.
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
Ол бір әңгімесінде «Кейіпкерлерім өтірікті кешіре алмайды» деп жазыпты. Рас, кейіпкеріне өтірік айтқызған жазушының әдебиетте жолы болған емес. Болмайды да. Кейде мимырт тірліктен шаршап, демалу үшін оқитын дүниелер іздейміз. Қайта-қайта кеңес өкіметін сағынып, ол кезде қаламақы деген көп еді деп аузының суы құритын қартаң қаламгерлердің шығармаларының көбін оқып болғанбыз, енді бізге керегі өз замандастарымыздың жазғандарымен танысу. Шыны керек, қазір прозада есімі жиі аталатын қаламгердің бірі – Бақытгүл Сәрмекова. Оның әр шығармасынан қазіргі қоғамның ащы шындықтары айқай салып тұрады. Кейіпкерлері де біртүрлі, есімдері Итбай, Жарбагүл, Жақаш болып кете береді. Қаламгер жағымсыз кейіпкерлердің аттары оқырман ойында жатталып қалатынын ескерсе керек.
Әдебиет • 15 Қараша, 2022
Трейси Чи және «Біз азат емеспіз»
Бір роман – бір әлем. Кейде бір жақсы кітап бір ұлтты, бір мәдениетті өзгелерге танытып жатады. Бұл қазіргі қалыптасқан құбылыс. Жапон жазушысы Трейси Чидің «Біз азат емеспіз» атты романы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Америка Құрама Штаттарында жаппай түрмеге қамалып, тағдыры талқыға түскен екінші ұрпақ жапон-америкалық жастардың өмірінің қалай өзгергені, Сан-Францискодағы Жапонтаун қаласында бірге өскен он төрт жасөспірімнің қоғамға көзқарасы туралы шығарма. Олар өзара қайшылықта болса да, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді.