Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
278 материал табылды

Мирас • 30 Қазан, 2024

АҚШ зерттеуіндегі қазақ қолөнері

Өркениеттің бір өзегі ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары екенін қарт тарихтың өзі әлдеқашан дәлелдеп үлгерді. Ежелгі заман­да әр халық ой-санасының күшімен, ақыл-пара­са­тының көмегімен хал-қадерінше рухани ұмтылыс жасап, мәдениет қалыптасты­руға ниеттенді. Соның нәтижесінде, әлемді өзгерт­­кен жаңа дүниелер жарыққа шықты. Атарбадан әуеге көтерілген алып құсқа дейін (ұшақ) адамзат баласының қаншама ақыл-ойы жұмсалғанын зерделеудің өзі үлкен еңбекті қажет етері анық.

Таным • 29 Қазан, 2024

Француз ғалымы Бекмахановты неге іздеді?

Джордж Вашиңтон универ­си­тетінің Гельман кітапхана­сында сақтаулы тұрған өзге Ба­тыс елдерінде басылған ескі кітаптарда да қазаққа қатыс­ты деректер жетерлік. Соның бірі – 1959 жылы Па­риж­де жарық көрген француз зерттеушісі Марсел Эгре­таудтың «Шығыс Совет: Қа­зақстан, Өзбекстан, Қырғыз­стан, Тәжікстан, Түрік­мен­стан, Әзербайжан» атты ең­бегі. Аталған кітабында шы­­ғыс­танушы ғалым сол кез­де­гі кеңес одағына қарасты рес­публикалардың қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы нанымды зерттеу жасағанын түсіндік. Ал бізге керегі аталған кітаптағы қазаққа қатысты деректер еді.

Кітапхана • 25 Қазан, 2024

Конгресс кітапханасына кітаптар табысталды

Республика күніне орай Халық­аралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақстанның АҚШ-тағы елші­лігі әлемдегі ең үлкен кітапхана саналатын – АҚШ Конгресі кітапханасының қорына қазақ тілі, руханияты мен мәдениеті үшін аса маңызды бірқатар кітап тапсырды.

Қоғам • 25 Қазан, 2024

Мәдениеттер тоғысындағы кездесу

Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Астанадағы ÖzgeEpiс креатив хабына арнайы қонақ ретінде келіп, бірқатар мәдени, шығармашылық жобаларды тамашалады. Бұл сапар мәдениетаралық диалогтің, өнер мен білімнің өзара байланысын нығайтудың айқын көрінісі. Елші Розенблюмге кеңістіктің негізін қалаушылар апалы-сіңлі Тоғжан және Мақпал ханымдар креатив хаб жұмысын таныстырды.

Технология • 23 Қазан, 2024

Жасанды зерденің ерекшелігі

Окленд университетінің профессоры, неврология, когни­тивті психология және білім саласының танымал сарапшысы, «Қалай оқуды үйренеміз?» ашық онлайн курсының авторы Барбара Оакли қазір қоғамда ашық қолданылып жатқан жасанды интеллектінің рөлі мен оның білім жүйесіндегі қолданылуы туралы «Zoom» қосымшасы арқылы семинар өткізді. Ол осы салада ұзақ жыл жұмыс істеп келе жатқанын айтып, қазір заманға сай жарыққа шыққан қосымшаларда тілдік модельдің өте креативті екенін жеткізді.

Қоғам • 22 Қазан, 2024

Вашиңтоннан сөйлеп тұрмыз...

Мұқағалидың америкалық оқырманы Сол күні сабаққа кешігіп бардым. Кешіккен мен емес, Вашиңтон метросы еді. Біздің топпен кездесуге келген америкалық журналист сөзін аяқтады да, маған қарай бұрылды. «Сіз өлең жазады екенсіз ғой, Мақатаевты білесіз бе?» деп маған қарай жақындады қартаң әйел. «Білгенде қандай, күллі қазақ ол кісінің өлеңдерін жатқа оқиды», дедім.

Таным • 12 Қазан, 2024

Қазақ киносы АҚШ ғалымының көзімен

Джордж Вашингтон уни­вер­ситетінің профессоры Пи­тер Роллбергтің «Совет­тік Қазақстанның кино өнері» атты монографиясы – Батыс әлеміндегі Ор­талық Азия ел­де­рінің мәдениетіне қызы­ғушы­ларға таптырмас оқулықтың бірі.

Әдебиет • 11 Қазан, 2024

«Тіл – екі жүзді қылыш, оны ұстай алмайсың»

Жыл сайын берілетін әдебиет саласы бо­йынша Нобель сыйлығын биыл Оңтүстік Корея жазушысы Хан Каң алды. Ол – осы елдің аталған алпауыт сыйлықты жеңіп алған тұңғыш қаламгері.

Сұхбат • 10 Қазан, 2024

«Тіл – екі жүзді қылыш, оны ұстай алмайсың»

Жыл сайын берілетін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын биыл Оңтүстік Кореялық жазушы Хан Каң алды. Ол осы елдегі аталған алпауыт сыйлықты жеңіп алған тұңғыш қаламгер.

Ғылым • 09 Қазан, 2024

Зерттеу нысанасы – АҚШ-тағы қазақ диаспорасы

Алуан тағдыр жетелеп, төрткіл дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қазақтың тұлымды ұлдары мен бұрымды қыздары бұл күн­дері әлемнің әр елінде білім алып, тіпті сонда қоныс теуіп, қызмет етіп жүр. Еліміз тәуел­сіздігін алғаннан кейін шетелдердегі этностық қазақтардың саны өспесе, кеміген жоқ. Сол үшін де кезінде шетел­дегі қазақтарды тарихи отанына қайтару күн тәрті­біндегі маңызды шаруаның біріне айналды.