Білім • 05 Қараша, 2025
Кейінгі жылдары отандық ғылымдағы зерделі жас зерттеушілердің жетістіктеріне тәнті боласыз. Солардың бірі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, химия саласынан PhD Мөлдір Әбдірайымова.
Архив • 04 Қараша, 2025
Қазақ тарихында танымал спорт шебері ретінде аты қалған Мұстафа Өзтүріктің руханиятқа да жүрегі жақын болғаны шындық. Спорт саңлағының тіршілігінде көптеген қаламгермен, өнер адамдарымен бірге жүргені хақында да жиі естиміз. Соның айғағындай, бүгінгі жазбамызда біз М.Өзтүрікке тарту етілген кітаптардағы қолтаңбалар туралы айтпақпыз. Бұл деректерді Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Түркия төрінен арнайы жіберді.
Әдебиет • 01 Қараша, 2025
Зерделеп көрсек, музыка мен әдебиеттің үнсіз үйлесімі көптеген әдеби шығармада көрініс тапқан екен. Ондағы терең эмоцияларды қозғайтын бөлекше сезім, қоғамдағы мәселелерді қаз-қалпында суреттейтін ерекше күш те ақ қағаз бетінде сөйлегелі талай ғасырдың жүзі болыпты.
Көрме • 30 Қазан, 2025
Франкфурттағы халықаралық кітап көрмесі
Шыны керек, адамзаттың осы күнгі жетістіктері кітаппен тікелей байланысты. Керек десеңіз, кейбір кітап әлемді өзгертуге тікелей себепкер болған. Мысалы, Гутенберг 1455 жылы басып шығарған алғашқы Библия адамзат тарихындағы баспа дәуірінің бастауына айналды. Ол кітап басу ісінде төңкеріс жасап, білім мен мәдениеттің таралуын жылдамдатты. Содан бері адам баласы тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірінде кітаптан құндылық тапты, үйренді, табысқа жетті. Бір сөзбен айтқанда, кітап өмірдің бір бөлшегіне айналды.
Әлем • 22 Қазан, 2025
Франкфуртта Абай үні қалықтады
Франкфурт қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ғимаратында қазақ руханияты мен мемлекеттілігіне арналған тағылымды рухани кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 22 Қазан, 2025
«Ібіліс биі»: үміт пен адам тағыры
Жақында ғана Нобель сыйлығын қанжығалаған мажарстандық жазушы Ласло Краснахоркайдың әлемге танымал романы «Ібіліс биі» – әдебиет пен философияның үйлесімінен туған ерекше туынды. Автор бұл шығармасында белгілі бір би ырғағын еске түсіреді. Осы бір тұйық әрі беймәлім құрылым романның ішкі әлемін, ондағы кейіпкерлер тағдырының мәнін айқындайды. Кейіпкерлер үміт қуған сайын күйзеліске көбірек түседі, қашқан сайын сол баяғы басталған жеріне қайта оралады. Қазақтың «дүние – дөңгелек» деген бір ауыз сөзінің қандай ғаламдық философияға айналғанын еске түсіріңіз.
Әдебиет • 16 Қазан, 2025
Қазақстан Франкфурт Кітап көрмесінде: Ұлттық әдебиет – халықаралық аренада
15–19 қазан күндері Германияның Франкфурт қаласында өтетін «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесінде Қазақстан өз ұлттық стендін ашып, отандық баспалардың жаңа туындыларын әлем жұртшылығына таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Архив • 09 Қазан, 2025
Мұстафа Шоқайдың АҚШ-тағы кітапқа енген суреті
Америкада білім алып жүргенде жинаған ұлтымыз туралы деректер қоржынын ақтарып, оқырманға ұсынудан жалықпаймыз. Мақсат – қилы кезеңде тарыдай шашылған қазақтың алыстағы деректерін елге жеткізу. Бірде Вашиңтон қаласындағы ескі кітаптар дүкеніне бас сұқтым. Екі қабаттан тұратын дүкен бүкіл әлемнің рухани байлығын бойына жинап алғандай. Сөрелерде әр елдің тарихы мен тағдырынан сыр шертетін кітаптар дестеленіп тұр.
Әдебиет • 08 Қазан, 2025
Биылғы Нобель әдебиет сыйлығын кім алады
9 қазан күні әлем жұртшылығы әдебиет саласындағы ең беделді марапат Нобель сыйлығының иегерінің есімін білмек. Бұл күнді жыл сайын әдебиетсүйер қауым асыға күтеді. Жеңімпаз 11 миллион швед кронын (шамамен 1,2 миллион АҚШ доллары) қалтасына салады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 08 Қазан, 2025
Біздің ғасыр ғылым мен технологияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде есте қалары сөзсіз. Әсіресе ғарыш саласы бүгінде мемлекеттердің даму деңгейін көрсететін стратегиялық бағыттардың біріне айналды. Ғарышты игеру тек қана жаңа ғылыми жаңалықтарды ашу емес, сонымен қатар елдің экономикалық, қорғаныстық және технологиялық әлеуетін арттыратын маңызды қадам.